​Қазақ күресі федерациясы Ұлттық Олимпиада комитетінің сертификатына ие болды

0
187

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін ұлттық спортымызда елеулі күн. Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы ресми түрде Ұлттық Олимпиада Комитетінің тану туралы сертификатын алды. Осылайша федерация ұлттық спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорттық ұйымы ретінде танылды. Бүгін Ұлттық Олимпиада Комитетінің отырысында аталмыш ұйымның атқарушы директоры Серік Қасқабасов тану туралы сертификатты ҚР қазақ күресі федерациясына табыстады. Бұл төл спортымызды жаңа деңгейге көтерудегі тағы бір игі қадам. Отандық спортты көтеруде және оны халықаралық аренада беделін арттыруға жұмыс істеп жатқан Олимпиада комитетінің қолдауы ұлттық күресімізге жаңа қарқын бермек»-деп жазды қоғам қайраткері.


«АДЫРНА»кз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ