• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Басты тақырып » Мұсылман болу үшін араб болудың керегі жоқ!

    Мұсылман болу үшін араб болудың керегі жоқ!

    Зейнеп Ахметова: «Əуретті жерлеріңді жап!» дейді. Ол деген сөз – ұятты жерлеріңді жап дегені. Сенің басың, бетің ұятты жер емес қой. Ол – құдайдың жаратқаны. Ұятты жер – мына мойыннан төмен жақ. Қазақ онсыз да ол жерін ашып шашқан жоқ. Қазақтың қызы тұрмысқа шыққанға дейін басына орамал салмаған. Кəмшат бөрік, құндыз бөрік, үкілі тақия, шашақты сорабақ, моншақты қасаба, жырға!.. сондай-сондай əдемі бас киімдер болған. «Шаштарын он күн тарап бес күн өрген» деген, шаш күтіміне көп көңіл бөлген. Қолаң шаш, сүмбіл шаш, қара шаш, алтын шаш, соның бəрі – қыздың шашы. Сонда не, мұсылман болады екенбіз деп соның бəрін жерге көмуіміз керек пе? Ана тыйымға қатысты сандырақтардың барлығы – арабтікі. Арабтың жері ыстық, құм боран соққан бұрын (қазір де) Сонда, еркегі бар, əйелі бар, бəрі көзінен басқаның бəрін жауып тастаған қарамен. Енді соны алып келіп, бізге тықпалайды. Мұсылман болу үшін араб болудың керегі жоқ. Мысалы, арабтар керемет болатын болса, тегі бір, діні бір, тілі бір; неге бір-бірін қанға бөктіріп жатыр әлі күнге дейін? Қырып жатыр! Қаншама жыл болды. Оның несі ислам? Оның несі шариғат? Құдай сақтасын!.. Қазақтар бұрын жер дауы жесір дауы деп таласқа шыққанымен, оның өзін де екі-ақ ауыз сөзбен бітіріп отырған. Аталы Сөзге тоқтаған. Қазақ – өте құдайшыл халық. Бірақ фанатик емес. Қазақ «Құдайсыз қурай сынбайды» деген бір ауыз сөзбен-ақ құдайды мойындаған. Ең жаман адамды қ»ұдайсыз адам» дейді. Жақсы адамды » Ой, құдайы бар екен, айналайын!» деп айтып жатады. Арабтар бұрын пұтқа табынған. Екі қыздың біреуін тірідей көміп отырған.
    Содан, мына «Тарихи жад» (Историческая память), генетикалық жад содан қалып қойған. Əйелді төмен көру қанында бар. Бəрібір тегіне тартпай тұрмайды. Ал қазақта керісінше «Ырыс алды – қыз» деп, ырымалдысы қыз болғанда керемет қуанған. «Кететұғын бала, қонақ» деп, қызды əкенің үйінде жүргенде, әбден еркелеткен. Жақсыны кигізген. Дəмдіні жегізген. Қолынан келсе жорға мінгізген. Қызды ешқашан есік жаққа отырғызбаған. Оң жаққа төрге отырғызған. Тұрмысқа шықпаған қызды «оң жақтағы қыз» дейтіні содан. Отырған қыздың аяғынан аттау үлкен күнə болып саналған Қазақта. Қыз балаға қол көтеру ол үлкен қылмыс болып есептелген. Қыздар жаугершілік кезде, əкелерімен, ағалармен қатар сауыт киіп жауға аттанды. Шайқасты. Оған тарих куә. Айтысты, айтысқа түсті. Бəрін былай қойып, қызқуарды («Қыз қуу») қарашы! Анау жігіттерді шықпыртқан кезде қандай, аттың құлағында ойнаған!.. Енді неге осының бəрін жауып, ессіздікке көміп, мұсылман болады екенбіз деп, бейшара қыздардың басына қара орамал салуымыз керек, а?! Қара орамалды байы өлгенде ғана салады. «Қаралы әйел» дейді оны. Мысалы, Әуезовтің «Қаралы сұлу»-ында әйел жыл бойы басына қара орамал салады. Жыл өткеннен кейін, жақындары келіп, қаралығын түсіріп, ауыстырып жатады. Енді қарашы, қазақ қыздары өздерін өздері қор қылып, сорлап жүр. Үйлерінде теледидар көрмейді, ешқайда шықпайды, білім алмайды, әйтеуір, бала туып жатқандары бар, тек анау еркекке қызмет етуі керек – бітті. Біраздан кейін надандық қасіреті қоғамды жайлап шығады. Білімсіз анадан білімсіз ұрпақ көбейеді. Құдай сақтасын!.. Біз біріншіден, біліммен, екіншіден, өзіміздің Тіл арқылы таралатын дəстүрмен ғана ұлтымызды сақтай аламыз. Əрбір адам ұлтымен бірге туады. Ұлтыңмен бірге туған соң, ұлтыңның тілі, бүкіл салт-дәстүрі, елі, жері, тарихы саған да тиесілі. Бұл жерде, егер, дін ұлттың үстіне шықса, ұлт жойылады. «Екі сөздің бірінде қазақпын деп айтпа, мұсылманмын деп айт!» дейді. Көрдің бе қандай құйтырқы жаман пиғылдар өрбіп жатыр! Мына радикалды дінге қарай бұрылатындардың ішінде, еркекке қарағанда əйелді қайтару қиын екен!.. Айтыскерлер, небір спортшылар кетті. Атағы барлар мен ақшасы барлар алдымен қармаққа түсіп жатыр!..

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Арман Әубәкір: Молдалар ұлттық құндылық туралы айта бермейді

    Қазақстан теріс пиғылдағы діни ағымдармен қалай күресіп жатыр? Мұндай ағым өкілдері адамның сеніміне қалай кіреді? ...