• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Ұлттық тағам

    Ұлттық тағам

    Оңтүстікте Қымызмұрындық дәстүрі ұлықталды

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында ежелгі дәстүрімізді қайта жаңғырту мақсатында «Қымызмұрындық» фестивалі өтті. Шараның мақсаты – жұртшылықтың ұлттық мәдениет мен салт-дәстүрге қызығушылығын арттыру және жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығын насихаттау. Ұлттық сусын мерекесіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық маслихаттың депутаттары, өңір ардагерлері мен зиялы қауым ...

    Read More »

    Ет қорықтық пен қарын бөртпе. Этнограф кейбір ұлттық тағамдар неге ұмытыла бастағанын түсіндірді

    Қазақтың ұлттық тағамы десе ойымызға бірден ет келеді. Қазақстанға келген шетелдіктер де бұл асты «бешбармақ» деп біледі. Өйткені біз етті «қасқырдан кейін ең көп жейтін елміз» немесе өзіміз солай ойлаймыз… Алайда бүгінде көптеген тағам түрі айтылмайды, тіпті ұмытылуға жақын. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі этнограф Дүйсембек Қатранұлынан қазақтың ұмытыла бастаған кейбір ұлттық тағамдары және ертедегі тамақтану әдеті жайлы сұрап білді. Қатранұлының айтуынша, бұл ұлттық тағамдар ...

    Read More »

    22 наурыз. Наурыз көжені көрші елдер қалай дайындайды?

    Әз Наурызды тек біздің ел емес, басқа да түркі халықтары тойлап, мерекелейді. Григориан күнтізбесінен тыс түркі халықтарының Жаңа жылы 22 наурыздан бастау алады деген тарихи дерек бар. Еліміз егемендігін алғаннан бері Наурыз мейрамын тұрақты тойлап келеді. Бұл мейрамда наурыз көже жасалып, бауырсақ, ет пісіріліп, киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылады. Қыс кетіп, жер көгеріп, халық «ұйқыдан тұрғандай» күйде болады. Көңіл-күй де ...

    Read More »

    Қымыздың бізге беймәлім қасиеттері

    Қымыздың қасиеттері: 1.Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. 2. Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Қуаттандырады. 3. Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді. 4. Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады. 5. Жаңа босанған келіншектің сүтін ...

    Read More »

    Қазақтың табақ тарту дәстүрі. Оның түрлері қандай? Мәні, мағынасы неде?

    Қазақстанның әр аймағында табақ тарту дәстүрі әртүрлі / Фото weprogest.kz сайтынан алынды Қазақ дәстүрінің ішінде қаймағы бұзылмаған салттың бірі – табақ тарту рәсімі. Қонағына қой сойса да кәдесінен жаңылмаған қазақ бүгінде етті турап береді. Қазақ халқы той-томалақ, өлім-жітім болсын келген қонағына сыйлы асы – етті кәделеп ұсынған. Тартылған табақтың орны ауысып кетсе немесе кәде дұрыс салынбаса, қонаққа жоғары дәрежеде сый-құрмет көрсетілмеді ...

    Read More »

    Ұлттық тағамдардың пайдасы

    Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар  адам қажеттіліктерінің  ішінде тағамды  жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.  Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен ...

    Read More »

    Араздық ақ дастархан үстінде жуылады

    Ең алдымен «Наурыз 8-9 күн бойы тойланатын болған» деген әңгімеге қарсымын. Дәл осылай тойлау дәстүрі болғанымен, ол ел салтына кірігіп, жыл сайын кесімді түрде апта бойы тойлау ғұрпына енбеген. Өйткені көші-қонда жүрген қазақ халқы үшін бір жылы қыс қатты болып, малы шығынға ұшырап, тұрмысы жұтаң тартып қалады. Енді бір жылы қыстың аяғы жайырақ шығып, той тойлауға мұршасы болмайды. Ал тіршілігін ...

    Read More »

    Қымыздан асқан дәм бар ма?

    Қазақтың ұлттық сүт тағамдарының (айран, қаймақ, құрт, қымыз, сүзбе, сүт, шұбат, ірімшік) адам денсаулығына тигізетін пайдасы орасан зор. Бабаларымыз қадірлеген жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті бар екендігі ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы бір тәулікте орта есеппен 50 мг С дәруменін қажет етсе, бір литр қымыз құрамында 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу ...

    Read More »

    Қымызмұрындық дәстүрі жаңғырды

    Алматы облысына қарасты Ұзынағаш елді мекеніндегі Аңсар қазақ ауылында қазақтың байырғы дәстүрінің бірі – қымызмұрындық тойланды. «Дәулет» және «Аңсар» шаруа қожалықтары бірлесіп ұйымдастырған игі шарада ұлттық тағамдар дастарқанға жайылып, ақшаңқан киіз үйлердің ауласында ән мен күй қалықтады. Қымыз бен қымыран ішіп, қызара бөрткен жастар ұлттық ойындардың да көрігін қыздырды. «Аңсар» шаруа қожалығының дирек­торы Қайрат Махановтың айтуынша, ша­раның мақсаты – ұлттық ...

    Read More »