• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Featured

    Featured

    Мәдениет министрі «Қазақфильмнің» сатылымға қойылғаны жайлы пікір білдірді

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақфильмді» жекешелендіру мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді. «Мен Қуаныш Сұлтанұлына үлкен алғысымды білдіремін. Шынында да, бұл өте өзекті мәселе, себебі бізде «Қазақфильмнің» мемлекет қарамағында қалғанын қалаймыз. Сатылымға тек 49 пайызы қойылды, ал 51 пайыз мемлекет меншігінде қала береді. Соның өзінде де біз киностудияның мемлекет меншігінде қалғанын қалаймыз», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Министрдің ...

    Толығырақ »

    Жыл соңына дейін теңге бағамы 310-315 теңгеге дейін түсуі мүмкін

    Мамандар бұған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарының әсері де жоқ емес деген ойда. Сондай-ақ, баррелі үшін 70 долларға жақындаған мұнай бағасының да ықпалы бар. Оған қоса негізгі әріптесіміз Ресей рублінің долларға шаққандағы бағамы күшейіп бара жатыр, дейді сарапшылар. «Егер осындай бізге қолайлы өсулер бола берсе, теңгеміз бұдан да күшеюі мүмкін. Мүмкін, 310-ға дейін түсуі мүмкін», — дейді экономист Сапарбай Жобаев. ...

    Толығырақ »

    Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

    Жиында Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының нәтижелері мен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қарастырылды. – Біз бүгін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысын, соның ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен, Вице-Президент Майкл Пенспен, басқа да басшылармен өткен келіссөздердің нәтижелерін талқылаймыз. Сондай-ақ, еліміздің мүддесі үшін бұл уағдаластықтардың орындалуына септігін тигізетін шараларды қарастыру қажет, – деді Елбасы. Қазақстан Президенті ...

    Толығырақ »

    IWF Ильинге қатысты санкциялар қолдану туралы ресми мәлімдеме жасады

    Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) допинг-сынамасында тыйым салынған препараттар табылған қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинге қатысты санкциялар қолдану туралы ресми шешім шығарды, — деп хабарлайды Vesti.kz. IWF тәртіптік комиссиясының шешіміне сәйкес, Илья Ильин екі жылға шеттетілді. Жарыстардан шеттету тәртіп бұзушылық анықталған күннен бастап, нақтырақ айтқанда 2016 жылдың 10-маусымынан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясының күшімен спортшы өзінің барлық ...

    Толығырақ »

    Елбасы АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша тапсырмалар берді

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, — деп хабарлайды Ақорда. Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Нұрлан Онжанов пен Әлихан Смайылов қатысты. Мемлекет басшысы  АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді. «Сапар табысты ...

    Толығырақ »

    Қазақстан терроризмге қарсы халықарылық коалиция құруды ұсынды

    ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтерінде терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі кодекстің алғашқы жобасын таныстырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Құжатта контртерроризм бойынша  әріптес елдердің халықаралық коалициясын құру және  2045 жылға қарай БҰҰ-ның 100 жылдығы қарсаңында терроризмсіз бейбіт өмірге қол жеткізу сынды басты мақсаттар айтылған. Жобаны таныстыру және оны талқылау кезінде ұйымға мүше 100-ден аса ...

    Толығырақ »

    Назарбаев Трамппен жеке сөйлескендігі мен қалай қарсы алғанын айтып берді

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Дональд Трамппен өткен кездесуі жайлы  айтып берді. «Барлығы да, біз де өзіміз кездескен кезде бір-бірімізге құрмет көрсетеміз. Мені Ақ үйге шақырғандары үшін алғыс білдірдім. Ол маған келгенім үшін алғыс айтты. Ақ үйдің ішіне кірген соң ол мені барлық делегациямен таныстырды. Содан біз жеке әңгімелесу үшін бір кабинетке кірдік. ...

    Толығырақ »

    Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында қандай мәлімдеме жасады?

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» атты отырысы өтті, — деп хабарлайды Ақорда баспасөзі. Жиынды ашқан Мемлекет басшысы отырысқа қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы А.Гутерришке, Польша Республикасының Президенті А.Дудаға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше басқа да елдердің делегация басшыларына ризашылық білдірді. «Мүмкіндікті пайдалана отырып, Президент Дуданы Польшаның Біріккен ...

    Толығырақ »

    Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында 7 миллиард долларға келісім жасалды

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында АҚШ-тың іскер топтары өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Онда жалпы сомасы 7 миллиард доллардан артық сомаға инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 20-дан астам екіжақты экономикалық құжатқа қол қойылды, — деп хабарлайды ҚР премьер-министрдің сайты. Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінің және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының қолдауымен АҚШ-тың Сауда палатасы ұйымдастырды. АҚШ-тың ірі бизнес-компанияларының 50-ден артық өкілдері кездесуге қатысты. «Қазақстан ...

    Толығырақ »