• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Бейне » Мұса Шорманұлы туралы жақсы жаңалық

    Мұса Шорманұлы туралы жақсы жаңалық

    Мұса Шорманұлы өз заманының үлкен тұлғасы. Оның ұрпақтары да қазақ тарихында өзіндік орны бар азаматтар. «Мәдениет» порталы жақсы хабар жариялады: «Мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы Мұса Шорманұлының туғанына биыл 200 жыл. Осыған орай тарихи тұлғаның елі Баянауыл ауданының Теңдік ауылында Мұса Шорманұлы кесенесінің құрылысы басталды. Тарих беттеріне үңіліп, өткенге шолу жасайтын болсақ, алақандай Теңдік ауылында арғысы Бұқар Жырау, Мұса Шорманұлы, бергісі Қаныш Сәтбайдың кіндік қаны тамған. Бүгінде қазақ елінің бетбелгісі алтын адамды әлемге татынтқан Кемел Ақышев та сол ауылдың тумасы. «Рухани жаңғыру» рухымызды көтерді деген бастамашыл топ кесене құрылысымен қатар үлкен зираттың маңайын ретке келтірмек. Сонымен қатар Шорман әулетіне арналған музей ашу көзделген.

    Аманжол Сәйпиұлы, Мұса Шорманұлының ұрпағы:

    — Шоқан Уәлиханов туған нағашысы. Мұса Шорманұлының қарындасынан туып отыр. Қазақтың жастары оқысын, алға жылжысын, қараңғылықтан көздері ашылсын деген кісінің бірі. Бұқар Жырау бабамыз сияқты мавзолейі болса дейміз. Бәрі сұрайды, бұл кім, қайдан келген деп.

    Алтынбек Нұхұлы, ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ПМПУ ректоры:

    — Бергі академиктерді қосып айта беруге болады. Мына ескерткішті көріп тұрсыздар, Әбікей Сәдуақасов – дәл сол Ақкелінде туған азамат. Енді осындай ұлы ғұламалар, ағартушылар – еліміздің, қазақ елінің мақтаныштары. Туған ауылды көркейту бұл бүгінгі күні үлкен бір мақтаныш болып отыр және сол аруақтар алдындағы тағзым ретіндегі іс болады деп ойлаймын».

    Егемен Қазақстан экономикасымен қатар мәдение рухани түзелу жолында да жаңа жетістіктерге жетіп келеді.

    «АДЫРНА» ұлттық порталы

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Айнұр Әбдірәсілқызы. Қазақ еліне ислам дінінің келуі