• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өнер (страница 31)

    Өнер

    Біз жастарға өзімізге дейінгі буынның аманатын жеткізетін алтын арқау болуға тиіспіз

    Ержан ҚОСБАРМАҚОВ, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының бас директоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі: – Ержан аға, ердің жасы – 50-ге келіп жатқанға ұқсайсыз. Жарты ғасыр жалпы ел жаңаратындай уақыт қой. Осы аралықта өнер адамы болып қа­лып­тасып, өнер ордаларын да басқа­рып көрдіңіз. Енді бүгін елге сыйлы азаматсыз, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының басшысы болып отырған жайыңыз бар. 50 жас сізге не ой ...

    Толығырақ »

    «ҚАРАҒЫМ, ҚАРЫНДАСЫМ, ҚЫРЫН ЖАТСАҢ…»

    Халықтың музыкалық мұрасының үлкен бір парасы – дәстүрлі халық әндері. Халық әндерінің жүрекке кеңдік, ойға өріс, сезімді нәзік ететін қасиеті мен құдіреті еш нәрсемен шендестіруге келмес. Ескіден келе жатқан есті әндердің тағылымдық мазмұнымен қоса, астарлап айтылатын ой, тұспалдап жеткізетін тілек, емеурінмен білдіретін ескерту, жалпы, өкпе, наз, базына, қалжың кей шақта әзілмен өріліп, ойнақылана төгілгенімен, әдептен озып, арнасынан ауып кететін жақтары ...

    Толығырақ »

    Қобыз – менің сарыным…

    Көзімізбен көрмесек те, мұхиттағы мұзды жарушы алып кемелер жайлы жиі естиміз. Судағы қасат боп қатқан қатты қабатты бұзып-жарып, сірескен сеңді сейілткіш осы құралдың жаңалығы да сол – теңіз бетіне тыңнан түрен салуы. Бұл өнер оғланы жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен көзімізге елестегені де осы бір су құрылғысының құдіреті болды. Музыка майталманының саз әлеміне қосқан сүбелі үлесі – ұлт өнерін қобыз ...

    Толығырақ »

    Ұлжан Байбосынова: Бізге жырдың дамығаны керек…

    — Бізді көптен бері жы­раулық поэзиядағы қыз-ке­ліншектердің рөлі қы­зықтырып жүр. Осы өнердің құлағын ұстап жүрген жыр­шы ретінде айтыңызшы, әйел жыраулардың көш­басында кім тұр? Осыны зерттеген адам бар ма? — Тарихта дәл мынадай әйел жыраулар өткен деп түбегейлі зерттеген еңбекті мен де көрген жоқпын. Бірақ кезінде Сырдың бойында таңды-таңға қосып жыр айтқан, салдық құрған әйелдер болды деген кейбір деректерді ұшырастырып қаламыз. ...

    Толығырақ »

    «Қасымның әні – ғасырдың әні…»

    Қазақтың жазба поэзиясында ұлттық музыка өнеріне алғаш болып жаңаша форма әкеліп, тыңнан түрен түргендер дегенде, алдымен ойымызға Абай оралады. Одан кейін аузымызға Сәкен мен Мағжанды аламыз. Дауылпаз ақын Қасым есімі де жоғарыда атап өткен игі дәстүрді жаңа биікке көтеруші, жалғастырушы ретінде осы санаттан табылады. «Өзім туралы», «Дариға сол қыз», «Туған жердей» құнары мол әндері сөзімізге дәлел. Осы орайда «Қасымның әндері-ай!» ...

    Толығырақ »

    Қайдасың, кәусар бұлақтар?

    Халықтың дәстүрлі өнері мен мәдениеті қашанғы қағажу көрмек? Қазақтың дәстүрлі әні мен күйі, ұлттық өнері мен мәдениеті дегенде көкіректері қарс айырыла толғанып, сол құндылықтардың бүгінгі хал-жағдайы, көкейкесті мәселелері хақында азаматтық әділ сөз айтар, бүкпесіз адал пікір-пайымдарын ортаға салар ұлтжандыларымыздың барына шүкір. Біздің бүгінгі сұхбаттасымыз – белгілі әнші, өнертанушы Ерлан ТӨЛЕУТАЙ. – Ерлан, қазіргі кезде жалпы қазақ өнері, оның ішіндемузыка өнерінің алуан-алуан толғағы баршамызды тол­ғандырар көкей­кес­тітақырып­тардың біріне айналды десек қате­леспейміз. Мәселенің мұндайалабө­тен ауқымды сипат алуын қалай түсіндірер едің? – Иә, қазіргі 15 пен 35 жас аралы­ғындағы жастарымыздың ...

    Толығырақ »

    Моңғолиядан табылған көне домбыра сыры

    Қазақтың қара домбырасының тарихы тым әріден басталатындығын айғақтайтын, қазіргі Моңғолия жерінен табылған мына көне домбыра туралы екі-үш жыл бұрын мерзімді басылымдарда жарияланған болатын. Оқырмандардың сұрауы бойынша біз осы жаңалықты тағы бір жаңғыртып, көне жәдігерді алғаш зерттеп, қазақтың қасиетті қара домбырасының түп атасы екенін дәлелдеп, ғылыми сараптама жасаған ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының пайымдарын жариялауды жөн көрдік. Бұл домбыраны әу баста моң­ғол­дың Дандар деген ...

    Толығырақ »

    Сүгірдің шәкірті – Самар күйші

    Жақында Кентау қаласында тұратын, сексеннің сеңгіріне шыққан күйші Самар (азан шақырып қойған аты Самариддин) Сүйіндікұлы редакциямызда қонақта болды. Түркістан ауданы «Абай» мектебінде музыка пәнінен дәріс беріп, ұстаздық еткен, Кентау шахтасында тер төккен қарияның ұсталығы да бар екен. Домбыра, үй жиһаздарын өзі жасай береді. Бәрінен бұрын он саусағынан бал тамған күйшілігін айтыңыз. — Қария, сізді әйгілі күйші Сүгірді өз көзімен көріп, ...

    Толығырақ »

    Жәнібектің күміс шақшасы

    Қазақтың маңдайына біткен тума талант, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жәнібек Кәрменов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жарқын Шәкәрім — бозбала сәттен өнер жолын қатарлас бастаған, көп жылдар бойы аралары ажырамаған адал достар. Өкінішке қарай, ажал құрығы әншінің қадамын алысқа жібермеді. Бірақ өзі кеткенімен көзіндей болып артында мол мұрасы қалды. Ән қоржынын айтпағанда, тұтынған тұрмыстық бұйымдары бір төбе. ...

    Толығырақ »