• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Алаш ұлдары (страница 17)

    Алаш ұлдары

    Марван Хамитова: Майталман Марғұланды қазаққа да, әлемге де таныту керек

    Марван Арынқызы Хамитованың кіндік кескен жері – Баянауыл ауданы. Оның есімі зиялы қауымға әдебиеттанушы, шығыстанушы, ұлттық археология ғылымының негізін қалаушы Әлкей Марғұланның өмірі мен өнегесін зерттеуші ретінде таныс.  Қазіргі уақытта Марван Арынқызы Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы Біліктілікті арттыру институтының директоры қызметін атқарады. Тарих ғылымдарының кандидаты ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен, Ы.Алтынсарин ...

    Толығырақ »

    Амангелді Кеңшілікұлы. СЕГІЗІНШІ АСПАНДАҒЫ ӨМІР

    Ақын Әмірхан Балқыбектің дүниеден өткеніне де күн артынан күн өтіп барады. Қыршын кеткен арғымағым 2014 жылдың 18 мамырында 45 жасқа ғана толар еді. Осыдан жиырма жылға таяу уақыт  бұрын аяулы досымның «Метаморфоза» атты тырнақалды жыр жинағы жарық көргенде поэзиямызға талантты ақынның келгеніне шын қуанып, халықтан сүйінші сұрап, ілтипатымды білдіріп, мақала жазған едім.  Жазған мақалам «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көргенде Әмірханның  есі ...

    Толығырақ »

    «Қасқабасовтікі қасқа жол, басқалардікі басқа жол» немесе ұстаз ұлағаты

    Ұстазым, академик Сейіт Асқарұлы – батыс пен шығыс мәдениетін қатар меңгерген, сол биіктен өз ұлтының руханиятына терең үңіліп, байыпты баға бере алатын зерек тұлға. Әдетте, кейбір кісілер батыс мәдениетіне ауып кетсе, өз елінің топырағына орала алмай будан күй кешеді, ал қазақы аяда қалғандары қазақбайшылықтан бойы аса алмай, бөгде құндылық атаулыны жат көріп, тағы да жарымжан халде жүреді. Менің ұстазым еуропаның ...

    Толығырақ »

    Қалаға Әлихан Бөкейхан есімі берілсін

    Курчатов қаласына Әлихан Бөкейхановтың атын беру керек. Себебі, келесі жылы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл, 2017 жылы Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл  толады. Біз әлі күнге дейін Петропавл мен Павлодар қалаларының атын өзгерте алмай жалтақтап жүрміз. Осы қалалардың тарихи атын беру жөнінде нақты бір шешім жоқ. Ал кезінде әскери сынақ алаңындағы жабық та, жасырын қала болған Курчатовтың алғашқы атауы ...

    Толығырақ »

    Қазақ зиялысы

    Әлемдік өркениетте қазақ халқынын өз атымен, тілімен, өз дінімен, мемлекеттігімен орын тепкеніне 6 ғасыр шамасындай уақыт өткен екен. Ақбас тарих үшін бұл айтарлықтай ұзақ уақыт емес. Әйткенмен қамшының қысқа сабындай көрінетін осынау ғасырлар аясында халқымыз жеңісті жарқын күндерді де, қара бұлттай каптаған сын сағаттарды да бастан өткерді. XVIII ғасыр басында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» аман қалған, жоңғардай жойқын жаудың бетін ...

    Толығырақ »