• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Author Archives: admin

    Author Archives: admin

    Қазақтың «Керімсалы»

    Биыл қазақтың белгілі әншісі Жоламан Құжиман 60 жасқа толып отыр. Соған орай, 25 қараша күні (сағат 18:00) Семей қаласындағы Мәдениет сарайында және 27 қараша күні (сағат 18:00) Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылындағы Мәдениет үйінде «Керімсал» атты шығармашылық концерт өтеді. Атаулы музыкалық концерттерге Ерлан Төлеутай, Нұридден Иманбай, Мейрамбек Ахмет, Тельман Нұртай, Ерлан Құжиман, Еркін Шүкіман, Жарқын Құныпия, Төлеген Жиенқұл, Жасұлан Сақай, Саят ...

    Read More »

    Прокурорға қой бақтырған ана

    «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» БАЙҚАУЫНА КЕЛІП ТҮСКЕН МАҚАЛАЛАР Жақында облыс прокуроры Құса­йын Игембаев өзінің фейсбук­тегі парақшасында анасы туралы жаз­ба жариялап, жерлестері «батыр Баян» деп атаған ол кісінің өткір мінезді адам болғанын, бала тәр­биесіне қатаң қарағанын сөз етіп, қала про­курорының орынбасары қыз­метінде ауылға келгенде бастан өткерген оқиғасын, анасының өзін қалай сынағанын еске алыпты. Сол жазбадан үзінді келтіруді жөн көрдік. «Сенбі ...

    Read More »

    Тарпаңдарды тақымында тулатқан Тәттімбет

    «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» БАЙҚАУЫНА КЕЛІП ТҮСКЕН МАҚАЛАЛАР   …Үржар ауылының қақ ортасында аяғына саптама етік, басына пұшпақ тымақ киген еңсегей бойлы қазақ көзіме оттай басылды. «Дәу де болса, өткенде Астанада шу асаулардың арынын басқан Тәттімбет Кәпұлы ағамыз осы болар» деп, көлігіне мініп кеткелі жатқан жерінде барып сәлем бердім. Дәл өзі екен. Осылайша, «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» ...

    Read More »

    Өзгені емес, алдымен өзіңді біл

    «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» АТТЫ БАЙҚАУҒА КЕЛІП ТҮСКЕН МАҚАЛАЛАР   Ілияс Есенберлиннің « Көшпенділерінде» Абылай ханның түс көруі туралы аңыз айтылады. Аңыз мынандай еді: түсінде Абылай арыстан қуады. Енді жеттім бе деп сойылын сілтей бергенде, арыстан жолбарысқа айналып қашады. Қуып жетсе, онысы қасқырға, қасқыр – түлкіге, түлкісі – қоянға айналып қашып, діңкесін әбден құртады. Ақырында оның қуған аңы құрт-құмырысқаға ...

    Read More »

    Қазақы таныммен түс жорыта білеміз бе?

    Адам ата Хауа ананы ең алдымен түсінде көрген дейді. Алла тағала Адамды ұйықтатып, сол уақытта Хауа ананы жаратып, оның бас жағына отырғызып қойыпты. Адам ата оянғанда, Алла тағала одан бас жағында отырғанның кім екенін сұрапты. Адам ата: «Иә, Құдай, бұл Сен түсімде көрсеткен елес қой» депті. Бұл адамзаттың көрген алғашқы түсі екен. Бүгінгі таңда түс жоруға арналған орыс және қазақ ...

    Read More »

    Ұлт мінезі-ұрпақтан

    «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» БАЙҚАУЫНА КЕЛІП ТҮСКЕН МАҚАЛАЛАР   Қайырбек департаменттің қабылдауына жазылғалы көп болды. Кіріп-шығып жатқандардың жүзіне, жүріс-тұрысына қарап отыр. Қабылдауға кіргендердің көпшілігі әлдебір жақсы кәсіптің тұтқасын ұстайтындарға ұқсайды. Көңілдері тоқ адамдар. Қасында кешеден жүрген өзі сияқты екі-үш кісі ғана бар екенін байқады. Қабылдауды ұйымдастырып жүрген қасы-көзі сүрмеленген аппақ қыз, әлде келіншек пе, шолақ көйлектінің ызасы өтіп болды. ...

    Read More »

    Тәуелсіздік тұғыры – тектілік қасиет (лингвоаксиологиялық аспект)

    «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» АТТЫ БАЙҚАУҒА КЕЛІП ТҮСКЕН МАҚАЛАЛАР   «Текті адам тез ашылады. Сені түлкі бұлаңға салып,   бұлыңғырмен бумайды, теріскейі мен күнгейін, еңісі мен асуын, әп-сәтте жайып салады. Ондай адамның жанарына жарты әлем сиятын жылқы боп жәудірегеніңнің өзі  жеткілікті. Сол, жанардың, ақ-қарасына жасанды  жылтыл қоспағаныңның өзі жеткілікті»   Асқар СҮЛЕЙМЕНОВ   XXI ғасырдың жедел де өзгермелі, тұрақсыз сипаты ...

    Read More »

    «Күлтегін» мультфильмін көруге асығыңыздар!

    Толықметражды анимациялық «Күлтегін» мультфильміндегі негізгі кейіпкерлерді еліміздің театр және кино актерлері дыбыстаған. Олардың қатарында: Қазақстанның халық әртісі Нүкетай Мышбаева, Мерей Әжібеков, Динара Әбікеева және Филипп Волошин бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ға сілтеме жасап. Сонымен қатар көптеген голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дыбыстаған актерлер мен отандық танымал жас актерлер Рамазан Амантай («Бизнес по-казахски»), Әлихан Байсұлтанов («Семья Базарбаевых») қатысқан. ...

    Read More »

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкірмен сұхбат

    Бүгін Адырна – ұлттық порталының жаңадан ашылған студиясында әлқисса сұхбат өтті. Кемшіліктер болса, бірінші өзіміз байқайық деген ниетпен, алғашқы қонақты да өз арамыздан сайладық. Портал редакторы Арман Әубәкір бірлестіктің кешегі, бүгінгі, болашақтағы жұмыстары туралы әңгімеледі. Танымал, білікті, тәжірибелі журналист Сәуле Әбілдаханқызы алдағы сұхбаттарды да жүргізеді. Елімізге белгілі, сөз саптауы берік қайраткерлерді енді «Адырнаның» ұлттық порталының студиясында апта сайын біртіндеп қонаққа ...

    Read More »