• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Адырнама

    Адырнама

    Тағылымы мол кездесу

    Қыркүйектің 13 күні Алматы қаласының Ұлан гвардиясы № 75/52 бөлімшесінде Ауған соғысы ардагерлері Байбалақов Ержан, Жүсіпов Әли, Жүсіпов Серікбай және Молдабаев Қанатпен кездесу өтті. Бұл жиынды «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Азаматтық борыш» жобасы аясында өткізді. Осы кездесуді ұйымдастыру «Адырна» бірлестігінің басшысының орынбасары Бейбіт Нәлібай, жоба жетекшісі Дос Сымағұл және басқалардың Ауған соғысы ардагерлерімен етене ...

    Толығырақ »

    “Соғыстың берерінен алары көп”

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан  «Азаматтық борыш» жобасы аясында  Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінде ауған соғысының ардагері «Құрмет» орденінің иегері, «Ерлігі үшін» медалінің иегері Әділ Әбдіхалықовпен кездесу өткізілді. 1980 жылдарда мектепте оқып жүрген Әділ Әбдіхалықов әскерге шақырылады. Елге борышын атқарып жатқан кезінде, шығарылған жарлық бойынша Ауғанстанға жіберілетіні жайлы хабардар болды. ...

    Толығырақ »

    «Балдырған» журналының бас редакторы студенттермен кездесуге келді

    «Адырна» ұлттық-этнография бірлестігі  «Азаматтық борыш» жобасының аясында ауған соғысы ардагерімен Алматы техникалық университетінде кездесу өткізді. Университет ұжымы мен студенттерден жиналған аудитория Ауған соғысы ардагерін, Балдырған журналының бас редакторын Дүйсен Мағлұмовты үлкен ілтипатпен қарсы алды. Өзімен бірге болашақ мамандарға дайындап әкелген суреттер мен журналдар жинағы таратылды. Әңгіме Ауғанстанда болған қызық жағдайлар мен бастан кешкен оқиғаларға толы болды. Өткізілген іс-шарада Дүйсен Мағлұмов басты ...

    Толығырақ »

    Абзал Құспан мен «Адырна» бірлестігі оралмандар мәселесін айқын шешуді қолға алды

    «Отан — оттан да ыстық» жобасы аясында, 2018 жылдың ең аты шулы іс Сайрагүл Сауытбайдың бас бостаңдығына  қол ұшын берген заңгер Абзал Құспанмен жиын өткізілді. Басты тақырыпта азаматтық алу, ыхтиярхат алу, құжаттардың мерзімінің өтуі және одан басқа туындайтың құжат мәселелердің шешілуі талқыланды.  Абзал Құспанның айтуы бойынша бүгінгі таңда 50000 оралманның құжат мәселесі шешілмей жатыр. Медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу, балаларды балабақшаға не ...

    Толығырақ »

    ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Қазіргі уақытта ҚР ҚК-де және Қазақстанда жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үдемелі прогресс және оң динамика байқалады. Осы оң динамика 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қабылдаумен іске асырылып бастаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың көрнекті нәтижесі болып табылады. Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімнің бастығы әділет капитаны Маратов ...

    Толығырақ »

    «Азаматтық борыш» жобасы ІІМ академиясында өтті

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі “Азаматық борыш” жобасының кезекті кездесуін Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында өткізді. Жиынды ІІМ академиясының тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрғазиев Мұхит Есенгелдіұлы ашты.  Алғаш таныстыруды академия қабырғасынан бастады, қызықты жайттар мен оқу бөлімінің тарихымен бөлісіп, жобаның маңыздылығымен, студенттерге алар өзектілігін түсіндірді. Іс-шараның бас спикері болып Ауған соғыс ардагері, Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы ...

    Толығырақ »

    Ауған соғысының ардагері мұрағат қызметкерлерімен кездесті

      Жақында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан  «Азаматтық борыш» жобасы аясында  Қалалық мемлекеттік мұрағатында ауған соғысы ардагері Болат Құрамысовпен «Мен көрген соғыс» атты тақырыпта  кездесу өткізді. Бұл жиынға мұрағаттың қызметкерлері және басқа да қонақтар қатысты. Мұрағат директорының орынбасары Исалова Айсұлу Мәдешқызы жиынды ашар алдындағы сөзінде отанды қорғау әр азаматтың борышы екені туралы кеңінен ...

    Толығырақ »

    Арман Әубәкір: «Бізге де көңіл бөлінетін күн туады екен ғой» деді көңілі босаған қариялар

    Арман Әубәкір — Алматы қаласындағы «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігігінің директоры. Бүгін замандасымыз Арман Әубәкірмен кездесіп әңгімелестік. -Бірлестік түрлі игі шараларды іске асырып жүргенімен белгілі. Әсіресе елбасымыз еліміздің тарихында тұңғыш рет қазақ ұлттық аспабы, мақтанышы «Домбыра Күні» мерекесін атап өту туралы жарлығын жариялағанда сіз басқаратын бірлестік Қазақстанда бірінші болып осы мерекені тау бөктеріне барып тойладыңыздар. Осы мереке туралы не айтасыз?  Иә, біз ...

    Толығырақ »

    «АДЫРНА» бірлестігі бірінші болып «Домбыра Күнін» атап өтті

    Қазақ байырғы заманнан қолынан мәңгілік досы — домбырасын тастамай, асқар биік асулардан өтті. Небір қызықшылықтарды басынан қалай бірге өткерсе, түрлі қиыншылықтарды да бірге жеңе білді. Қазақ шаттанса домбыра да шаттанды. Қазақ мұңайса домбыра да мұңайды. Қазақ барлық сырын домбыраға ғана айтатын. Домбыра да өз сырын қазақтан жасырып қалған жері жоқ. Домбыра қазақтың әнін бірге шырқасты. Күйін бірге шертісті. Домбыра қазақпен ...

    Толығырақ »