• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қазақ хандығы (page 2)

    Қазақ хандығы

    Алапат апат қарсаңындағы жағдайлар

    Қарақұм құрылтайынан кейінгі жылдары Әбілқайыр ханның әскери жасақтары терістік-батыс шекараны қорғауға батыл кірісті. Еділ қалмақтарымен, Жайық казачествосымен, тіпті башқұрттармен де жиі-жиі шайқасып қалып жүрді. Әбілқайыр ханның өзі де әлсін-әлсін ел тыныштығын бұзушыларға қарсы шабуылдар жасап қоятын. Қазан қаласына дейін барды. Жайық қалашығын айдан астам уақыт бойы қоршауға алып тұрды. Оңтүстік Орал, Еділдің орта ағысы және Сібір аймақтарындағы қазақ елімен шектесетін ...

    Read More »

    Қарақұм құрылтайы

    1710 жылы Арал теңізінің солтүстігіндегі Қарақұмда Қаракесек құрылтайы өтті. Оны тарихта Қарақұм құрылтайы деп те, Қаракесек құрылтайы деп те таңбалай береді. Өйткені бұл жиын өткен Қарақұм алқабын негізінен Қаракесек ру-тайпалары мекендейтін. Осы халық құрылтайына шартараптан жиналған жұртшылық өкілдері (төрелер, билер, рубасылар, өзге де түрлі шонжарлар, ақсақалдар, батырлар, сарбаздар) өздерінен күші басым қаһарлы жауға жұмырықша жұмылып, бүкіл ел-жұрт болып бірігу жолымен ...

    Read More »

    Батыс өлкедегі маңызды қорғаныс шарасы

    Тәуке хан елдің батыс өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін батыл шара алуға тектен-тек бекінбеген еді. Оның түпкі себебі сол, орыс мемлекетінің жүргізген соғыстарына белсене қатысу арқылы патша сеніміне әбден кірген, тиісінше, патшалықтың  қамқорлығы арқасында Қалмақ хандығын күшейтіп, қуатты, жақсы ұйымдастырылған әскер жасақтап  алған Аюке хан Қазақ хандығының терістігіндегі бітіспес жауына айналған болатын. Қалмақ хандығының әміршісі шапшаң да оралымды жасақтарымен әуелде ...

    Read More »

    Жоғары дәрежедегі саяси ойдың оң нәтижесі

    Таққа отырған бетте душар болған жоңғар шапқыншылығының бетін қайтарғаннан кейін, Тәуке хан мемлекеттің ішкі мәселесіне қатты назар аударған болатын. Ондаған жылдарға созылған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш заманда босаңсып, бытыраңқы күйге түскен қазақ қоғамын қайта тұтастыруға күш салған. Осы орайда Тәуке хан мемлекетті, мемлекеттің құрылымын нығайту жолдарын қарастырды. Тыныш заманда ұмыт қалған тәртіпті – Есім хан дәуірінде енгізіліп, бертінгі кезеңде ...

    Read More »

    Күрделі саяси жағдай және жаңа реформа қажеттігі

    Елдегі ішкі жағдайды біршама реттеп алғаннан кейін, Тәуке хан жоңғарлар ұстап әкеткен ұлын босатып алуға әрекеттенді. Далай-Лама оның тілегіне құлақ асып, баласын Тибеттен еліне қайтарған. Қасына бес жүз адам ілестірілді. Тәуке хан оларды өз діндерін уағыздау мақсатымен жіберілген буддашылар ретінде тұтқындап, қошеметшілерді басқарып келе жатқан нойонды өлімге бұйырған. Осы жәйтті жоңғарлар кейін қазақ хандығына тағы да бір жойқын шапқыншылық жасау ...

    Read More »

    Жаңа шапқыншылық желеуі және оған қарсылық

    Қазақ еліндегі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда аса еленбейтін ұсақ қақтығыстармен шектеліп келген қазақ-жоңғар қарым-қатынасы, ақыры, 1680 жылы күрт бұзылды. Осы жылы қазақ тағына Жәңгір ханның ұлы Тәуке отырғаны мәлім. Әкесі ел билеген шақта елшілік қызметтер атқарған, алғашқы әскери ерліктерімен көрінген Тәуке сұлтан Болат ханның құзырында да ел игілігі үшін еңбек етіп, әр салада көзге түскен, жұрт ықыласына бөленген. Ол ...

    Read More »

    Қазақ еліндегі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман

    Жоңғар хандығы 1635 жылы құрылғаннан бастап қазақ жеріне үздіксіз шапқыншылық жасап жүргенде ұдайы  қорғаныс ісін ұйымдастырған, дұшпан жойқын жорығымен төндірген қатерден  қазақ мемлекеттігін жойылудан аман сақтап қалған Салқам Жәңгір  1652 жылғы cоғыста Галдамба нойонмен жекпе-жек шайқасып қаза тапты. Осы жылғы ұрыстардан кейін едәуір уақыт бойы тыныштық орнады. Тарихи еңбектерде сол шақтағы екі хандықтың бір-біріне қарсы бағытталған ірі әскери жорықтары жайында ...

    Read More »

    Жоңғар шапқыншылығы төндірген қатер және қазақ мемлекеттігінің cақталуы

    Салқам Жәңгір жоңғарлардың қазақ еліндегі шұрайлы жерлер мен  Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтарына сұқтанатынын,  соларға қол жеткізу үшін үздіксіз шапқыншылық жасай беретінін  айқын түсінетін. Шынында да, Ертістің бастауында 1635 жылы «Төрт Ойрат Одағы» (Жоңғар хандығы) құрылып, ойрат тайпалары күш біріктіргеннен кейін, олардың билеушісі Батыр қонтайшы бұл ниетін ашық көрсетті. Сол жылы бірден қазақтарға қарсы алғашқы ірі шапқыншылығын жасады. Мақсаты белгілі, ...

    Read More »

    Қазақ мемлекеттілігіне қатер төндіретін сыртқы жағдайлар

    Қазақтың бірталай ру-тайпалары өзге де түркі тайпаларымен  бірге 15–16-шы ғасырларда Сібір хандығы құрамында болатын. 1563 жылы бұл хандықты Шайбан әулетінен шыққан Көшім хан басқаруға кіріскен. Осы  шақта хандық аумағы Ертіс, Тобыл өзендері алабынан Орал тауларына дейінгі кеңістікті алып жатты. Ол әуелде Қазан хандығымен шектесетін. Қаһарлы Иванның Қазанды басып алуына байланысты, Сібір хандығы енді Мәскеу патшалығымен шекаралас болып шықты. Мәскеу мемлекетінде ...

    Read More »