Күйші Сәбира Бибатырова шығармашылық кешін өткізеді

0
18

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, күйші Сәбира Бибатырованың «Төремұрат» атты жеке шығармашылық күй кеші өтеді.

Сәбира Бибатырованың «Toremurat» атты бұл кеші Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, Республикаға танымал белгілі шебер Мырзағалиев Бисенғалидың 90 жылдығына арналады. Бұл кеш алдағы уақытта Қазақстанның өзге қалаларында да жалғасын табатын болады.

Сәбира Биба­ты­рова – 1996 жылдан бастап жиырма жылға жуық республикалық конкурс­тарда үздіксіз жеңімпаз атанып келген му­зы­кант, Дина Нұрпейісова атындағы (2001), Қали Жанті­леуов атындағы (2002), Махамбет атындағы (2003), «Асыл мұра» атты (2004), Мұрат Өскенбаев атындағы (2006) т.б. республикалық конкурстардың бас жүлдегері, дауылпаз күйші Қаршыға Ахмедьяровтың класында тәлім алған домбырашы.

Кеш қонақтары: ҚР халық артисі, күйші – Айгүл Үлкенбаева, Республикалық конкурстардың лауреаттары: Санжар Мұрат, Тоғжан Дүйсенбекқызы, қылқобызшы Шыңғыс Үсенұлы.


Мекен-жайы: Алматы қ., «Алғабас 1» ықшам ауданы, 6 үй

Байланыс тел.: 8 (727) 224-89-77, 8701-645-91-86

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ