• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Қолөнер (страница 2)

    Қолөнер

    Оюшы

    Шөптібай Байділдин қазақтың хас өнерін ЭКСПО-да көрсетуді армандайды. Үйде дастарқан басында отыр­ған­да да Шөптібайдың қайықтай з­уыл­даған ақ қайшысы жанында тұрады. Арнайы алып қойған қағазы зәуде бір таусылып қалса, жеңгеміз стол үстіне қойған қол сүрткіш қағаз қай­тып сүрекке қосылмайды, ол Шө­кең­нің қайшысынан өтіп кетеді. Бұл Байділдиндер отбасындағы күн­де­лік­ті көрініс, оған ешкім таң­ғал­май­­ды да. Шөкеңнің қолына қайшы ілік­кен­де оның ойын ешқайсысы бұзбайды. ...

    Толығырақ »

    Қолөнердің қадірін білдік

    Жақында Үндістанның Чен­най қа­ласында Бүкіләлемдік қол­өнершілер сам­миті өтті. Төрт күнге созылған шараға әлем­нің 39 мем­лекетінен 700-ге жуық өнер саң­лақтары қатысып, әр ұлт өз төл туын­дыларын ортаға салды. Біздің шеберлер жасаған қол­өнер бұ­йымдары, зергерлік дүние­лер, то­қыма киізден жасалған тұр­мыс­тық заттар, музыкалық ас­пап­тарымыз келушілердің қы­зы­ғу­шылығын арттырып, жұрт­­­­шы­лықтың наза­рын аударды. Ав­торларымыз өз ең­бектері жа­йында әңгі­мелеп, әр экс­по­зи­цияның шығу тарихын, тұрмыс­тық маңызын түсіндіріп, қалай ...

    Толығырақ »

    Асықтан – ат, шыныдан – барыс

    Бүгінде жас суретші-мүсіншілеріміз өздерінің осал еместігін айқын аңғартып келеді. Асықтан жасалған ат, хрусталь тастардан құралған барыс тәрізді мүсіндердің авторлары – Нұрлан Әбішев, Нұрлан Әділхан, Қуаныш Мәтенов. Осыған дейін Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай асықтан арғымақ көтеріп, алаш назарын өзіне аударған олардың толық аяқталған екінші жобасы – таза шыны тастардан өрнектелген барыс мүсіні. Бұл мүсін қазір Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде көпшілік назарына ...

    Толығырақ »

    Кесте шеберлері

    Қазақстанда кестеден картина жасайтын шеберлер мен зерттеушілер бұл өнердің жаңа кәсіби деңгейге көтерілгенін айтады. Мақала авторы сирек өнер иелерімен және олардың тұтынушыларымен танысып қайтты. Ою-өрнек, кесте десе, ойымызға ең бірінші оралатыны – түскиіз. Бірақ қазіргі заманауи интерьерде түскиіздің орнын басқа да бейнелеу өнерінің туындылары басып жатыр. Алайда бұл ою-өрнектің көнеріп, кестелеу өнерінің артта қалғанын білдірмесе керек. Зейнелхан Мұхамеджанұлының қазақ халқының ...

    Толығырақ »

    Киiз басу

    – Осы сен орысқа, не қауын­ның шөнегiн тартып отыратын дүнгеннiң баласына кетерсiң, – деп шешем қолымдағы сабауды жұлып алып, жүндi бұрқылдата сабай жөнелдi. Бiр шөкiм бұлт жерден көтерiле берiп, қайта сылқ ете түскендей. Тулақтың жан-жағына шашырамайды да. Жып-жинақы. Мен батылсыздана қай­тадан сабауды қолыма алам. Сабаудың ұшына iлiнген жүн айда­лаға шашылып қала бередi. Абысындарының көзiнше қайта-қайта ескерту жасаудан ұялады бiлем, жаныма ...

    Толығырақ »

    Ең кішкентай домбыра

    Қытайдың Алтай аймағына қарасты Буыршын ауданы, Егізтөбе ауылында электрик болып жұмыс істейтін Болатбек Қарымқанұлы ең кішкентай домбыра жасап, қазақтың атын тағы бір аспандатты. 29 жасар шебер жігіттің қолынан шыққан шынашақтай саз аспабы Гиннестің рекордтар кітабына еніп, 01-1201-09541 нөмірлі куәлікке ие болды. Ел шеті, жел өтінде жүрген қандастарымыз ұлт мұраларын ұлықтау үшін осыған дейін бір мезгілде 13 мың 288 адам «Қара ...

    Толығырақ »

    Несібесін ұлттық өнерден тапқан жан

    Алматы облысының Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылының тұрғыны Мейірхан Данышпанов бала күнінен өзге қатарластарымен бірге күрес өнеріне ықылас қойып, боз кілемде біраз тер төккен. Әйтсе де уақыт өте келе денсаулығы сыр беріп, жүріп-тұруы қиындап, бірте-бірте қос балдаққа күні қарап қалды. Мұндай жағдайда спортпен шындап айналысу қайда? Кезінде дұрыс қойылмаған диагноздың салдарынан боз кілемге шығып белдесу бірте-бірте орындалмас арманға айналып кете ...

    Толығырақ »

    Қолөнер қайтсе, дамиды?

      «Адырна» ұлттық-этнографиялық порталы «Қолөнер қандай жағдайда дамиды?» деген тақырыпта сауалнама жүргізген еді. Сауалнамаға қатысушылардың ең басым бөлігі – шеберлердің орталығы құрылғанын (35 пайыз) қалайтын болып шықты. Одан кейін «шеберлерге қолдау болса» (30 пайыз) деген көзқарастағылар басым екен. Байқаулар жиі ұйымдастырылуын қолдайтындар 25 пайыз болса, арнайы салт-дәстүр күні белгіленуін қалайтындар 20 пайызды құрап отыр.  

    Толығырақ »

    Асықтан ат жасаған…

    Алматыда асықтан ат жасаған шеберлер дүйім жұртты қайран қалдырып отыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 8500 асық жинап, алты ай бойы көз майын тауысып, Еуразия атты ақбозат мүсінін өмірге әкелген Нұрлан Әбішев, Нұрлан Әділхан, Қуаныш Мәтенов есімді азаматтардың еңбегі ерен. Осы бір ерекше туындыларын авторлар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тарту ретінде жасаған. Бабаларымыз жаһанда ең алғаш болып жылқы малын қолға үйреткендігін түркі халықтарының ...

    Толығырақ »