Басты бет » Айдарлар » Өнер (страница 30)

Өнер

«Қасымның әні – ғасырдың әні…»

Қазақтың жазба поэзиясында ұлттық музыка өнеріне алғаш болып жаңаша форма әкеліп, тыңнан түрен түргендер дегенде, алдымен ойымызға Абай оралады. Одан кейін аузымызға Сәкен мен Мағжанды аламыз. Дауылпаз ақын Қасым есімі де жоғарыда атап өткен игі дәстүрді жаңа биікке көтеруші, жалғастырушы ретінде осы санаттан табылады. «Өзім туралы», «Дариға сол қыз», «Туған жердей» құнары мол әндері сөзімізге дәлел. Осы орайда «Қасымның әндері-ай!» ...

Толығырақ »

Қайдасың, кәусар бұлақтар?

Халықтың дәстүрлі өнері мен мәдениеті қашанғы қағажу көрмек? Қазақтың дәстүрлі әні мен күйі, ұлттық өнері мен мәдениеті дегенде көкіректері қарс айырыла толғанып, сол құндылықтардың бүгінгі хал-жағдайы, көкейкесті мәселелері хақында азаматтық әділ сөз айтар, бүкпесіз адал пікір-пайымдарын ортаға салар ұлтжандыларымыздың барына шүкір. Біздің бүгінгі сұхбаттасымыз – белгілі әнші, өнертанушы Ерлан ТӨЛЕУТАЙ. – Ерлан, қазіргі кезде жалпы қазақ өнері, оның ішіндемузыка өнерінің алуан-алуан толғағы баршамызды тол­ғандырар көкей­кес­тітақырып­тардың біріне айналды десек қате­леспейміз. Мәселенің мұндайалабө­тен ауқымды сипат алуын қалай түсіндірер едің? – Иә, қазіргі 15 пен 35 жас аралы­ғындағы жастарымыздың ...

Толығырақ »

Моңғолиядан табылған көне домбыра сыры

Қазақтың қара домбырасының тарихы тым әріден басталатындығын айғақтайтын, қазіргі Моңғолия жерінен табылған мына көне домбыра туралы екі-үш жыл бұрын мерзімді басылымдарда жарияланған болатын. Оқырмандардың сұрауы бойынша біз осы жаңалықты тағы бір жаңғыртып, көне жәдігерді алғаш зерттеп, қазақтың қасиетті қара домбырасының түп атасы екенін дәлелдеп, ғылыми сараптама жасаған ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының пайымдарын жариялауды жөн көрдік. Бұл домбыраны әу баста моң­ғол­дың Дандар деген ...

Толығырақ »

Сүгірдің шәкірті – Самар күйші

Жақында Кентау қаласында тұратын, сексеннің сеңгіріне шыққан күйші Самар (азан шақырып қойған аты Самариддин) Сүйіндікұлы редакциямызда қонақта болды. Түркістан ауданы «Абай» мектебінде музыка пәнінен дәріс беріп, ұстаздық еткен, Кентау шахтасында тер төккен қарияның ұсталығы да бар екен. Домбыра, үй жиһаздарын өзі жасай береді. Бәрінен бұрын он саусағынан бал тамған күйшілігін айтыңыз. — Қария, сізді әйгілі күйші Сүгірді өз көзімен көріп, ...

Толығырақ »

Жәнібектің күміс шақшасы

Қазақтың маңдайына біткен тума талант, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жәнібек Кәрменов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жарқын Шәкәрім — бозбала сәттен өнер жолын қатарлас бастаған, көп жылдар бойы аралары ажырамаған адал достар. Өкінішке қарай, ажал құрығы әншінің қадамын алысқа жібермеді. Бірақ өзі кеткенімен көзіндей болып артында мол мұрасы қалды. Ән қоржынын айтпағанда, тұтынған тұрмыстық бұйымдары бір төбе. ...

Толығырақ »

Бізге күйдің ғылыми негізін қалыптастыратын орталық қажет

Жанғали ЖҮЗБАЕВ, күйші, өнертанушы: – Жанғали аға, өзіңіз қазіргі күй өне­рінің ақылшы ағаларының біріне ай­налған жансыз. Бүгінгі күй өнерінің ал­ған бағыты қалай және жастардың осы бір тылсым өнерге деген ықыласы қан­дай? – Бұл күй деген жарықтықтың өзіне тән ке­зеңдері болады. Бір кезеңде дәуірлейді, ен­ді бір кезеңдерде тоқырайды. Бір кезде дағ­дарысқа ұшырайды, тіпті кей кезеңдерде жо­ғалып та кетеді. Күйдің гүлденген уақыты Құр­манғазы, ...

Толығырақ »

Қорқыт – қобыздың ғана емес, қазақ музыкасының да атасы…

«Қобыздың атасы»  атанған Қорқыт баба қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Жазба мәліметтер мен халық шежіресіне сүйенсек, Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят руынан шыққан, ал анасы – қыпшақ қызы. Өз дәуірінің ұлы ойшылы болған Қорқытты ел-жұрттың қатты қадірлегені соншалық, ол туралы небір аңыздар туғыз­ған. Сол себепті де ұлы жыраудың туғаны­нан ...

Толығырақ »

Қазақтың келбеті – қазақтың домбырасы

«Айқын» газетінде жарияланған «Аққу» кімнің күйі?» деген тақырыптағы пікір алмасу жұртшылықты елең еткізді. «Телқоңыр» бағдарламасында Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы және қазақтың күй өнері жайында жұрт құптаған арналы әңгіме болды дей аламын. Домбырашы емес маған да қатты әсер еткендіктен, осы орайда күй туралы бірер ой ортаға салсам деймін.   Соңғы жылдары бізде «бренд» деген сөз жиі айтылып та, жазылып та жүр. «Қазақтың ...

Толығырақ »

Арзан әуен ән бұзар

Белгілі композитор, музыка зерттеуші Ілия Жақанов ағамыз­дың бір сұхбат үстінде айтып қалған «Енді ешуақытта қазақтың ұлттық композиторы болмайды, демек, қазақтың классикалық әні де ешқашан тумайды» деген аса қатқыл шыққан пікірі төбе құйқамыз­ды шымырлатып өткен еді. Сырттай өз қарсылығымызды білдірсек те, іштей үнсіз мойындасқанбыз… Ән дегеннен шығады, бүгінгі эстра­да­лық әндердің дені ойнақы, той сарынында жазылатын, өңделетін болып жүр. Бірақ, бір таңғаларлығы, ...

Толығырақ »