• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар (страница 157)

    Айдарлар

    Жабайы жағажай кімді жарылқайды?!

    Асан қайғы ағат айтқан емес. Жаратқан қазаққа жерұйықтай жер беріп жарылқады. Атыраудан Алтайға дейінгі аймақты араласаңыз, күллі дүниенің көркемдігіне айырбастамас табиғаттың кереметтеріне кезігесіз. Жиып қана қоймай үйіп, үйіп қана қоймай көзі қиып бере салған ба дерсіз?! Дей тұрғанмен, жаз шықса болды, елдегі ақшалылар Антальяны алыс көрмейді, шамасы жеткендер Швейцариядан бір-ақ шығады. Ал Сіз ше? Күрмеуге келмейтін қысқа жіп секілді еңбекақыңызбен ...

    Толығырақ »

    Тастан өрiлген мың баспалдақ…

    Тастан өрiлген мың баспалдақ… алғашқы iргетасты қалағанда сұлулыққа ынтыққан бас шебердiң көңiлiндегi сезiмдi ғажайып ғимараттың әрбiр қаланған қыш, айшықталған өрнегiмен жеткiзудi армандаған Хасан ұстаның тастан өрген баспалдағы мың бiрге жетпегенi несi? Қара шал оюлы есiктен iшке ендi де қалт тұра қалды. Сосын күбiрлеген күйi ұзақ аялдады. Күбiр-күбiр әдемi әуен кiмдi де болса елiте түсетiндей. Әлден уақыттан кейiн қарсы алдындағы жоғарыға ...

    Толығырақ »

    Әрі ғалым, әрі батыр азамат еді

    Өткен 2014 жылдың   қаңтар айының 8 күні тарихшы-ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Атабаев Қамбарбек Махамбетұлы  жасы 66-қараған шағында  өмірден өтті. Қазастанның тарих ғылымындағы Қ.Атабаевтың еңбегінің ерекшелігі – осы ғылымда пайдаланылатын дерек көздерінің өзіне талдаулар жасау арқылы шынайылығы жоғары мәліметтерге жетуді мақсат тұтқан ғылым саласы – Деректанумен  айналысқандығы.  Ол соңғы 20 жыл көлемінде осы сала бойынша 2 ғылыми монография, «Қазақстан тарихының ...

    Толығырақ »

    Айқайқұм

    Әншi тау… Шағыл төбенiң беймәлiм үнi. Қалқан тауының қойнауындағы құм төбе ән салады, сенесiз бе, бiрде гүрiлдеп, бiрде айқайлап, бiрде әдемi әуеннiң қайырымын қайталағандай… Әншi тау… Айқайқұм жұмбақ сырын iшке бүге түседi, қызық-ай, шағыл төбе ән салып жатыр… Қара желден бұтақтары дiрiл қаққан төрт түп сексеуiлдiң жанына жеткенде сәл кiдiрдiм. Ары қарай құм төбенiң етегiн қымтаған қалың қар. Қарауыта түнергендей ...

    Толығырақ »

    Шарын

    Әлемге әйгiлi каньондар… Осы сәт қиыр шеттегi Колорадо есiңiзге түсер. Сол Колорадоның айнымас бөлшегiндей жер шарының өзге жартысында Шарын жатыр. Шын мәнiнде Шарын аңғары да табиғаттың сұлулығы ретiнде өзiне қызығушыларды ынтықтырады. Өзгеше тылсым өрнегiмен тамсантар Шарынның қызғылт қамалдары жұмбақ дүниенiң есiгiн ашардай мен мұндалап аңсарыңды аудара бередi. Бұл өңiрде алып таулардың керiм келбетi көз қарықтырады. Ақ бас шыңдардың сұлу суретi ...

    Толығырақ »

    Жидебайдың қадіріне жеттік пе?

    Абай, Шәкерім, Мұхтар… Ұлтымыздың төлқұжатына баланған осынау ұлы есімдерімен үнемі қатар аталатын, егіз ұғымға айналған қасиетті мекен бар. Ол  ұлылардың өлкесі Жидебай. Жидебай қандай жер? Жидебайды біз қалай түсінеміз? Қасиетті жердің қадіріне жетіп жүрміз бе? Әлде Жидебай әлдекімдер ойлағандай Абай оқуларын өткізіп, кесенелерді аралап, мұражайды жағалап, сейіл-серуен құрып қайтатын жер ме? Ұлылар туған өлкені ұлықтасақ… Тарихи деректерге жүгінсек, «Жидебай  Бөрілі» ...

    Толығырақ »

    Үш жүз алпыс екi әулиелi Маңғыстау

    Соңғы кезде “Үш жүз алпыс екi әулиелi Маңғыстау” деген сөз қайдан шыққан? Сонда Маңғыстауда соншама көп әулие жатыр ма? Ал солай болған күнде, олардың атын атап, түсiн түстеп беретiн адам баласы табыла ма?” деген сұрақ жұртшылық арасында жиi айтылып жүргенiн құлағымыз шалып жүр. Тiптi бұл сөздi кiм болса сол қазбалап, кез-келген отырыстар мен жиындарда әңгiме арқауы етiп, осы топырақта туған ...

    Толығырақ »

    Аралбай жырау жырындағы көне сөздер

    Қазақ даласында елі алақанына салып құрметтеген ақын-жыраулар, би-шешендер, жыршылар, өнер саңлақтары көп болғаны тарихтан мәлім. Олардың ғажайып шығармашылық өмірлері бүгінгі күн тұрғысынан алғанда терең зерттеуді қажет етеді. Әсіресе, ақын-жыраулардың тілі, сөз қолдану шеберліктері әлі де ашылмай жатқан кеніміз іспетті. Солардың бірі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Маң­ғыстау өңірінде өмір сүрген атақты Арал­бай жырау Оңғарбекұлының шығарма­шылық мұрасы ...

    Толығырақ »

    Қасиетті Құлсары адыры

    Ежелден қазақтың мекені болған Қызылжар топырағында қасиетті жерлер өте көп. Солардың бірі – қазіргі Есіл ауданына қарасты Бұлақ ауылының жанындағы Құлсары батыр жерленген адыр. Құлсары Абылай хан тұсында жауға қарсы қол бастаған батырлардың бірі болған және оның ержүректігімен қоса, әулиелік қасиеті жайында да аңыздар бар.  Бүгінде дендеріне шипа іздеген жандар еліміздің түк­пір-түкпірінен келіп, әулиенің басына қонып, Ал­ла­дан жандарына медет тілейді. ...

    Толығырақ »