• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Безбен » Терроршы әйелдерді дайындау әдісі

    Терроршы әйелдерді дайындау әдісі

    «Контртеррорлық комитет» әлеуметтік бірлестігінің басшысы Алмас Оразбаев терроршылардың әйелдерді жанкештілерге қалай айналдыратынын айтып берді:

    «Оп-оңай. Егерде ол тиісті методиканы жетік меңгерген болса, оған дінге берілген әйелден жанкештіні жасау үшін бір ай ғана жеткілікті. Бір апта бойы ол әйел адамның өмір сүру салтын бақылайды. Содан кейін, есірткі үшін бәрін істеуге әзір нашақорларды жалдайды. Олар өз кезегінде, келіншек пен оның баласын да зорлап тастаудан тайынбайды. Бар болғаны есірткі берсең болды» , — деді Оразбаев.

    Маманның айтуынша, содан кейін нашақорды жалдаған терроршы жоспар бойынша оған періште бейнесінде келіп, оған психологиялық түрде қысым көрсетеді. Ол орын алған қиыншылықта дінді ұстанбайтындар мен билік кінәлі екенін айтып, миына құяды. Бұл үрдіс екі апта уақытты алады. Тағы бір апта әйел адамды жанкештілер белбеуін қолдануды үйретумен өтеді.

    «Яғни жанкештілікке азғыру көп жағдайда қиыншылықтарды туындатып немесе әйелдің басында бар проблемалары арқылы жүзеге асады. Мәселен, егер ол терроршының жесірі болса» , — деп айтты бірлестік басшысы.

    Ақпарат Nur.kz сайтынан көшірілді.

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Қазақтың Тәуелсіздігін көзге ілмей ме?

    2018 жылдың 15 қаңтар күні, сағат 12.00-де Жанар Жахат (Zhanar Zhahat) Фейсбук парақшасында Қарағанды облысының ...