Атилланың қабірі табылды

0
267

Еуропаны тітіреткен Ұлы даланың ұлы, ғұндардың басшысы Атилланың (Еділ патша) қабірі Венргиядан табылды. Ұлы қолбасы байырғы түркі ғұрыптарына сай жерленген. worldnewsdailyreport .com сайтының мәліметінше, бұл әйгілі Атилланың дәп өзі.

Еділ патшаның Еуропа елдерінің бірінде жерленгені туралы аңыздар көп, оның тарихи дәлелдері де бар. Ал оның тығылған қазынасы туралы аңыздар талайды жолға шығарды. Қазына іздеушілер ғұндардың даңқты қағанының ізімен саяхат жасап, өмірін де зерттеп көрді. Алайда ештеңе табылмады. Бірақ археологтар осы бағыттағы жұмыстарын тоқтатқан емес.

Таяуда венгриялық Капитолида Дунай өзеніне көпір салып жатқанда құрылысшылар VI ғасырға тән қабір тауып алады. Бұл ғұндардың патшасы Атилла болуы әбден мүмкін. «Бұл таңғажайып орын», — дейді Будапешттегі Lorand Eötvös университетінің тарихшысы Альбрехт Рюмштайн: «Біз бірнеше жылқының қаңқасын, қару-жарақтар мен басқа да артефакттерді қазып алдық. Олардың барлығы ғұн дәстүріне тән екені көрініп-ақ тұр. Мысалы, метеориттік темірден жасалған үлкен қылыш бар. Ол Атилланың аты аңызға айналған «Скифтер қылышы» болуы мүмкін. Біз қазір сараптама нәтижесін күтудеміз, меніңше, бұл құдіретті Атилланың демалыс тұрағы болған сияқты», — деді.

Рим тарихшылары «Құдайдың құлы» деп атаған Атилла ғұндардың қағаны болған. Орта Азиядан шығып, Еуропаны жаулаған. Ол біздің дәуірге дейінгі 434 жылдан өмірінің соңына дейін 453 жылға дейін басқарған. Оның Еуропаны жаулауы варварлық басып кіру немесе үлкен миграция деп аталды. Жалпы, Еуропа тарихын түебегейлі өзгерткен тұлға. Өйткені герман халқын ығыстырып, Рим империясының біржола құлауына ықпал етті, Еуропадағы Ортағасырлық гүлденуді тездетті. Ол орысша Венгрия, ал әлемге Hungary (Хунгари) атымен танымал елдің негізін қалаушы. Оның әскері сол кезде Рим империясын басып алмаса да, ұрпақтары Еуропаның қақ ортасынан ойып тұрып орын алды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ