• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Сөз – құдірет

    Сөз – құдірет

    Ақан серінің нақыл сөздері

    Ақан сері Қорамсаұлы — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Жұртшылыққа кең танылып, «Ақан сері» атануы және атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Көкшенің сұлу табиғатын албырт сезімге, әсерлі музыка үніне бөлеп, артына талай мұра қалдырып кетті. ...

    Read More »

    Сөзге жауап тапқан жігіт

    Бір бай қонақ қондыруға өте тар адам екен. Елінің салты бойынша қызы айтқан өлеңге жауап тауып айта алмаса, беттеп келген қонақ ауыл иесінің қондырмағанына кінә қоя алмай, кете беруге тиісті екен. Сол қыздың өлеңіне ілік тауып айта алмай, талай қонақ қона алмай кетіпті. Сондағы қыздың өлеңі: «Өнер тапса жігіттің бағы болды, Кеше келіп қонақтар тағы болды. Ай топырды күн сайын ...

    Read More »

    Оғыз Доған. Ұлы далаға ашық хат…

    Тәңірім сені жіберді 16 Желтоқсанда! Ең әуелі кішкентайлардың жүздерінен сүйіп, үлкендердің алдында құрметпен бас иемін. Қол-етекті сүйгіздірмессің, бұны білем… Қалың қалай? Анам, сүйіктім, Отаным – Қазақстаным, қалайсың?.. Әрдайым жақсы бол, жарай ма? Менің қалымды сұрасаң, білгеніңдей, тағы жалғыз, тағы сенсіз, тағы басы дертте… *** Өзімді білетін 3 жасымнан бері барсың мен үшін. Анамның «қайдасың?»-дарында, «айналайын»-дарында, «жүр, балам, жат, балам»-дарында барсың… ...

    Read More »

    Ұлт ретінде ұлыларды ұлықтай білейік – Махат Садық

    Алматы. 1990 жыл. Жаз. Желтоқсан көшесі 177-дегі ТВ мен Радио үйінің кіре берісінде СССР халық депутаты значогін таққан Мұхтар Шахановты күзеттегі екі милиционер ішке жібермей тұр екен. “Айпырмай, Сағат қайда, Сағат”-, дейді даңқы дүрілдеген ақын. Сірә, Мәскеудегі СССР Халық депутаттарының мәжілісінен келе сала, Алматыны ауылындай көріп, рухы бір достарын кезек-кезегімен, алдын-ала хабарласпай аралап жүрсе керек. Жағдайды лезде түсіндім. Күзетшілерге мені ...

    Read More »

    Асқар Жұмаділдаев: Бүкіл ғылымның барлық ана тілінде оқытылуы керек

    Бүгін Алматыдағы «Астана» қонақ үйінде «Қазақтың тілі мен тарихы – ұлттың алтын қазығы» деген тақырыпта қоғамдық талқылау өтті. Жиында академик Асқар Жұмаділдаев сөз сөйлеп, өз пікірін білдірді. – Кеше ғана ғылыми жиналыс болды. Сол жиында мен бір сағаттық баяндама жасадым. Баяндаманың тақырыбы: «Математиканы қазақ тілінде оқытуға бола ма, болмай ма?». Әрине, бұл қандай ақмағи сұрақ деп ойларсыздар. Өкінішке орай, XXI ғасырдың басында осы ...

    Read More »

    Сынды ұнатпайтын адам шындықты да ұнатпайды

     «Жас Алаш» газетінде жарияланған «Сөз танитын көз керек» мақаласынан басталған қаламгерлерідің сөз сайысы одан әрі жалғасын тапты. Назарларыңызға Несіпбек Айтұлының «Өзің диуанисың, кімге пір боласың?» мақаласына Мырзан Кенжебайдың жауабын ұсынып отырмыз. Қазақстан Жазушыларының Құрылтайы қарсаңында Қуанышымда шек жоқ! Бүгінгі қазақ әдебиетінің, әсіресе, поэзияның жай-жапсары, пікірталастар, көзқарастар әртүрлілігі, нақты әдеби сынның жоқтығы, «Алаш», Мемлекеттік сыйлық дегендердің кейде бармақ басты, көз қыстылықпен берілетіні сияқты ...

    Read More »

    Өзің диуанасың, кімге пір боласың?

    Мырзан Кенжебайға жауап Мырзан! Мың жерден арпалысқаныңмен, Аманханды ми батпақтан алып шыға алмайсың. Мұның бос әурешілік. Оған ара түскен болып, мені ағаш атқа мінгізгің келгені – далбасалық. Оны қыздың баласындай мәпелеп бақсаң да, алпыстан асқан шағында қазақтың қара тілінің қазанын қайната алмайды. Осы күл тасығаны – тасыған. Менің мақаламның шымбайына батқаны сонша – ол артымен сүңгіп, сасқан үйректің кебін киді. ...

    Read More »

    Әр адамның өз міндеті бар

    Әр пенденің дүние есігін ашқан сәттен бастап, ақырғы демі біткенге дейінгі тірлігінде атқаратын жұмыстары, мойындарына жүктелген міндеттері болады. Ведалық ілімде бұны –дхарма деп атайды. Бұл міндеттер ешқандай конституцияда немесе заңда жазылмаса да, діни шарттарда белгіленбесе де , оны әрбір адам өзі іштей түйсінеді. Міндетті орындамаудың салдары Пенде мойнына жүктелген табиғи міндеттерін орындамайтын болса, оның зардабын өзі де, айналасындағы басқалар да ...

    Read More »

    ҚАЗАҚТЫҢ «І» әрпін ҚАЙТАРЫП, екі диграфтан ҚҰТҚАРЫҢЫЗДАР!

    ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ ҚАЛЫПҚА ТҮСКЕНМЕН, ҚАЙТА ҚАРАР ӘРІПТЕР БАР… Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия назарына Қазақтың латын графикасына негізделген жаңа әліпбиін қабылдау – жалпыхалықтық  қолдауға ие болып, жаппай талқылау өзегіне айналды. Ең бірінші қазақша төл әріптерді диграфпен таңбалаған әліпби қоғамда қатты қарсылыққа ұшырады. Екінші рет өзгертіліп, латын графикасына өту туралы Президент Жарлығымен жарияланған апострофты нұсқаның да, қолдану ...

    Read More »