• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Адырнама (страница 10)

    Адырнама

    Ұлт-азаттық көтеріліс ұлықталды

      Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, филология және журналистика факультеттері мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры бірлесіп 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына орай «Азаттық. Бірлік. Жасампаздық – тәуелсіз елдің мұраты» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізді. Шараны ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы жүргізіп отырды. «1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске жаңаша көзқарас» тақырыбында ...

    Толығырақ »

    «Біздің төл мәдениетіміз эстрада, джаз, рок, симфония емес қой»

    Рамазан СТАМҒАЗЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі, әнші, ұстаз: — Өткен ғасырда құрылған үлкен өнер бірлестіктері, орталықтар, кітапханалар жабылды. Бұл біздің жанымызды жейтін нәрсе. Өйткені, Елдің бәрі Алматыдан Астанаға көшіп кеткен жоқ. Алматыда негізін қалаған адамдардың тұғырлық дүниесін кейінгі ұрпаққа жеткізетін саналы ұрпақ отыр. 62 тамырында өнердің ұлттық рухы жайылған ...

    Толығырақ »

    Балуан Шолақ әндері шырқалды

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалармен жасөспірімдер театрында белгілі әнші-композитор Балуан-Шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан дәстүрлі ән кешін өткізді. Аталған ән кеші түрлі ұлттық аспаптардан тұратын «Арнау» фольклорлық ансамбльмен ашылды.  «Адырна» ұлттық-этнография­лық бірлестігі» қоғамдық қоры 2010 жылдан бері дәстүрлі ән-күй кеш­терін ұйымдастырып келеді. Атап айтсақ, Біржан сал (2010), Ақан сері (2010), Мұхит (2011), Үкілі Ыбырай (2012), Жаяу Мұса ...

    Толығырақ »

    «Үш жүзге атым мәлім Балуан Шолақ»

    2016 жылы, 20 сәуір күні, 19.00 «Адырна» қоры Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Балуан Шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан «Үш жүзге атым мәлім Балуан Шолақ» атты ән кешін өткізуді жоспарлап отыр. «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры 2010 жылдан бері дәстүрлі ән-күй кештерін ұйымдастырып келеді. Атап айтсақ, Біржан сал (2010), Ақан сері (2010), Мұхит (2011), Үкілі Ыбырай (2012), Жаяу Мұса ...

    Толығырақ »

    «Дүлдүл ән мен пырақ күй»

    2013 жылдың 23 сәуірі күні (сағат 19.00-де) Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында «Дүлдүл ән мен пырақ күй» атты ән мен күй кеші өтеді. Ұлыстың ұлы күнін ежелгі сақтардың, ғұндардың ерекше тойлағандығы туралы деректер бар. Сондықтан, Наурыз парсылардың емес, өзіміздің төл мерекеміз. Кеште түркілердің Жаңа жылды қарсы алу дәстүрінен көрініс көрсетіледі. Көшпелі қауымның бүкіл әлемді бағындыруының басты себебі – ең ...

    Толығырақ »

    «Сәкеннің сыр сандығы»

    Ақын, жазушы, қоғам қайраткері, композитор Сәкен Сейфуллинның 120 жылдығына орай, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры бірлесе отырып, 10 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының концерттік залында «Сәкеннің сыр сандығы» атты музыкалық концерт өткізеді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахна тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Дариға Тұранқұлованың жетекшілігімен атаулы оқу орынның стденттері Сәкен Сейфуллинның «Аққудың ...

    Толығырақ »

    «1920-1930-шы жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және алаш азаматтары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция

    Куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алматы қаласы әкімдігі, Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі»  қоғамдық қоры ҚазҰУ-дың әл-Фараби кітапханасында «1920-1930-шы жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және алаш азаматтары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция (2015 ж. 27 мамыр, сағат 11.00-де) өткізеді. Мақсаты – Кеңес Одағы кезеңіндегі Қазақстан жерінде орын алған ашаршылықты, қуғын-сүргін құрбандарын, олардың тарихын, ұлт зиялыларының ел мүддесі үшін күресін, сондай-ақ, ашаршылық кезіндегі ...

    Толығырақ »

    «Адырна» «Нұр Отанның» бас жүлдесін алды

    «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының шілде айында жариялаған «Тілге құрмет — елге құрмет» байқауының жеңімпаздары анықталды. Естеріңізде болса, бұл байқау бес номинация бойынша үздік журналистер мен интернет порталдарды анықтаған болатын. «Адырна» ұлттық-этнографиялық порталы «Мемлекеттік тілдегі ең үздік интернет жоба» аталымы бойынша топ жарды. Жеңімпаздарды «Нұр Отан» ХДП-сының хатшысы, саясаттанушы Ерлан Қарин өз қолымен марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыс етті.  Биыл бұл ...

    Толығырақ »

    «Адырна» клубы Қымбат Әбділдақызымен кездесті

    “Айгөлек” журналын оқитын барша бүлдіршіндердің анасы атанған, бір бойыңа ерлік те, өрлік те, ешкімге ұқсамайтын дара мінезі жинақталған Қымбат Әбілдақызын танымайтын адам кемде-кем. Әсіресе, ол кісінің қазақтық рухы, қай жерде болмасын айтқан жігерлі сөздері “Әй, бәрекелді!” деген сүйсініс тудырады. «Адырна» клубының  ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың қара шаңырағында Қымбат апаймен жарқын кездесу болып өтті. Кей адамдарға сирек берілетін бір қасиет бар. Ол қандай ...

    Толығырақ »