• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Асыл қазына

    Асыл қазына

    Тәңірді Абай және басқа да қазақ ақындары мойындаған

    Құрметті бауырар! Соңғы кезде Тәңір туралы түрлі әңгімелер көптеп айтылуда.   Қазақтар кең далада өмір сүріп ешкімді бөліп-жармаған. Кейбір қазақтар  ата-бабаларының «Адаммен адам тең» деген деген ұлы көзқарасын неге ұмытып бара жатыр? Әлде сырттан келген белгісіз күштер әсер етіп жатыр ма? Кейбіреулер Жаратушыға сенуші адамның басқа сенімді ғайбаттауға құқы жоқ екенін ұмытып кеткен сыңайлы. «Дінде зорлық жоқ» деген Құранның Бақара ...

    Толығырақ »

    Бесік құдалар деп кімдерді атайды?

    Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары ішінде өте бір ерекшелері және бүгінде қолданылмайтындары да бар. Ержеткен ұлды үйлендіру мен бойжеткен қызды тұрмысқа беру мақсатында жасалынатын «Құда түсу» атты белгілі әрі дәстүрлі салттың  бүгінде кейінде қалып, тек кітаптардан ғана оқып-білуге болатын бір түрі «Бесік құда» болу. Сондықтан бесік туралы қысқаша айта кетейін. Бесік нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек. Баланы бөлейтін бесік киелі, қасиетті саналады. ...

    Толығырақ »

    Асанәлі Әшімұлының жас кезіндегі әзіл өлеңі

    Атақты әнші Мұхит (шын есімі – Мұхамбеткерей – Б.О.) Мералыұлының немере інісі Шынтас Қаратайұлы 1913 жылы қазақ және орыс сөздерін араластырып шығарған әнді бүгіндері қазақтың бәрі біледі. Бұл әнді Шынтастың өзінен үйренген, Ғарифолла Құрманғалиұлы керемет шырқайтын. Кезінде «Дос-Мұқасан» тобының музыкалық өңдеуінде тағы бір рет кеңінен танымал болған «Он алты қыз» әнінде екі халықтың есімдері аталады. ОН АЛТЫ ҚЫЗ Астыма мінген ...

    Толығырақ »

    «Абай туралы естеліктер» кітабы бес мың данамен жарық көрді

     Adebiportal.kz порталы жақсы жаңалық туралы жазды. Жақында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің асыл қорында сақталған қолжазбалардың негізінде «Абай туралы естеліктер» кітабы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы аясында 5000 таралыммен жарық көрді. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған – жазушы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейінің директоры Болат Жүнісбеков. Оқырмандар бұл кітаптан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың хәкім Абайдың ЮНЕСКО ...

    Толығырақ »

    Қыпшақ бабалар жазбасы Арменияда қайдан жүр?

    Армян қарпімен хатқа түскен қыпшақ тіліндегі қолжазбаларды зерттеуге саналы ғұмырын арнаған түрколог ғалым, Халықаралық Қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері ҚҰДАСОВ Сейсенбай Жолайұлымен тілдесудің орайы келгенін айтқан едік. Бұған дейінгі әңгімемізде Гүржістанның қалыптасуына қыпшақтардың ықпалы сөз етілген болатын. – Қыпшақтар оңтүстік Кавказға табан тірегенде гүржілер қауымдасып қалған ел сияқты көрінеді де, армяндар бытыраңқы жұрт тәрізді байқалады. Көшпелілердің армян ...

    Толығырақ »

    Ұлы қазақтар әзілдейді

    Өнер алды қызыл тіл» деп білетін қазақ халқы әзіл арқылы көңіл көтеріп қана қоймай, әшейінде айтыла бермейтін, қоғамға ой салатын пікір білдіретін болған. Халқымыздың ұлы перзенттерінің әзілдері халықтың рухани байлығы ретінде сақталып келеді. Көпшілік ұлы адамдардың әзілдерін жаттап алып елге таратып отырған. Әдебиет зерттеушілері бұл рухани байлықтарды жинап бүгінге жеткізді. Бүкіл ғұмырын Қаратау атырабының ақындарын зерттеуге арнаған ғалым Әсілхан Оспанұлы ...

    Толығырақ »

    «Қара жорға» биі кімдікі?

    Қазақ билерінің бүгінгі таңдағы ең танымалы «Қара жорға». Осы биді тарихи отаны Қазақстанға шет елдерден қайтып келген бауырлар алып келді деген пікір бар. Бұл сөз кезінде біраз әңгіме арқауы болып бір телехабар түгелімен осы биге арналды. Мәдениеттанушы ретінде бұл хабарға мен де қатысып өз пікірімді білдірдім. Егер мұқият зерттелсе бұл бидің қазақ жерінде баяғыдан бар екені нақты дәлелденеді. 1934 жылы ...

    Толығырақ »

    Атыраудан табылған альбареллоның сыры

    Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорын  толықтырған құнды жәдігерлердің бірі Сарайшық қаласының қазбасынан табылған қыш ыдыс – альбарелло. Қазба жұмысы кезінде (2017ж.) тандыр пештің түтін жүретін арнасынан бүтін күйінде табылған болатын. Қыш ыдыстың тұлғасы цилиндр пішінді, түбі сақиналы тұғырлы келген, айырықша кең мойынды. Ыдыс сарғыш топырақ түстес сырмен сырланған. Сырлы ыдыстың тұлғасы оюлы композициямен көркемделген. Тік тілік сызықтармен сызылған төрт жолақтан ...

    Толығырақ »

    Нұрғали бақсының қобызы

    Қостанай сапарымызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өлкедегі танымал бақсы болған Нұрғали Күзембаевтың нарқобызын өз көзімізбен көріп, тамашалаған едік. Бұл жәдігердің жақсы сақталуына ұрпақтарының атамұра алдындағы жауапкершілігі себепші болған екен.  Музейдің ғылыми әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Нәзима Қуанышбайқызы айтуынша, бұл нарқобыз қарағаштан, кей бөліктері тобылғыдан жасалған. Алдыңғы бөлігі терімен қапталған, жоғарғы жағында өрнектелген темір қаңылтыры бар. Ортасында — күрең ...

    Толығырақ »