«Адырна» қоры — байқау жеңімпазы

0
77

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қазақстанның ҮЕҰ АРО ұлттық жүйесінің» ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: азаматтық сектордың әлеуметтік бастамалары мен жобалары» атты үздік әлеуметтік жобалар байқауы өткен болатын. Бірнеше жеңімпаздармен бірге «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұсынған жобасы үздіктер санатынан көрініп, арнайы дипломмен және бағалы силықтармен марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі және дөңгелек үстел, ҮЕҰ арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.    

Нұрлан СЫДЫҚОВ, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы:

Кейінгі жылдары мемлекетіміздің Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарына көңіл бөліп келе жатқаны мәлім. Мұндай жағдай жалғыз бізде емес, әлемнің көптеген елдерінде жолға қойылып, жемісті жұмыстар атқаруда. Алматы қаласындағы ҮЕҰ-ды жан-жақты қолдау мақсатында «ҮЕҰ мектебі» жобасы қолға алынған еді.

Қазіргі уақытта Алматыда 4 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істеуде. ҮЕҰ-дар жылдан жылға белсенділіктерін арттырып келе жатыр. Оған Алматы қаласындағы Үкіметтік емес ұйымдардың Ақпараттық Орталығының жүйелі қызметі де септігін тигізуде.

Дөңгелек үстелде жиналған қоғамдық ұйымдардың жетекшілері Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын барынша жеңілдетіп, қоғамға қызмет ететін үздік идеяларды алдыға жылжытуға септігін тигізіп келе жатқан Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов мырзаға, «Қазақстанның ҮЕҰ АРО ұлттық жүйесі» ЗТБ төрайымы Алтынай Көбеева ханымға ерекше алғыстарын жеткізді. Расында «Қазақстанның ҮЕҰ АРО ұлттық жүйесі» арқылы қоғамдық ұйымдар өзара ақпарат алмасып, бәсекелестіктерін қалыптастырып келеді. Елімізде, тіпті шетелдерде қоғамдық қорларды дамытуға бағытталған байқаулар туралы және тағы басқа маңызды мағлұматтар жайында дер кезінде ақпарат алуға үлкен мүмкіндіктер туғызды. Жоғарыда айтылған атаулы байқаудың әрмен қарай да мемлекеттің, қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қоса беретіндігіне сеніміміз кәміл.


  Жасұлан НАУРЫЗӘЛІ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ