Қазақтың тұрмыстық бұйымдары

0
54

2017 жылғы 19 қазанда Ұлттық музейдің Этнография залында Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақтың тұрмыстық бұйымдары» танымдық квест сабағы өтті.

Сабаққа Астана қаласындағы №83 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушылары қатысып,тұрмыстық бұйымдар туралы жан-жақты ақпарат алды. Ата-бабаларымыздың тұрмысы мен дәстүрлі мәдениетіне, қазақ халқының сан ғасырлық тарихына куә болған қасиетті, киелі қара шаңырақ – киіз үй және оның ішкі-сыртқы жабдықтарымен танысып, арнайы берілген тапсырмалар арқылы ұлттық құндылықтарды тани түсті.

D4S 7895

Сабақ барысында киіз үйдің ежелгі өмір сүрген көшпелі  халықтың қысы-жазы отыратын, өте қолайлы және төзімді, бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда  салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы жылжымалы тұрмыстық негізгі баспанасы болғандығы туралы кеңінен айтылды.

Құнды мағлұматты қызыға тыңдаған оқушылар киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ-мекені болғанын ұғынып, сөзжұмбақ шешіп, түрлі сұрақтарға таласа жауап беріп, сабаққа белсене қатысты.

D4S 7881


http://nationalmuseum.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ