• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама (page 2)

    Адырнама

    Ақсай ұстаздарына жастарды әлеуметтендіру жобасы түсіндірілді

    Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы нөмірі 4-ші жалпы білім беретін орта мектепте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» жастарды әлеуметтік дамыту бойынша жобасының мазмұнын насиxаттау, жоба аясындағы байқаудың ережелерін таныстыру, жас толқынды әлеуметтендіру туралы түсінік қалыптастыру мақсатында тағылымды іс-шара өтті. Онда Бөрілі ауданы білім бөлімі мамандары мен әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, белсенді жастар қатысты. Жобаны жүзеге асырушы «Адырна» ұлттық-этнографиялық ...

    Read More »

    Шыңғырлау ұстаздары әлеуметтік жобаны жақсы қабылдады

    Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауылының Қылышов атындағы орта мектебінде “Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» гранттық жобасы аясында жастарды әлеуметтендіру бойынша ұстаздар қауымына оқыту дәрістерін өткізді. Жиында жоба мақсаты мен міндеттері, жастарды ынталандырудың жолдары мен әдістері түсіндіріліп, соңы сұрақ-жауап негізіндегі талқылауға ұласты. Шараға қатысқан Шыңғырлау ауданының ұстаздары атаулы жобаға ерекше ықылас білдірді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Самат Байболат жастарды әлеуметтендіру ...

    Read More »

    Қаратөбелік жас ұстаздар әлеуметтендіру жобасымен танысты

    4 қазан күні Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша іске қосылып жатқан жастарды әлеуметтендіру жобасы аясында, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің өкілдері жобаны жүзеге асыру мақсатында мұғалімдермен семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг жастардың рухани, әлеуметтік, зяткерлік, физикалық және жеке дамуына жағдай жасау бағытында және не сабақ оқымайтын, не ...

    Read More »

    Ел-жұрт Би-ағаның есімін таңдады!

      Жақында Қостанай облысындағы Таран ауданының аты Бейімбет Майлин атына өзгертілді. Енді аудан қызыл империяның қолшоқпары Л.Таран атымен емес, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің қазығын қаққан қаламгерлердің бірі, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің есімімен аталады.     Осыған орай Алматы көпсалалы колледжінде арнайы кездесу өтті. Оған жазушының ұрпағы Салтанат Майлина, бейімбеттанушы-ғалым Жұмабек Табын, колледж директорының орынбасары Жаңыл Нүсіпжанова және студентер қатысты. ...

    Read More »

    Студенттер Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағына құрмет көрсетті

    Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Тарихтан тағылым» жобасы аясында, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы Айман Байсалқызымен кездесу өткізді. Кездесу алдында құрметті қонақ Айман Байсалқызы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің қызметкерлері колледждің студенттері жасаған қолөнер бұйымдар және қазақтың ұлттық аспаптар көрмесімен танысты. Кездесуге филология ғылымдарының кандидаты, ...

    Read More »

    Ұстаздар жобаға қызығушылық танытты

    Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы білім бөлімінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» жастарды әлеуметтендіру және дамыту жобасы бойынша ұстаздарды шара өтті. Мұнда 6 әлеуметтік бағыттан тұратын байқау таныстырылып, жоба туралы мағлұматтар ортаға салынды. Аудандық Ішкі саясат басқармасы, білім бөлімі, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жалпы ұстаздар қауымы қатысты. Жалпы шараға 30 жуық кісі қатысты. Сырым ауданы ...

    Read More »

    Казталовкада әлеуметтік жоба таныстырылды

    Батыс Қазақстан облысындағы Казталовка ауданының Казталовка ауылындағы Казталовка мектебінде жастарды әлеуметтендіру жобасы бойынша оқыту шарасын өткізген едік. Оған 40-қа жуық оқытушылар қатысып, сертификаттармен марапатталды. Біздің 6 бағыттық әлеуметтік жобамызды аудан деңгейінде ұйымдастырушы ретінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Ишанова Назгүл Назымбекқызы бекітілді. Атаулы жоба ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі тарапынан ұйымдастырылуда. «Адырна» ұлттық ...

    Read More »

    Жәнібектегі ұстаздармен жүздесу

    «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің мұрындық болуымен Батыс Қазақстан облысының Жәнібек аудандық білім беру бөлімінде жастарды әлеуметтендіру бойынша семинар-трениг өтті. Онда жастар ресурстық орталығы, аудандық білім беру бөлімінің және мектептен тыс жұмыс орталығының мамандары, мектеп ұстаздары, жалпы 20-дан аса кісі қатысты. Аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі бойынша әдіскері Қанатов Ерсін Еркінұлы Жәнібек ауданы бойынша Жобаны жүзеге ...

    Read More »

    Сайxында өткен семинар

    Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданының Сайхын елді-мекенінің С.Бабажанов атындағы мектебінде жастарды әлеуметтік дамыту жобасы бойынша семинар-тренинг өтті. Ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы, аудандық білім беру бөлімінің мамандары, мектеп және колледж ұстаздары, жалпы 30-дан астам адам қатысты.  Атаулы шара өткен мектептің ұстаздары жобаға өте қатты қызығушылық танытып, балаларын 6 бағыт бойынша өтетін байқауға қатыстыруға уәде етті. Бөкейорда ауданы облыстың ең ...

    Read More »