Басты бет » Айдарлар » Ұлттық тәрбие (страница 10)

Ұлттық тәрбие

Тұсау кесу

Тұсауыңды кесейін, Күрмеуіңді шешейін (Тұсаукесер жыры) Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата – анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнаулы жыры ...

Толығырақ »

Бесікке салу

Бесікке салу (салт). Әлди-әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. (Бесік жыры) Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап ...

Толығырақ »

Бесік жыры

Әлди- әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін. Арша ма екен бесігі? Алар ма екен әкесі? Өрік пе екен бесігі? Сүйе ме екен әкесі? Жиде ме екен бесігі? Әлди-әлди, аппағым, Қойдың жүні қалпағым… Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін ...

Толығырақ »

Қыздары тәрбиесіз елдің іргесінен ырыс кетеді, тұнығы лайланады

Зейнеп АХМЕТОВА, Батыр Баукеңнің келіні: – Біз егемендік алған алғашқы жылдарда ұлттық құндылықтарға жақсы көңіл бөлінді. Тіпті мемлекеттік деңгейде халық педагогикасына арналған «Атамекен» атты үлкен бағдарлама ашылды. «Атамекен» – мемлекеттік, ұлттық деңгейге көтерілуге тұратын, мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған ауқымды дүние еді. Өйткені ол әрбір саланы қамтитын ұзақ жылдарға арналған кең тынысты бағдарлама болатын. Өкініштісі сол, ол ары қарай қанатын кеңге жая ...

Толығырақ »

Бесікті танып алмайынша, бесік өндірісін дамыта аламыз ба?

Кезінде бесік жайлы неше түрлі кертартпа әңгімелер де айтылды. Қазақ қыздарының аяғының қисық болуын, балалардың бойының тәпелтек болуын күні бойы бесікке бөленіп жатуынан деп даурыққандар да табылды. Мұның бәрі ұлттың өткенін өшіріп, тарихқа тас атуды көздегендердің тірлігі екені айқын. Соған қарамастан әлі күнге дейін бесік қолданыстан шыққан жоқ. Демек, керек. Аса қажет деген сөз. Дегенмен кертартпа пікірлер әлі де бар. ...

Толығырақ »

Жұлдызды шаңырақ: Стамғазиевтер әулеті

Сәрсенбінің сәтінде Стамғазиевтердің шаңырағына қонақ болып қайтудың сәті түсті. Тауды бетке алып өрлеп келемін. Саф таза ауа жаныңа сергектік сыйлап, ерекше сезімге бөлейді. Қаланың күнделікті қытымыр тірлігі жар бермейтіндіктен, Алатаудың ақшаңқан тұлғасына қарап қана демімізді жұтып жүруші ек, тұмса табиғаттың аясында таңғы ауамен тыныстап қайтудың реті де дәл осы жолы орайласты. Келісілген уақытта бейтаныс үйдің қақ­пасының алдына келуін келсем де, ...

Толығырақ »

Күйеуді жалға алуға бола ма?

«Биыл қазан айында Алматы қаласында ерекше қызмет түрі пайда болды» деп басылымдар жар салды. Ол қызметтің түрі – «күйеуді жалға алу» деп аталады. Идея авторларының айтуынша, бұл қызмет түрі әйелдер арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі қазір нағыз еркектер жоғалып бара жатқан тіршілік иесі ретінде Қызыл кітапқа енгізілген. Сондықтан алматылық арулар жалға болса да жолдас алып, ол үшін қаржыларын аямайтын көрінеді. ...

Толығырақ »

Келін – ене

Бұрынғы өткен заманда бір қыз тұрсмысқа шығып, күйеуі, енесі үшеуі бір үйде өмір сүре бастапты. Бірнеше айдан кейін бітпей кеткен келін мен ене арасындағы ұрыс – керістер нәтижесінде әрі өзі үшін, әрі әйелімен анасының ортасында қалған күйеуі үшін де тұрмыс шыдамсыз бір халге келеді. Бір шара қолдану керек деп ойлаған келін, тура әкесінің бұрынғы досы болған емшіге барып дертін айтады. ...

Толығырақ »

«Қара жорға» билейтін робот

Қазақша би билеп, өлең оқитын «Науа» атты робот туралы естулерің бар ма? Мүмкін таңданып отырған боларсыңдар, ә! Бұл жайында өзім де жақында естіп, көріп, таң-тамаша болдым. Білімге құштар таланттарымыз «құлтемірге» жан бітіріп қана қоймай, оны төл дәстүрімізге сай өнер көрсетуіне үлкен күш салып жатқаны қандай керемет! «Жақсы нәрсе көрмекке» дейді ғой. Өнертапқыштарды жүзбе-жүз көріп, бірнеше сауалыма жауап алу мақсатында, Назарбаев ...

Толығырақ »