• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар (страница 135)

    Айдарлар

    Клара ТӨЛЕНБАЕВА, әнші: Дәстүрлі ән өнерінің болашағы жарқын

    – «Өнер жолы – ауыр жол» деп жатады ғой. Сіз өнерге қалай келдіңіз?– Мен Семей облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келдім. Осында балалар музыка мектебінде тәлім алдым. Он бір жылдықты бітірген соң, анамның қалауымен Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге оқуға түстім. Көңіл қалауы бәрібір өз дегенін жасатады екен. Колледжде оқып жүріп, дәстүрлі әннің насихатшылары М.Ешекеев, К.Өлмесеков сынды ағаларымнан дәріс алдым. Педагогикалық ...

    Толығырақ »

    «Кейде мен де «халық әндері өліп кете ме» деп қорқамын…»

    Келденбай ӨЛМЕСЕКОВ, дәстүрлі әнші: — Келденбай аға, жұртшылық сізді әуелден-ақ дәстүрлі ән өнерінің белгілі өкілі ретінде жақсы біледі. Бірақ соңғы жылдарда арнайы лекция-концерттер берумен ерекшеленіп жүрсіз. Жалпы, оқырман қауымның өзіңізді кім деп қабылдағанын қалайсыз? — Мен, негізі, әншімін. Соңғы 20 жылда Шәкәрімнің әндерін жинастырып, орындап жүргеніме байланысты, кейбіреулер «зерттеуші» деп те есептейді. Алайда мен ғалым емеспін. Дәстүрлі өнердің өкілі әрі ...

    Толығырақ »

    Ән – Қазақтың ұлттық ажары

    Адамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатын да және жайнатып жадырататын да ән. Бірінші кезекте әуен болғанмен де, сөз құдіретінсіз әннің бағы жануы тағы да екіталай. Екеуі бір жерден үйлесім тапқаннан кейін ғана ол жүректерге жол тартады…“Әннің де естісі бар, есері бар” депті хакім Абай. Кейбір әуендер ерекше әсер беріп, жүрегіңді тербетсе, кейбірі керісінше жүйкеңе кері әсерін тигізеді. Бұл табиғи құбылыс. ...

    Толығырақ »

    «Әже» атансам деген арманым бар»

    Айгүл ҚОСАНОВА, дәстүрлі әнші: – Айгүл, ертең көптен күткен кешіңіз де өтейін деп отыр. Туған жердегі концертке ерекше дайындықпен келген боларсыз?— Әрине. Елге есептік концертімді беру – көптен ойымда жүрген еді. «Кез-келген нәрсе – сәтімен» деп жатады ғой қазақ. Сәті осы күнге түсіп тұрған болуы керек, оның үстіне 14-наурызға әдейі қойып отырмыз. Бізде Батыста 14-наурыз амал мерекесін ерекше тойлайды, бір-бірімен ...

    Толығырақ »

    Тұрар Тұрсынханова: Ұлысқа үлгі болған ұлы әнші еді…

    Ол– алты алашты аузына қаратқан әнші еді. Ол – ән академигі атанған Жүсіпбек Елебековтің сүйікті шәкірті, телқоңыры (Жүсекең Қайрат Байбосынов пен Жәнібек Кәрменовті осылай атайтын) еді. Ол – сазгер еді. Ұстаз еді. Ол – қазақ ән өнерінің қамқоршысы еді. Ол деп отырғанымыз — қазақ дәстүрлі ән өнерінің дүлдүлі Жәнібек Кәрменов. Биыл әйгілі әншінің дүниеге келгеніне 60 жыл, дүниеден озғанына 17 жыл толды. ...

    Толығырақ »

    Нартайдың күйтабағы жарыққа шықты

    Биылғы жылы белгілі әнші, ақын Нартай Бекежановтың туғанына 120 жыл толғалы отыр. Осыған орай, белгілі өнерпаздың кіндік кескен өңірі – Шиелі ауданында арнайы іс-шаралар өткізу ісі қолға алынды. Бүгінгі күнге дейін әншінің шығармалары енгізілген жаңа күйтабақ жарыққа шықты. Онда өнерпаздың 24 әні мен жыры топтастырылған. Әнші мұрасын белгілі әнші, Мәдениет қайраткері Құрманбек Бекпейісов жинақтаған. Күйтабақ Алматы қаласындағы «Дастан» студиясында әзірленген. ...

    Толығырақ »

    «Шығыстың шертпе күйлері мұңлы келеді»

     Аласапыран жылдары Алтайдың ар жағында қалып қойған ағайынның да ата-бабадан келе жатқан мирас өнерге бай екені белгілі. Десек те, кейінгі жылдарға дейін Қытай қазақтарына тән ән-күй мұраларының көпшілігі жалпы қазақ халқына бейтаныс болып келді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері ғана ондағы туыстардың төлтума өнер туындылары жанашыр азаматтардың жанкешті еңбегінің арқасында ұлт мәдениетінің алтын қорына қосыла бастады. Сондай игілікті іспен шұғылданушылардың қатарында ...

    Толығырақ »

    “Күй дария” және көл-көсір көңіл

    Ел журналистикасында соны ізденістер аз емес. Әйтсе де, бүгінде радио саласында соңғы поп, rnb секілді әлемдік сахнадағы әншілердің өлеңдерін жүз қайта­лайтын немесе олардың өмірін жатқа соғатын бағдарлама­лардан аяқ алып жүре алмайтын күйге жеттік. Бір-біріне тек сапасы ғана емес, форматымен де егіз қозыдай ұқсас бағдарламалардың жастарға рухани азық беретіндігі, әрине, күмәнді. Әйтсе де соңғы кездері елді елең еткізетін бағдарламалар, соны ізденістер ...

    Толығырақ »

    Күйші Жанғали

    1987 жылдың жазы еді. Консерваторияға қызметке енді ғана тұрған кезім. Дәлізбен келе жатып бір топ абитуриентпен ұшырастым. Емтихандарды тапсырып болып енді нәтижелерін тосып отыр екен. Барлығының қолында бір-бір домбыра. Сәлемдесіп шұрқырап танысып жатырмыз. Біреуінің домбырасын сұрап алып Сүгірдің бір күйін шерттім. Күй шертіліп болғаннан кейін топтың ішінде тұрған, ақсары өңді, талдырмаш бойлы жігіт  – Тәке, енді домбыраңызды маған бере тұрыңыз, ...

    Толығырақ »