«Арлан сайысы» жеңімпазары анықталды

0
48

Алматыдағы «Алматы-Арена» спорт кешенінде өткен ЖОО студенттері мен спорт клуптарының шәкірттері қатысқан (18-29 жас аралығы) «Арландар сайысы» республикалық ашық турнирі өз мәресене жетті. Еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана қалаларынан келген қазақ күресінің шеберлері үш салмақ дәрежесі бойынша жүлдеге таласты. Бес сағатқа созылған сайыстың жүлде қоры да аз болмады. Жеңімпазға жеңіл авокөлік, 2-ші орынға – 350 мың, 3 – ші орынға 150 мың теңге сыйақы және медальдар мен грамоталар табысталды. Сондай-ақ, жеңімпаз спортшының бапкерлеріне де арнайы жүлде берілді. Алғаш рет өткізіліп отырған ұлттық спортымыздың жеңімпаздары мен жүлдегерлері төмендегідей нәтижемен аяқталды.

–60 келі

1-орын Ержан Еренғайыпов (Алматы облысы)

2-орын Еламан Хуанбай (Қарағанды облысы)

3-орын Ержан Мағауинов (Алматы қаласы)

3-орын Абзал Арыстанбеков (Алматы қаласы)

 

–74 келі

1-орын Амангелді Төлемісов (Алматы қаласы)

2-орын Нұржан Жұмажан (Алматы облысы)

3-орын Нұрлан Оразалин (Маңғыстау облысы)

3-орын Рахманберді Әбдірашит (Қызылорда облысы)

 

+90 келі

1-орын Рулан Әбдірзақов (Алматы қаласы)

2-орын Дәурен Нұралинов (Алматы қаласы)

3-орын Мақсат Исақабылов (Қызылорда облысы)

3-орын Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда облысы)

dsc_0085-2

dsc_0090-2

dsc_0106-2


Жасұлан Наурызәлі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ