«Алатау» театрының кинозалында қарттарға арналған қайырымдылық көрсетілім өтті

0
75

Бүгін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында  №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттары мен Ауған соғысының және ҰОС ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне арналып қайырымдылық көрсетілім қойылды.

№3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушысы Дариға Бақыттыбайқызы «Алатау» театрының кинозалы ұйымдастырған көрсетілімдерге бұған дейін де бірнеше рет қатысқанын айта отырып, театр қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Ал осы орталықтың қызмет алушысы Асылбек Егенбердиев: «9 мамыр Жеңіс күні ұйымдастырылған көрсетілімнен кейін бүгін екінші рет «Алатау» театрының кинозалына келіп отырмын.  Жалпы кино  көрсетілімдерге және ұйымдастырушыларға көңілім толады», – деді. Сонымен қатар алдағы уақытта шаруашылық, тұрмысқа қатысты түсірілген фильмдерді көріп тамашалағысы келетіндігін жеткізді.

kinozal

Қарты бар елдің қазынасы бар. Қартын қадірлеп, аталар ерлігін әспеттеу – бүгінгі ұрпақтың парызы.

Ардагерлер мен қарттарға арналған қойылым көрермен қауымның көңілінен шығып жатса, бұл театр ұжымы үшін жетістік және мотивация. Ал Голливудтың әйгілі фильмдері мен Отандық кинотуындыларды тамашалағыңыз келсе, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалына асығыңыз!


Мөлдір БЕКЖАН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ