• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Әдебиет (page 2)

    Әдебиет

    Пара (әңгіме)

    Өмәр Сейфеттин (түрік жазушысы) Жүзден астам новелла мен әңгімелердің, үш роман мен бір рисала жинағының авторы Өмәр Сейфеттин түрік әдебиетінің белгілі қаламгері және бір буынның ұлағатты ұстазы. Әдебиеттегі Түрікшілдік идеясын алып келген талантты жазушы. 1884 жылы дүниеге келген жазушы әскери мектептерде білім алып, 1903 жылдан бастап әскери қызметкер болып жұмысқа бастайды. 1906 жылы жандармерия мектебіне мұғалім болып тағайындалады. Жастарға білім ...

    Read More »

    Уланған ұры (әңгіме)

    Мұзаффар Изгү  (түрік cатиригі) 1933 жылы Аданада дүниеге келген. Бала кезінен мейрамханада, кинотеатрда қызмет еткен. Үш жылдық Иненөнү мектебінде, бір жылдық Газипаша мектебінде, үш жылдық Тепебағ мектебінде білім алған. Диярыбакыр мектебін тәмамдаған соң, Силван қаласында, Айдында және басқа да аудандарда түрік тілі мұғалімі болып қызмет еткен. 1979 жылдан зейнет демалысында. Алғашқы сатиралық әңгімелері “Ақ баба” журналында, “Хүрайдын” газетінде жарық көрген. ...

    Read More »

    Кейінгі кездесу (әңгіме)

    Кинотеатрдың алдында сағат екі жарымда кездесеміз деп келіскендей еді. Сағатқа қараса, үштен он бес минут кетіпті. Ихсан темекісін тастап, аяғымен мыжып тұрды. «Осы күнге дейін мені күткізбеуші еді ғой», деп ойлады. Таңертеңнен сіркіреп тұрған жауын басылар емес. Шаштараздың алдында қолшатыр ұстаған сатушы бұрынғыдай каштанды отқа пісіріп, ары-бері өткен кісілерге ұсынып, сатып тұр… Жас жігіт кинотеатрдың жоғарғы қабатынан баспалдақпен асықпай басып ...

    Read More »

    Виртуалдағы жауапсыз махаббат (әңгіме)

    Кеше кеш жатқан.  Соған қарамастан ерте тұрды. Бас жағындағы денесінің бір бөлшегіне айналып кеткен айфонын қолына алды. Түнде оның жазбасын лайктаған, инистаргамадағы суретіне «супер» -,деген коментарии қалдырды.  «Не істепті?, оқыдыма?»…..  Телефонын шұқылап оның парақшасын тауып алды. Ол әлі кірмепті. Е жарайды біраздан кейін кірер. Екеуі бір Университетте оқыса да бірін-бірі жыға танымайды. Таныстарының ішінде жүрген соң достаса салды. Кім бірінші ...

    Read More »

    Әбубәкір  Қайран. Жұдырықтай жүрегім жұлқынып тұр

                                                     Отан   Бұл ұғым – бөбек күлкісі, Жаңғырар көкке әуелеп. Құлпырып гүлдің түр-түсі, Балбырар бақтар мәуелеп.   Күлгенде сәби шалықтап, Мөлдіреп қарар аспан да. Биікте қыран қалықтап, Елжіреп тұрар тастар да.   Бұл ұғым – сүті ананың, Бақыттың басы, бұлағы. Құрғатпас тірлік танабын, Шаттықтың нәрі, жыр-әні.   Осында аңсар, арман да, Адамның ары ол бүтіндей. Атады бейбіт таңдар ...

    Read More »

    Құтты сөзі мәңгі жасайтын ақын

    Алаштың аймаңдай ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Халықаралық Түркі академиясы оның таңдамалы шығармалар жинағының алғаш рет өзбек тілінде жарық көруіне мұрындық болды. Мағжан Жұмабаев өлеңдерін өзбек тіліне талантты ақын, білікті аудармашы, Қарақалпақстанның халық ақыны Мұзаффар Ахмад тәржімалады. Оның Мағжан шығармашылығынан жасаған аудармалары екі халықтың мәңгілік бірлігін нығайтуға, бір ананың қос перзенті секілді туысқан екі халықтың ынтымақтастығын дәлелдеуге ...

    Read More »

    Шоқтай қызыл белбеу

    Жапон әдебиетінің көрнекті өкілі А. Рёоидың «Шоқтай қызыл белбеу» әңгімесін журналист-жазушы, аудармашы Қуандық Шамахайұлының тәржімалауымен оқырман назарларына ұсынамыз.    Эчизан өлкесінің порты Цүрүга қаласында Хамада-но Чёохачи деген бай кісі тұратын. Сол байдың екі қызы бар. Олармен іргелес Вакабаяши Чёомонның туысы Хигаки-но Хэйта деген кісінің иелігінде жер болды. Ол әскери қызметін тастап, сауда-саттықпен айналысып, молшылыққа кенелгелі көп уақыт өткен. Хэйтаның  ұлы бар, онысы ...

    Read More »