Жас ақындар мүшайрасы өтті

0
200

«Ел-Шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы ұсынған «Әдебиет әлемі» әлеуметтік жобасы аясында, Дидахмет Әшімханұлы атындағы әдеби бірлестіктің мүшелерімен бірлесіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде жас ақындардың мүшайрасын өткізді.

Оған Алматы теміржол көлігі колледжі, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі және Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің студенттері қатысты. Жас ақындардың өнеріне атажұртының топырағына табан тіреген жазушы Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұрсынәлі Рыскелді, Жазушылар одағының мүшесі, ғалым Нұрдәулет Ақыш, жазушы-журналист Көлбай Адырбектер қазылық етті. Жастардың өлең құрап, оны шеберлікпен жеткізе білген талаптарына қарай Әлия Алмасқызы, Әбілқайыр Қанапи, Дінмұхаммед Құлжановтар тиісінше бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленді.

02-2

 Шара соңында сөз алған Алматы теміржол колледжі директорының орынбасары Мархаба Көкенова: «Біздің колледж теміржол саласының мамандарын даярлайтын оқу ордасы болғанымен, әдебиетке құштар шәкірттеріміз бар. Бұл өз кезегінде олардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттырады. Менің ойымша кім қандай мамандық иесі болса да, сөз өнерінен хабары болуы тиіс» деген пікір білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Мүшайраға белсене қатысқан барлық студенттерге Алғыс хаттар мен кітаптар табыс етілді. Олардың арасында аталған оқу ордасының жас ұстазы Стыбек Айдана да бар. Ол «Тәуелсіздікке арнау» атты өлеңімен көпшіліктің көңілінен шықты.


Дінмұхаммет Мұхамметжан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ