• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қолөнер (page 3)

    Қолөнер

    Түктiбай ата қобызының қасиетi

    Отау құрғаныма төрт жыл өтсе де, құрсақ көтермедiм. Көмек сұрап бармаған дәрiгер қалмады. Қаланың ең беделдi деген емдеу орталықтарында қаралдым. Одан қайран болмаған соң таныстарым барып көр дегеннен кейiн бақсы-құшнаштарды жағаладым. Еш­қайсысынан қайран болмады. Бiр күнi ауылға диуана болып кеткен танысым келдi. Ол көптен берi әулие-әмбелердiң мазарларында түнеп, аруақтарға тәу етiп жүр дегендi естiгенмiн. Әлгi танысым бiр күнi бiздiң үйге ...

    Read More »

    Мақсатым – қолөнер мектебін ашу

    Дәулет Дәркембайұлы Қазақстан Рес­публикасына белгілі қолөнер шебері. Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағы және Суретшілер одағының мүшесі. Бірнеше рет әлемдік шеберлер байқауының жүлдегері. Әкесі әйгілі шебер Дәркембай Шоқпарұлының өнегесін көрген Дәулет бүгінде еңбек жолында аршынды қадам басып келеді. Таяуда Иран елінде сапарда болып қайтқан шебермен парсы елінде көрген-білгендері жайында әңгімелесудің сәті түсті. Дәулет Дәркембайұлы: – Дәулет Дәркембайұлы, сіз кезінде әкеңіз Дәркембай Шоқпарұлымен ...

    Read More »

    Төл қолөнерімізден ұлттық ұстын сезіліп, қазақтың иісі аңқып тұруы тиіс

    Сейітқали Шалабаев, ҚР Мәдениет қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің директоры: – Сейітқали аға, сәндік қолдан­ба­лы өнер қазаққа қай кезден келген? – Сәндік  қолданбалы  өнер – қолөнердің туындысы. Ал, жалпы, суретшілік өнер ата-бабамыз дүниеге келген уақыттан бастау алады деп ойлаймын. Дүниеге келген әр адам баласы қолының шеберлігін өмірде көрсетеді. Сонау ...

    Read More »

    Қазақ кілемінің қадірін білетіндер бар

    Батыстың арнайы интернет-аукцион сайтында қазақтың кілемі жоғары бағаланғандығы туралы жазылыпты. Таза жүннен тоқылып, оюлармен өрнектелген кілемнің бір шаршы метрі 700 долларға бағаланған. Бір айта кетерлігі, бұл жаңалық біздің елге қатысты емес. Өйткені кілем Әзірбайжанда тоқылған. Сол жақтағы қазақтардың еңбегі көрінеді. Кілемге сұраныс Парсы шығанағындағы шейхтер мен Батыс елдеріндегі ақсүйектердің назарын үнемі аударып келеді. ХV ғасырда әлемге белгілі Ганс Гольбейннің «Соңғы» ...

    Read More »

    Текемет

    ДАЙЫНДЫҚ  Киіз басудың өзі бір ғажап дүние. Жалғыз жарым адам ешқашан киіз баса алмайтыны белгілі. Киіз басу – көрші-қолаң мен жастар­дың қауымдасып атқаратын шаруасы. Бұл шаруаны атқару үшін жастардың білек күші аса қажет. Жас бозбалалар шиге салып ора­ған киізді ары-бері теуіп, иін қандырғанда біраз күш жұмсайтыны белгілі. Киіз басуға кіріспес бұрын, әуелі дайындық жұмыстарын жақсылап жүргізіп алу керек. Әдетте ата-бабаларымыз ...

    Read More »

    «…Алтын ердің қасы еді»

    Аттың ері халқымыз үшін аса маңызды нысанның бірі. Ол көшпелі тұрмыс кешкен ата-бабаларымыздың бүткіл тарихында қолданыста болып, тіпті жылқы малымен бірге сакралды құндылықтық мәнге ие болды. Содан да халықтық рухтың тасымалдаушылары болып табылатын ақын-жырауларымыз өз шығармаларында ер-тұрманды, ердің өзін, оның бөліктерін жырға қосып, эпитет-теңеу де жасады. Керек десеңіз, ер Маханбеттің өзі заманында Исатай Тайманұлын «Ағайынның бас еді, Алтын ердің қасы ...

    Read More »

    Киізден киім тігетін адам

    Қазіргідей суық күндерде еденге төселген киіздің пайдасы зор. Алайда соңғы жылдары кейбіреулер шаң-тозаңы көп деген секілді түрлі сылтаулармен оған пыс­қырып та қарамайтын болған. Дегенмен ел ішінде әлі күнге дейін киіз басу өнерін ұмытпай келе жатқандар кездеседі. Тіпті осы киіздің өзінен қазақтың неше түрлі ұлттық киім үлгілерін жасайтын таланттар да бар екен. Төлеби ауданының Момынай ауылында туып-өскен, бүгінде Шымкенттің академиялық-инновациялық университетінде ...

    Read More »

    Темірге тіл, жаңқаға жан бітірген…

    Ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі – зергерлік өнер қазақ халқының дүниетанымы мен материалдық мәдениетінің маңызды бір бөлшегі. Темірден түйін түйген шеберлер мен зер қадірін білген зергерлер қазақ даласында кем болмағаны әмбеге аян. Ал олардың қолынан шыққан әрбір туынды – халқымыздың ұлттық мәдениетінің алтын қазынасы, асыл мұрасы. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде кең-байтақ ...

    Read More »

    Ши тоқу – көне кәсіп

    Ши тоқу – бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына ескі заманнан белгілі өнер. Зерттеушілердің айтуынша, ши орау өнері өте ерте заманда ХV ғасырдан бастап дамыған көрінеді. Осынау көне кәсіптердің бірі саналған ши тоқу өнері қазақ, қырғыз, түрікмен, жартылай отырықшы өзбектер мен қарақалпақтар өмірімен біте қайнасып, олардың тұрмысы мен шаруашылығында, мәдениетінде ерекше маңызға ие болған.Кез келген қолөнердің ...

    Read More »