• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Қазақ хандығы (страница 4)

    Қазақ хандығы

    Ұлттық идеологияның темірқазығы –­ мемлекеттілік

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың Астана қаласы әкімдігінде сөйлеген сөзін қалың жұртшылық зор ықылас сезіммен қабылдап, қызу талқылауда. Әсіресе, Президенттің Астана активімен кездесу кезінде 2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатындығы туралы мәлімдемесі ақпараттық кеңістіктегі негізгі тақырыпқа айналды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі ...

    Толығырақ »

    Ру тарихын зерттемей, ұлт тарихын түгендеу мүмкін емес

    Сақтардың, ғұндардың, түркілердің және осы түркілерден тараған бүгінгі түркі халықтарының басынан кешкен тарихтары – бәрімізге ортақ бір ғана тарих. Бүгінгі қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңдері мен алғашқы қазақ атауымен құрылған мемлекет «Қазақ хандығы», оның заңды жалғасы бүгінгі Қазақстан Республикасы. Мына алмағайып уақытта «Мәңгілік ел» болу үшін тарихи тамырымыздың тереңде екенін, «Қазақ Елін» құрап отырған ұлттың, қалаберді бүкіл түркі жұртының ...

    Толығырақ »

    Елдік белестері

    БҰРЫНҒЫ БІР «ЕРТЕГІ» – БҮГІНГІ КҮННІҢ ЕРМЕГІ Заман да, адам да өзгереді. Уақыт өте келе тарихи шындыққа негізделмеген, үстіртін ой-пікірлер ығысып, дәйекті жаңа тұжырымдарға орын беріліп жатады. Себебі бұл – өмір заңы, онсыз қоғам дамуы жөнінде сөз болуы мүмкін емес. «Жеңіске жеткендердің» «ой қуатымен» жазылған қазақ халқы тарихының пайымдалуы да соңғы уақытта өзгеріске ұшырауда. Қайта қарастырлып отырған проблемалардың ішінде көшпелі социумдардың ...

    Толығырақ »

    Қазақ атауы қайдан шықты?

    Бiздiң арғы-бергi тарихта қазақ атауы шығу төркiнiнiң бiрнеше нұсқасы бар екенi белгiлi. Бiр нұсқада қазақтың арғы атасы сақ болғандықтан «қассақ» атанып, содан қазақ атанғанбыз десе, тағы бiрiнде қазақ «еркiн, азат» деген ұғыммен мәндес болғандықтан «қазақ» атанған дейтiн болжамдар бар. Солардың бiреуi – алаш арысы Мұқаметжан Тынышбаев «Великие бедствия…»*(«Ақтабан шұбырынды») атты әйгiлi шығармасында айтылатын Крафт есiмдi зерттеушi ғалым талдаған аңыз – ...

    Толығырақ »

    Қасиетіміз де, қастеріміз де — Қазақ хандығы

    «Ана тілі» газетінің 2011 жылдың №22 (1070) санында тарих ғылымының докторы Берекет Кәрібаевтың «Керей мен Жәнібек хандар «Қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар болды» атты зерттеу мақаласы жарық көрген болатын. Қазақ хандығы туралы тақырыпқа көптен қалам тартып келе жатқан автор болғандықтан, бір деммен оқып шықтым. Десек те, мақалада Қазақ мемлекетінің қалыптасуына қатысты қайшылықтардың бар екенін де атап өтпеуге болмас. Кезінде Қазақ хандығы ...

    Толығырақ »

    Қасым хан

    Тарихта ұлы адамдар аса маңызды оқиғалар мен өте күрделі бетбұрыс кезеңдерде айқын көрінетіні белгілі. Өйткені олар белгілі бір тарихи дамулардағы ірі өзгерістерге белсене қатынаса отырьп, оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпейді, керісінше, өзгерістердің тез немесе баяу дамуына, оқиғалардың объективті барысына, өрбу бағытына өзіндік жеке рөлін қосады. Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды, неғұрлым терең болса, соғұрлым олардың есімі халықтың тарихи ...

    Толығырақ »

    Қазақ хандығының қилы кезеңі

    Дербес елге айналған Қазақ хандығының нығая түсуіне шығыста 1635 жылы Батыс Моңғолияны мекендейтін, Ойрат одағына кіретін тайпалардың бірігіп, Жоңғар (Сол қанат) хандығын құруы және бұл мемлекеттің о бастан-ақ қазақ жеріне көз тігуі Қазақ хандығының тәуелсіздігіне үлкен қауіп төндірді. Бұл тұста қоңырат Алатау, алшын Жиембет, шапырашты Жанай мен Қарасай, Әйтей, арғын Қомпай және Ағынтай, найман Көксерек, қаңлы Сарбұқа, дулат Құдайберді, Жақсығұл, ...

    Толығырақ »

    Қазақ атауы туралы бірер ой

    Тарихтың сарын жолы екіге бөлінеді: бір бөлек тарихтың пайдаланғаны соғыс істері… Тарихтың екінші түрлісінің (мұны орыс тілінде история культуры дейді) пайдаланғаны — жұрттың болмыс-салты, рухани мәдениетінің дәрежесі. Бұлардың бәрі сол жұрттың сол замандағы тіккен үйінен, киген киімінен, ұстаған аспаптарынан, сөздерінен білінеді. Анық тарих — осы екіншісі. Ә. Бөкейханов. Мақалаға көз жүгірткен оқырманның тарапынан ұлт этнониміне айналған «қазақ» сөзінің салтқа қандай ...

    Толығырақ »

    Хан атауына қатысты ұғымдар

    Хан – байырғыхандықмемлекеттегі ең жоғары лауазым, билік иесі, ел билеуші. Қазақ хандығындағы жоғарғы билік ханның қолында болды. Хан титулы ежелгі түркі заманынан бастау алып, Моңғол империясы кезеңінде қолданысқа ие болып, Қазақ хандығы тұсында ең жоғары лауазымды білдірді. Хан сөзінің шығу тегін В.Радлов, В.Бартольд, Г.Рамстедт, Б.Владимирцов, М.Оразов сынды белігілі түркологтар жан-жақты қарастырған. Зерттеушілердің көбісі хан сөзінің көне түркі заманында ең жоғары ...

    Толығырақ »