АЛАШ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗЫНАШЫСЫ

0
404

 

(Жалғасы)

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тектіліктің тамырына үңілсек, шежіре деректері бойынша Әнет баба Абай атамыздың алтыншы атасы Әйтекпен бір туысады. Әнет бабадан Шақа, Шақадан – Тәуке, Тәукеден – Шегір, одан Қожабай, Молдабай, Тәкі туады. Қожабайдан –  Сүндетбай, Үмбетбай, Әнияр  туған. Әниярдың Сапарғали есімді ұлы болған. 1910 жылдары ол баласын Кәкітайдың қызына үйлендірген. Сапарғалидан Мұхаметғали атты немере сүйген. Әниярдың ағасы Сүндетбайдан Қалаубек пен Исламбек туған. Исламбектен Самат, Сағынтай, Мақсұт және Нұржамал есімді балалар тарайды. Нұржамалды Кішкене күнінен Әнияр өз бауырына басып, атақты Абай атамыздың атасы Өскенбайдың Жақыбынан туған Ақберді қажының Ұсатайының ұлы Жұматайға ұзатады. Ақберді мен Сүндетбай балалары елге сыйлы болған. Ақбердінің балалары Қисатай мен Өміртай судья болып Семей уезінің Шыңғыс болысында қызмет жасаған, ал Исламбек алқа би болып сайланған. Исламбек Кеңес үкіметінің қуғынына түсіп, бала-шағасы да елден кетуге мәжбүр болады. Исламбектің бір баласы Мақсұтты Әнияр өз атына жаздырып, мектепке беріп аман сақтап қалған. Исламбектің тағы бір баласы Самат Сүндетбаев өзінің талабымен оқу оқып, еңбекпен көтеріліп, кейін Кеңес Одағының дипломатиялық корпусының өкілі, Йемен Араб Республикасындағы елшіліктің екінші хатшысы болған танымал дипломат болды. Әниярдың тәрбиесінде өскен Мақсұт кейін Қарауылға оралып, дүкен-шеберхана ұстаған, ауылда техника тілін жетік білетін бірден-бір адам болған. Мақсұт балаларының тегі Әнияровтар бабаларының атын сақтап, игі істерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келеді.

img_1606

Суретте: отырғандар, сол жақтан оңға қарай Әнияр ата, тұрғандар сол жақтан оңға қарай Күләш Сапарғалиқызы, Мұхаметқали Сапарғалиұлы, аты-жөні белгісіз, Сапарғали Әниярұлы.

img_1608

Исламбек Сүндетбайұлы

img_1610

Әнияров Мақсұт Исламбекұлы

img_1611

Сүндетбаев Самат Исламбекұлы

img_1612

Молдабаева Нұржамал Әниярқызы

img_1613

Самат пен Мақсұт Исламбекұлдары

Қарауыл ауылы, 1963 жыл

img_1614

Нұржамал Аниярқызы жұбайы Ақбердин Жұматаймен

img_1615

Самат Исламбекұлының анасы Қайныш апа, Исламбек немересі Серік Мақсұтұлы, Әнияров Мақсұт Исламбекұлы

img_1619

Әнияров Нұрхан Мақсұтұлы

img_1620

Әнияров Дархан Мақсұтұлы


Ардақ Беркімбай

ПІКІР ҚАЛДЫРУ