• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Адырнама (страница 14)

    Адырнама

    Жоламан Құжиман, әнші: Ән салсаң мамырлатып…

    – Жоламан аға, сіз Мәдидің «Қараке­сек», «Қарқаралы», «Үшқоңырын», Үкі­лі Ыбырайдың «Толқын», «Шалқыма­сын», Ақан серінің «Үш тоты құс», «Шәм­шi-қамар» әндерін, сондай-ақ Біржан салдың да әндерін орындап жүрсіз. Дәстүрлі әндердің бүгінгі аудиториясы қандай? – Дәстүрлі әндерді тыңдайтын аудитория қазіргі таңда кең деп айта алмаймын. Баяғыда кеңестік дәуірде халқымыз Бір­жан, Ақан серілердің әндерін іздеп жүріп тыңдаушы еді. Қазір өкінішке қарай олай емес. Маз­мұны ...

    Толығырақ »

    «Біржан деп атым шықты алты алашқа»

    Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біржан деп атым шықты алты алашқа» атты қазақтың біртума сал-серісі Біржан Қожағұлұлының әндерінен кеш өткен болатын. Осы концерт барысында әнші-композитор туралы бірталай тың деректер айтылып, жарыққа шықпаған кейбір туындылары алғаш рет орындалды. Туған жері Көкшетау өңірінен Біржанның шөбересі Марал Мұхамедқалиұлы Теміртасов арнайы келіп, атасы туралы сыр ...

    Толығырақ »

    «Ән Мұхиты»

    27 сәуір күні Қазақконцерт залында қазақ халқының көрнекті әнші-композиторы Мұхит Мерәліұлының 170 жылдық мерейтойына орай «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлесіп өткізуімен «Ән Мұхиты» атты кеш өтеді. Бұған дейін Біржан сал, Ақан сері шығармашылығынан ән кештерін ұйымдастырған «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі дәстүрлі музыканы сағынып жүрген үлкен кісілерді Мұхит әндерімен қауыштырып, оның мұраларын жас ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтып отыр. ...

    Толығырақ »

    Мұхит әні самғады

    Алматының «Қазақконцерт» залында халқы­мыздың қайталанбас атақты композитор әншісі Мұхит Мералы­ұлының 170 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Адыр­на» ұлт­тық-этнографиялық бір­лес­тігінің бірлесіп ұйымдас­тыруымен «Ән Мұхиты» атты кеш өтті. Қазақ музыка өнерінің мақтанышы Мұхиттың әндерін сағынып, сусап қалған әнсүйер қауым көп жиналды. Салтанатты кешті атақ­ты әнші Ғарифолла Құрманға­лиев­тің шәкірті, одан тәлім-тәрбие алған, республикаға еңбегі сіңген әртіс Сәуле Жанпейісова жүргі­зіп отырды. ...

    Толығырақ »

    Ақан әндері – ұлттық рух жаршысы

    Еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстанда» «Аңсатқан Ақан ән­дері-ай немесе «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі ұйым­дас­тырған бір ән кешінен түйген ой» де­ген тақырыппен биылғы 1 ақпан­да журналист, ақын Қорған­бек Аман­­жолдың мақаласы жарқ ете қалды.Мәдениеттің мақсаты өзін бас­қаға таныту әрі мойындату. Өзін-өзі таныту – өркениеттер мен мә­де­ниет философиясында ең басты мәселе. Шығыс пен батысқа өзара дәнекер болып, Еуразиялық өрке­ниет­тің ал­тын бесігі саналатын Қа­зақстан ...

    Толығырақ »

    Қолөнерден қол үзбейік…

     Алматыдағы Ықылас Дүкенұлы атындағы Қазақтың музыкалық саз аспаптар мұражайында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Шебердің қолы ортақ» атты қолөнер көрмесі ашылды. «Жауһар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» мен «Адыр­на» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» бірлесіп ұйымдастырған көрме (2011 жыл) маусымның 23-іне дейін жалғаспақ. Көрме Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көрменің ашылуында домбыра аспабын жан-жақты зерттеп жүрген өнертанушы Жұмагелді Нәжімеденов баяндама жасады. Көрмеде, негізінен, ағаш, темір, ...

    Толығырақ »

    «Көк шоқы» кереметтері немесе Қорқыт қобызы жидеден жасалған ба?

    Қазағымның қолөнер бұйымдарының мәнінде ашылмаған көп сыр жатыр. Сол бір өнерді атадан балаға мұра етіп келе жатқан жердің бірі «Көк шоқы» шеберлер ауылы болып есептелінеді. Елімізде әлі күнге дейін өнерін жұрт естімеген азаматтарымыз қаншама?  Шеберлер ауылы тұрғындарының 80 пайызы қолөнер бұйымдарын даярлаумен айналысады екен. Жуырда ҚазҰАУ -дың, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің, ҚазҰУ-дың студенттері «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен ...

    Толығырақ »

    «Ханнан да қадірлімін туған елге» атты дәстүрлі ән кешіне шақырамыз

    3 маусым күні Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Алаш айнасы» республикалық газеті мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы композиторы, тарлан ақын, жезтаңдай әнші Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ханнан да қадірлімін туған елге» атты концерт өтеді. Кешке Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Сәуле Жанпейісова, Еркін Нұрханов, Еркін Шүкіманов, ...

    Толығырақ »

    «Гәкку» деп жаңғырған аққу арман

    Алматыда «Адырна» бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлы композитор, әнші, ақын Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы­­ның өмірі мен шығармашылы­ғына арналған концерттік кеш өтті. Қара мұрын ұстадан бекзат туған Ыбырай жақсылардың мә­жілісін көркейткен, жан думанына айналған өнерімен, алты қыр­дың астынан естілер аруақты әні­мен туған елге ханнан да қадірлі болғаны аян. Ән сауықтың жаңа пірі, жас перісі топты жарып шыққанда Ақан сері мен Біржан сал бек ләззатлу ...

    Толығырақ »