• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Асыл қазына (страница 3)

    Асыл қазына

    Ақындар айтысы – ұлттық қазынамыз

    Қазақ сөз өнері тарихындағы авторлары белгілі айтыс өлеңдері – ұлттық әдебиетіміздің дәстүрлі мұрасы, халқымыздың рухани мәдениет қазынасы. Айтыстарға қатынасушы ақындардың әрқайсысының әлеуметтік-қоғамдық, эстетикалық-гуманистік дүниетаным көзқарастары шығармаларының халыққа жағымды ықпалын айқындайды. Осы ықпал арқылы ақындардың шығармашылық деңгейін бағалайтын халықтың сыншыл талғамы да танылады. Айтыстардың авторлық нұсқалары – әдебиет ұғымының аясында қарастырылатын мұралар. Әрбір ақынның сөз арқауына алынатын мәселелерді авторлық идеяның мақсатты ...

    Толығырақ »

    Музей – тарихтың көзі

    Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында 2005 жылдың қыркүйек айында ауданның құрылуына 45 жыл толуына орай «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында тарихи-өлкетану музейі ашылды. Музейдің құрылуындағы негізгі мақсат – өскелең ұрпаққа тарихи мұралардың қадір-қасиетін насихаттау, ел мен жерді құрмет тұту сезімін қалыптастыру. Жастарымыздың рухани байлығын дамытып, мәдениеттілігін арттыру. Музейге қойылған жәдігерлер қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертеді. Олардың арасында көздің қарашығындай сақталып келе ...

    Толығырақ »

    Есіктен табылған ескі ыдыс…

    АЛҒЫСТЫ ҚАЗАН БА, ҚАРҒЫСТЫ ҚАЗАН БА?    Мың жылдығын атап өткелі отыр­ған Алматы төңірегі сыры ашылмаған тарихи-археологиялық тылсымға толы. Мегаполис аума­ғында ресми тіркеуге алынған 17 археологиялық кешен бар. Оның жартысына жуығы әлі күнге «жабу­лы қазан…» күйінде жатыр. Дегенмен тарихтың өз есебі  өзінде. Мың жылдық мереке қар­саңында Алматы төңірегі біртіндеп ежелгі құндылықтарын таным ай­дынына шығара бастағанға ұқсай­ды… Көшпелі қазақтың басты тілек­терінің ...

    Толығырақ »

    Хан Кененің қылышы

    Кенесары ордасындағы сыйлы адамдар мен әскербасылар қызыл қынапты қылыш асынған. Ендеше, Кенесарының қызыл қынапты қылыш ұстауы тарихи шындыққа бір табан жақындай түсетін сияқты Кейінгі жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде Кенесары хан туралы аз жазылған жоқ. «Хан сүйегін іздестіру» жорығы аясында жарияланған мақала-материалдарды айтпағанның өзінде, хан Кененің мылтығы мен сауыты жөнінде келелі әңгімелер қозғалған-ды. Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Омбы облыстық өлкетану мұражайынан ханның ...

    Толығырақ »

    Жар басындағы жәдiгердiң жанайқайын кiм естидi?

    Сарайшық! Салтанаты асқан, мейманасы тасқан шырайлы шаһар. Туған халқының өткеніне бейжай қарамайтын әрбір қазақ үшін бұл қала өзінің тағылымды тарихымен, өрелі өркениетімен, сәнді сәулетімен бағалы, талай марғасқа хандар мен апайтөс батырлардың тұлпарының тұяғының дүбірі тиюімен қастерлі. Киелі өлкенің қасиетіне тәу етіп, көне қаланы бір көрсек деген тілегіміз қабыл болып, жақында Атырау қаласына табанымыз тиді. Сәті түсіп, Сарайшыққа да соқтық. ҚИЯЛДАҒЫ ...

    Толығырақ »

    Таңбалы тастарға жойылу қаупі төніп тұр

    Ата-балаларымыз тағылымын, дүниетанымын тасқа қашап жазып қалдырған емес пе?! Арғы аталарымыздың қолының таңбасы қалған Алматы облысындағы Таңбалы тасқа барып қайтуды көптен бері ойға алып жүрген едік. Жуырда соның сәті түсті. Виталий және Ирина Хромец есімді ерлі-зайыпты дінтанушы (Киев университетінің дәріскерлері) ғалымдарды жеке көлігімізбен Таңбалы тасқа алып барып қайтуға ұсыныс жасалғанда ойланып-толғанып жатпастан-ақ бірден келісімімізді бердік. Ал жолбасшылыққа ұстазымыз, түркітанушы ғалым ...

    Толығырақ »

    Көне қазыналарымыз көрінгеннің уысында кеткені ме?!

    Қалың қатпарлы тарихтың қыр-сырына қанық ғалымдар Сырдың бойындағы әрбір төбенің астында жатқан бір сыр бар екенін тілге тиек етеді. Расында, бұл әңгіме бекерден-бекер айтылған жоқ. Кезінде дария бойында мыңға тарта шаһар болған деседі. Сыр жерінде 555 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 21-інің республикалық, 274-інің жергілікті маңызы бар. Қалған бөлігі алдын ала есепке енгізілген. Бұл құнды қазынаның қорғалуын Облыстық тарихи ...

    Толығырақ »

    Біздің ескерткіштер неге «сөйлемейді»?

    Тарихшы Манаш Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында: «Халықтың тарихи санасын ояту – біздің парызымыз. Бірақ, біз осы бағытта халықтан тым ұзап, асығыс кетіп бара жатқан сияқтымыз», – деп еді. Ал, бүгінде тарихшы, археологтар мыңдаған тарихи-мәдени ескерткіштерді тапты, зерттеді. Әлі табылмай, не зерттелмей жатқаны қаншама?! Қазір де мәдениетімізді тарихи ескерткіштер негізінде танудың мүмкіндігі туды. Ескі жәдігерлерді сөйлете білсек, рухани тарихымызды да білген ...

    Толығырақ »

    Елдің брендіне айналатын дүние әлі туған жоқ

    Мәселе  ескерткіштер туралы. Қоладан құйылып, тастан өріліп жасалған әлемдік мүсін өнерінің  ғажайып туындылары  қай елдің  де төлқұжаты іспетті. «Мен мәрмәр кесегін қолыма алып отырып, артық жерін сылып тастаймын», деп француздың атақты мүсіншісі Огюст Роден айтпақшы, тастарды сөйлету — өнер құдіретінің белгісі. Еуропаның ежелгі қалаларының қайсысын алсаңыз да ертеден келе жатқан тас мүсіндер сәулетті сарайлардың, ғажайып ғимараттармен біте қайнасып, сондай бір ...

    Толығырақ »