• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Қазақ хандығы

    Қазақ хандығы

    Қырғыз тарихшысы Б.Солтоноевтың Кенесары хан туралы жазбалары

    Түгелдей дерлік, тарихшы-зертеушілер, өз еңбектерінде Қырғыз тарихшысы Белек Солтоноевтың (1878-1938) еңбектерін пайдаланып, сілтемелер жасайды. Осы белгігілі тұлғаның, Кенесары хан туралы жазбаларына тоқтала кетсек. Белек Солтоноев — Қырғыздың атақты тарихшы, әдебиетшісі. Қырғыз тарихына арнап жазған белгілі еңбегін араб әріпімен 1895 жылдан бастап, 1934 жылы (40 жылдай уақыт) аяқтаған екен. Өзі, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, атылып кеткен, 1955-жылы ақталған. Б.Солтоноев Еңбегі басында ...

    Толығырақ »

    Кенесары ханның кегін қайтарған ер Тәнеке

    Ұлттық код дегеніміз – қай заманда болсын, ұлтының, халқының, ханының намысын таптатпаған батырларды ұлықтайтын рух болса керек. Осындай ұлықтауға тұрарлық Алаш азаматтарының бірі 15-інде ел билеген Тәнеке туралы қазақтың біртуар перзенті Мұхамеджан Тынышбаев: «1807 жылы Қыдыралы би қайтыс болды. Дәл сол жылы Арғанаты тауларының шығысында, Тасқора шатқалында оның немересі, Дөсет бидің ұлы Тәнеке дүниеге келді» деген мәлімет қалдырған. Тәнеке батыр ...

    Толығырақ »

    Қазақтың 8 мың жылдық тарихы бар

    Бұл туралы тайвандық ғалымдар мәлімдеді. Ежелгі тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Африкадан табылған соңғы материалдар негізінде адамзат өміріндегі ең ілкі кезеңді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде «олдувэй» дәуірі деп аталады. Ол (б.ж.б.) 2,5 млн жылдан басталады. Ежелгі тас дәуірінің одан кейінгі екі кезеңі – 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта ...

    Толығырақ »

    Отан соғысындағы ірі жеңістер

    Жоңғарлар қазақ жерінің шығысы мен Жетісуды және Сырдарияның орта ағысы өңірін басып алғаннан соң  Ұлытауға қарай бет бұрған. Ордабасы құрылтайы жігерлендірген біріккен қазақ әскерлері Әбілқайыр ханның қолбасшылығымен Түркістан–Ташкент алқабындағы ондаған қазақ қаласын қайтадан жаудан тазартып, елдің орталық аймағына беттеген жоңғар қолына шешуші соққы беруге әзірленді. Бас қолбасшы Әбілқайыр ханның басшылығымен қазақ батырлары 1726 жылдың соңында және 1727 жылы әскери қимылдарды ...

    Толығырақ »

    Отан қорғауға бүкіл халықты жұмылдыру

    Әбілқайыр баһадүр қалмақтармен екі арада 1726 жылғы келісімге қол жеткізісімен, Жайық аймағындағы әскери-саяси қызметін оңтүстікті жайлап алған басқыншы жоңғарларға қарсы күресу мәселесіне аударды. Цеван Рабданның қолбасшы ұлдары бастаған жоңғар әскерінің 1723 жылғы қанқұйлы шапқыншылығы екпініне Әбілқайыр хан төтеп бере алмағанын еске түсірді. Кескілескен шайқас барысында күллі оңтүстік жазираны қазақ елінің астанасы Түркістанмен, сол өңірдегі барша қалаларымен жау қолына қалдыруға мәжбүр ...

    Толығырақ »

    Азаттық үшін арпалысудың алғашқы кезеңі

    Басқыншылардың қарақұрым  әскері оңтүстік аудандарға төбеден жай түскендей баса-көктей кіріп, ел-жұртты көл-көсір қайғы қасіретке душар еткен «Ақтабан шұбырынды» трагедиясының алғашқы айларында қазақ әміршілері қатты есеңгіреп қалған. Дұшпан қазақтардың басты саяси орталығы Түркістан шаһарын басып алды. Жеңіліске ұшыраған ел билеушілері қанды шайқас барысында  қаланы тастап кетуге мәжбүр болды. Астанада тұратын басқарушы элитаның көшіп үлгермеген отбастары, солардың ішінде аға ханның бәйбішесі, өгей ...

    Толығырақ »

    Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

    Жоңғар хандығының  әміршісі Цеван Рабдан цин-қытай армиясына қарсы тұру шараларын жасаумен қатар қазақ еліне жаңа шапқыншылық жасау жоспарын да ойластырып отырған шақтағы, яғни қайғы-қасіреті ұшан-теңіз әйгілі апат қарсаңындағы қазақ елінің басқарылу құрылымын шола кетейік. Кейінгі жылдарғы беделді зерттеушілердің ғылыми айналымға қосқан соны мәліметтеріне қарағанда, Ұлы жүзді 1720 жылдан бастап Абдолла ханның ұлы Жолбарыс хан басқарып тұрған. Оның ордасы, әкесінің мұрагері ...

    Толығырақ »

    Ақ Орда мемлекеті және Қазақ хандығы кезеңіндегі Сыр өлкесі

       Ақ Орданың пайда болуы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына алғышарттар тудырды. Зардыхан Қинаятұлы: «Ақ Орда мемлекеті қазақтың алғашқы мемлекеті ғана емес, қазақ халқы, оның ұлттық ой санасы қалыптасуының ұйытқысы (концентрат) болып табылады»  деп оның қазақ тарихындағы орнын айқындайды. Ғалымның олай айтуының себебі қыпшақ тайпалары үстемдік құрған Дешті Қыпшақ Даласына моңғолдардың келуі орасан өзгерістер туындатты. Сырдың бойында жағалай орналасып, «ел-бөрілі» руынан басшысын ...

    Толығырақ »

    Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі

      Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-әңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз және де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары  мен билерін–сұлтандарын бағындыра алғанын және де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мәлімгер, күйші ...

    Толығырақ »