• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар (страница 125)

    Айдарлар

    Күлтегiн мінген күліктер

    Түрiк Елінің жиһангер қолбасшысы Күлтегін (685 ж. туған – 731 ж.. II. 27 күні қайтыс болған). Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Бiлге қағанның туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Бөрі текті руынан (Ачынұ — Ačïnu — Ачынұ – көне түріктерді моңғол тектес этностар «čïnuw-a>čïnu>čоn >чоно (бөрі, қасқыр)» деп атаған. Ačï+de – оның көптік топтамалау мағынаны білдіретін тұлғасы ...

    Толығырақ »

    Қазақ батырлары мінген арғымақтар

    НАРҚЫЗЫЛ Абылай туралы тарихи жырларда 15 жасар Абылайға Бөгенбайдың бата беріп, астындағы Нарқызыл атын сыйлайтыны айтылады. Сондағы Бөгенбайдың айтқан сөзі:«Жылқының тұлпары еді Нарқызылым»,Шырағым, ырым қылып сен мін деді.Қарағым, уытты-отты бала екенсің,Мінез-құлқың тұп-тура дана екенсің,Жазғытұрым үш жүз боп жиналамыз,Сол жиынға керекті жан екенсің.Шырағым, таза сақта Нарқызылды,Есіңе ал, кек алатын келер жылды.Жоңғарға қарсы үш жүздің бірігіп Қарақұмда құрылтай (съезд) өткізіп біріккен әскер ...

    Толығырақ »

    Қасиетіміз де, қастеріміз де — Қазақ хандығы

    «Ана тілі» газетінің 2011 жылдың №22 (1070) санында тарих ғылымының докторы Берекет Кәрібаевтың «Керей мен Жәнібек хандар «Қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар болды» атты зерттеу мақаласы жарық көрген болатын. Қазақ хандығы туралы тақырыпқа көптен қалам тартып келе жатқан автор болғандықтан, бір деммен оқып шықтым. Десек те, мақалада Қазақ мемлекетінің қалыптасуына қатысты қайшылықтардың бар екенін де атап өтпеуге болмас. Кезінде Қазақ хандығы ...

    Толығырақ »

    Қасым хан

    Тарихта ұлы адамдар аса маңызды оқиғалар мен өте күрделі бетбұрыс кезеңдерде айқын көрінетіні белгілі. Өйткені олар белгілі бір тарихи дамулардағы ірі өзгерістерге белсене қатынаса отырьп, оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпейді, керісінше, өзгерістердің тез немесе баяу дамуына, оқиғалардың объективті барысына, өрбу бағытына өзіндік жеке рөлін қосады. Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды, неғұрлым терең болса, соғұрлым олардың есімі халықтың тарихи ...

    Толығырақ »

    Қазақ хандығының қилы кезеңі

    Дербес елге айналған Қазақ хандығының нығая түсуіне шығыста 1635 жылы Батыс Моңғолияны мекендейтін, Ойрат одағына кіретін тайпалардың бірігіп, Жоңғар (Сол қанат) хандығын құруы және бұл мемлекеттің о бастан-ақ қазақ жеріне көз тігуі Қазақ хандығының тәуелсіздігіне үлкен қауіп төндірді. Бұл тұста қоңырат Алатау, алшын Жиембет, шапырашты Жанай мен Қарасай, Әйтей, арғын Қомпай және Ағынтай, найман Көксерек, қаңлы Сарбұқа, дулат Құдайберді, Жақсығұл, ...

    Толығырақ »

    Қазақ атауы туралы бірер ой

    Тарихтың сарын жолы екіге бөлінеді: бір бөлек тарихтың пайдаланғаны соғыс істері… Тарихтың екінші түрлісінің (мұны орыс тілінде история культуры дейді) пайдаланғаны — жұрттың болмыс-салты, рухани мәдениетінің дәрежесі. Бұлардың бәрі сол жұрттың сол замандағы тіккен үйінен, киген киімінен, ұстаған аспаптарынан, сөздерінен білінеді. Анық тарих — осы екіншісі. Ә. Бөкейханов. Мақалаға көз жүгірткен оқырманның тарапынан ұлт этнониміне айналған «қазақ» сөзінің салтқа қандай ...

    Толығырақ »

    Тостағандағы жазудың сыры қашан ашылады?

    Алғашқы «Алтын адам» Алматы қаласынан 50 км шақырым жердегі Есік өзенінің бойынан 1970 жылы археологиялық қазба кезінде (К.Ақышев, Б.Нұрмұханбетов) көне қорымнан табылғанын білеміз. Қазір «Алтын адамдардың» саны алтауға жетіпті. Құдай, қазаққа амандығын берсе, әлі «алтын адамдардың» саны 16-ға жете ме, 26-ға жете ме, белгісіз? Өйткені, біз – жер-дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен, тарихы алтын әріптермен жазылған ұлы көшпенділердің ұрпағымыз. Есік қорымынан ...

    Толығырақ »

    Даланы күзеткен тас жауынгерлер…

    Оларды әрқалай атайды. Ежелгі көнетүрік атауы — «бәдіз» («badiz»), кейбір аудандарда – «мүсін» («musin»), бірақ ең танымалы – балбалтас. Қасиетті Моңғол өзені Орхоннан Каспийге дейін бұл тасты батырларды, жауынгерлер мен алыптарды кездестеруге болады. Саясаттанушы Ерлан Қарин бес жыл бойы әр елде – Монғолия, Ресей, Қырғызстан, Қытайда балбалдарды зерттеумен айналысқан.Жапон бірлестігі Mitsubishi Corporation-ның қолдауының арқасында бұл зерттеушілікке арнаған фотоальбом шығарған болатын. ...

    Толығырақ »

    Мойнына бұршақ салу

    Мойнына бұршақ салу (дәстүр, ырым). «Ұлы Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң Жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірден немере тілейді» (М.Жұмабаев). Баласыз адамдардың мойнына көгеннің бұршағын салып, құдайдан ұрпақ тілеуі ертеден келе жатқан әдет. Бұл тағдырға мойын ұсынып, тәңірге шын беріліп, оның барлық әміріне көнудің және ақ тілеудің белгісі. Мұндай тілек әсіресе ертедегі жырларда жиі кездеседі. ...

    Толығырақ »