ДӘСТҮР МЕН ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ — ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗІ

Қазақстан сияқты тәуелсіздігін жаңа алған жас елге идеология әбден керек және ең алдымен, ол мемлекеттің ұлттық сипатына, тәуелсіздігіне қызмет етуге тиіс. Ұлттық идеология дегеніміз — халықтың, бүкіл елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, санасын ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру ар¬қылы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ережесі, ол сол халықтың тілін, ділін, мемлекетін қалыптастыруға қызмет етеді. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байла¬нысты ерекшеліктері бо¬лады. Мысалы, Қазақ-станның ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ға¬сырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық, ерлік дәстүрді тудырған. Отанын сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне кірген. Ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай туған. Осыны болашақ ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлттық идеология қалыптастырған. Сондықтан да халқымызды азаматтыққа, батырлыққа, шешендікке, көрегендікке тәрбиелеу де ұлттық идеологияның міндеті. Біздің билеріміз, жырауларымыз жырлап, үлгі тұтқан әділеттілік те халықтың шынайы қасиеті. Қазақ – ұлттық дәстүр дегенге ерекше мән беретін халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз. Солардан қолдау тілеп жатамыз. “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген мақалды да жиі қол¬данамыз. Ал, осы дәстүр дегеніміздің өзі не? Меніңше, ол – халықтың ұзақ өмірінде қалыптасып, сұрыпталған жақсы қасиеттер¬дің тұтас бітімі, көзқарасы, түсінігі, шын¬дықты тану өрнегі. Дәстүрге халықтың әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді. Олар жинақтала келіп, ұлттық белгілерді анықтайды, ұлттық сипатты танытады. Әрине, өмір бір қалпында тұрмайды, жаңарып, жалғасып жатады. Соған байланысты ой-сана, ұғым-түсінік, талғам жаңарады. Жаңарып, өзгеріп жатқан қоғам, қоғамдық қатынастар дәстүрге белгілі дә¬режеде әсер етеді. Оны өзгертуге, әлемдік көз-қарастардың ырқына бағындыруға тыры¬сады. Әр халықтың бойында жаңаны қабыл¬дау қасиетімен бірге кертартпалық та болады. Осы кертартпалық, ең алдымен, дәстүрге қатысты. Біз жаңаны қабылдай тұрып, ескі әдетті, мінез-құлықты, яғни дәстүрді сақтауға тырысамыз. Ұлттың ұлттылығын сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін тұрақтандырып, ол үшін күресу қажеттігі де осыдан туады. Қазақ мемлекетінің ұлттық идеологиясы да, менің ойымша, халқымыздың осындай жолмен қалыптасқан әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтап дамытуға, осы жолда жаңа заман ұсынып отырған қажеттіктерді өз сараптауымыздан өткізе отырып, қабылдауға құрылуы керек. Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Ол да дәстүрге кіреді. Қазақ хал¬қы адам санының аздығына қарамастан, Еуразияның дәл орталығында ұлан-байтақ жерді иемденген. Осының негізінде отан¬шылдық, елін қорғау жолындағы ерлік істері жатыр. Кең даланы мекендеген халық жауласса – найза ұстайтын батыр, дауласса – сөзден жеңілмейтін шешен болған. Халықтың осы мінезін заманы, өмір сүрген ортасы туғызған, ол жақсы дәстүрге айналып жалғасқан. Сол кең байтақ даланы мекен¬деген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауыр¬малдық, қонақжайлылық қалыптасқан. Қал¬тасына бір құрт салмай, ұзақ жолға шығып, жолшыбай түскен ауыл адамдары оны танымаса да құдасындай күткен. Жердің кеңдігі мен шаруашылығын, кәсібін даралайтын ерекшеліктердің бәрі де ғасырлар бойы сұрыпталып дәстүрге кірген. Менің ойымша, осы дәстүрлер халықтың идеологиясының негізі болып табылады. Ендеше, қазақтың ғасырлар бойы жинақтаған осы жақсы дәстүрлерін сақтау керек. Оны жаңарта отырып, негізін бекіту қажет. Жасыратыны жоқ, ғасырлар бойы қазақ жерінде орыс тілінің үстем болуы, біздің ой-санамыздың соларға табынуы әлі де жал¬ғасын тауып келе жатыр. Бұл қазақ тілінің аясының тарылуына, дәстүр мен ұлттық тәрбиенің өзгерісіне әкеліп отыр. Қазіргі тәрбиенің барлығы да болашақ ұрпақты ұлттық салт-санаға, дәстүрге қиғаш жолдарды ұстануға құрылған. Сөйтіп, өркениетті елдердің жасығына еліктеп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпына қауіп төндіріп отырмыз. Кейбір саясаткер азаматтарымыз қазақтың әдет-ғұрпының мағынасына, мәнісіне бара бермей, ұлт тәрбиесінің негізін түсінбей, оны ғаламдық тәрбиеге үйлестіруді ойлайды. Бұл — қазақ халқының қалыптасқан ұлттық тәрбиесінің негізін әлсіретеді. Идеология қай қоғамда болсын, оны бекітуге қызмет етеді. Социалистік идеология кешегі коммунистік режимді қалай көтер¬генін, дүние жүзін тітіреткен алып импе¬рияның негізін бекіткенін жақсы білеміз. Сталин өлгеннен кейін Брежнев сияқты солақай басшылар өндіріс өркендесе, астық болса, идеология шешуші рөл атқармайды деп санап, мемлекетті әлсіретіп алды. Аяғы немен біткенін тағы да көрдік. Сондықтан жас мемлекетті идеологиялық жағынан да өркендету әбден қажет. Эконо¬мика болса, қалғандары өзі құралады деп қарау жетімсіз. Оның үстіне бізді қазір жаһан¬дық өзгерістер жан-жақтан қоршап жатыр. Бір жағынан, әлемдік дамудың шеңберінен шығып қалмау, екінші жағынан оның ұлттық сипатымызға жасап жатқан қысымынан өзімізді арашалау – екі жақты үлкен міндет. Жаһандану өзгерісіне бой алдыратындар ең алдымен, жастар. Олар ұлттық дәстүр дегенге онша мән бере бермейді. Сөйтіп, қазақы мінезден біртіндеп алыстап бара жатыр. Қазақ тілін мемлекеттік тіл есебінде орнықтыруға кедергі болып отырғандар да солар. Қазақтың ұлттық әдет-ғұрпын сақ-тамай, әдетімен есептеспей, сыртта не көрсе, соны қайталайтын да солар. Қазір жастардың көшеде, жол үстінде тұрып сүйісетінін жиі көреміз. Біздің заманымызда сүйіспек түгілі, жұрт көзінше қыз бен жігіттің онаша тұруы¬ның өзі ерсі болатын. Өзіміз көріп жүргендей, жастар сезімін жалаңаштап, “ғашықпын, өштім-өлдім”, деп жатады. Шын ғашықтар айғайлап жұртқа жар салатын ба еді? Абайдың “ғашықтың тілі — тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл” дейтіні қайда? Сезімді жасыра білу, ұстамдылық қазаққа тән мінез. Ғаламдық “тәрбие” жастарды осы дәстүрден айырып жатқаны тым өкінішті. Олар жат жұрттардың салтын қабылдап, “Валентин күні” дегенді тауып алып, көшеде жаппай сүйісіп жатқаны. Басқа елдің салтын қабылдауды лайықсыз көргендер “неге біз өзіміздің Баян сұлу күнін тағайындамаймыз” деп күпсінеді. Осының бізге керегі бар ма? “Ғашықтар күні” қазаққа керек пе? Сезіміңді жалаңаштап, жұрт алдына шығудың қажеті бар ма? Осының бәрі жастар арасында жүргізілуге тиісті идеологиялық жұмыстың міндеттеріне кіреді. Ұрпақ қамын ойлаған ата-бабаларымыз балаларын дәстүр сыйлауға, үлкендерге ілтипат жасауға, арын былғамай, өнегелі ортадан тәлім алуға үйреткен. Ұлды дала тіршілігіне, қызды үй ұстауға, ел бірлігін, ошақ бүтіндігін сақтауға баулыған. Қыз намысы дегеннің орны үлкен. Қыз бала отырған жерде абайлап сөйлеу, бейпіл сөз айтпау – оны әдептілікке тәрбиелеу емес пе?! Қыз намысын сақтап, оның адалдықпен жаңа босаға аттауын аналар қатты қадағалаған. Болашақ отбасының тұрақтылығы да қыз арының тазалығымен байланысты саналған. Бүкіл әдебиет, фольклор адал махаббатты, сезім тұрақтылығын бақытты болудың кілті санаған. Қыздың барған жерінен қайтып келуі жай ғана ұят емес, масқара деп есептелген. Сондықтан ата-ана қызын ұзатарда, барған жеріңе “тастай батып, судай сің” деп бата берген. Осындай үлкен тәрбиеден өтіп, ел анасы атанған. Домалақ ана, Қарашаш, кешегі Шоқанның әжесі Айғаным, ел билеген Томирис сұлулық пен әдеміліктің, адалдықтың үлгілері болып ел есінде сақталған. Осы арада белгілі қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтың отбасы туралы да айта кетсек. Сол үйдегі Бақыт апамыздың ерлі-зайыптының арасындағы сыйластықтың үлгісі, айналасы мен отбасының мықты тірегі, көне мен жаңа¬ны жалғастырушы міндетін өз бойына то¬ғыстырып, ұлын – ұяға, қызын қияға қонды¬рып бүкіл елге ана атанып отырғанын көреміз. Ел арасында осы үлгідегі аналар аз емес. Белгілі қоғам қайраткері Қаратай Тұрысов ағамыздың үйіндегі Әскеркүл жеңгеміздің де ұрпақ тәрбиесіне беретін үлесі мол. Талды¬қорған, Алматы облыстарында ұзақ жылдар қызмет атқарған Аймұхамед Мансұров деген ағамыз болды. Мен ол кісіні 1944 жылы Талдықорғанда көрші болып тұрған кезден білемін. Өзі де жайсаң азамат еді, екі облыстың көп аудандарын басқарды, елге де, өкіметке де жақты. Республика көлемінде беделді басшы бола білді. Соның еңбегіне, қызметінің абы¬рой¬лы болуына, балаларының тәрбиесі мен болашақтарына жол сілтей білген, көп бала өсірген Мәкең апайымыздың қазақ әйеліне тән мінез-құлқы кейінгі жас аналарға үлгі етіп ұсынуға әбден лайық. Иә, ер-азамат отбасында сыйлы болса, бала да содан үлгі алады. Қай жер¬де еркек сыйлы болса, сол жердің отбасы тү¬гел, баласы аман, қызы тәрбиелі, дұрыс отбасы қалыптасады. Қазақ халқының дамуында, қалыптасуында осы дәстүрлер идеологияның негізі болып табылады. Әсіресе осы ұлттық идеологияның барлығына тән жері — бала тәрбиесі, соның ішінде қыз тәрбиесі. Олар халықтың үлкен тәрбиелік мәні бар, жолы өрісті, бірі мен бірі жалғасып жататын идеологиясын құрайды. Тіршілік толып жатқан тараулардан тұрады. Солардың ішінде “Жаман қатын” деген ұғым да болған. “Атың жаман болса, сойып құты¬ларсың, қатының жаман болса қайтып құты¬ларсың” деген сөзді қазақтың тағдыры әйел¬дер¬мен байланысты екенін өмір тәжірибесінен алып айтқан. Ағайын арасын біріктіріп, ел намысын қорғап, балаларын соған бағыттап, ерімен тіл тауып одақтасқан әйел ешқашан жаман атанбайды. Осы дәстүр бізге әлі де керек. Елдігімізді, қазақтығымызды сақтау үшін қажет. Бүгінгі жастардың үйленбей жатып айырылысуы көбейгенін көргенде, қыздарды болашақ өмірге дайындау өз деңгейінде еместігінен осы дәстүрлеріміздің әлсіреп кеткенін танимыз. Қазақ дәстүрінде қыз балаға көбірек көңіл бөлген. Өйткені, қыз — өмір көркі, әсемдік, тір¬¬ші¬лік көзі. Халық ұғымы жақсы көріністер¬дің бәрін қызға теңеген. Қазақ халқында қалып¬тасқан қызға берілген анықтама, оларға қойыл¬ған талап-тілектер, қызды еркелету, қызды тәр¬биелеудің үлкен жолға қойылғанын көрсетеді. “Қыз елдің көркі” — дейді халқымыз. Ақын, жазушылар өмір бойы қыздарды жырлап, ару деп ардақтап, болашақ ана деп аялап үлкен құрметпен қараған. Нәзіктік, тапқырлық, ойлылық, сұлулық, адамгер¬шілік, қайырым¬ды¬лық сияқты жақсы мінездерді алдымен қыз бойына дарытуды көздеген. Қызды ардақтаған қазақ басқа шығыс халық¬тарындай, оның бетін бүркелемей, ер балалар¬мен тең ұстаған. Бойжеткенді әсемдіктің, әдеміліктің симво¬лы аққуға теңеп жырлаған ақындар қыздың бойындағы құпия сырды терең түсінген. Өзім қаншама шет елдерде: Англияда, Францияда, Италияда, Әзірбайжан мен Арменияда, Қырғызстанда, Өзбекстанда болып жүргенде қызға деген мұндай құрмет дәл біздегідей емес екенін байқадым. Кез келген жігіттің алдауына түспеу үшін, қыз ең алдымен намысты болу керек, өз намысын қорғай білуі керек. Қыз ба¬лବның махаббатының алдында бас имейтін адам жоқ. Сол кездегі қазақ халқының қыздар¬ға берген беделі қайда кетті? Жаңа қоғам құру¬да қазақ¬тың қалыптасқан идеологиясының кө¬не¬сін жаңартып, дамытып, болашақ ұрпақтың бойы¬на ұлттық идеология тәрбиесін сіңіру мін¬детіміз. Осы айталған мысалдар арқылы қыз баланың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру керек. Бүгінгі қыздардан да біз осы жақсы мінездің көріністерін іздейміз. Біздің өткен жолымызда қателіктер аз болған жоқ. Социализм ерлер мен әйелдерді теңестірді, әйелдердің оқуына, қоғамдық істерге араласуына жол ашты. Бәрі де дұрыс. Қоғамнан өз орнын тапқан, үйде де, түзде де сыйлы апа-сіңілілеріміз, құдайға шүкір, баршылық. Бірақ осыны пайдаланып, үйді ойламай, түзді ойлаумен жүріп, ошақ иесі рөлін әлсіретіп алған әйелдер де жеткілікті. Осындай әйелдердің қыздары да осы жолмен жүре бастады. Тәуелсіз ел болып, ұлттық қазына¬ларымызды жинастыра бастағанда, ұлттық дәстүрімізді аяқасты етуге жол беретін осындай мінездерге қарсы күрес ашу керек емес пе? Олар өзімен кетпей, ұрпаққа да әсерін тигізіп жатыр. Қыздардың болашақта отбасын құруға дайын еместігі, адалдығын сақтамай, жетім, тастанды балаларды көбейтіп жатқаны жа¬сырын емес. Иә, біздің ұлтымыздың дәстүріне жат жезөкшелік, тастанды бала, әке-шешесін сыйламау, дүниеқұмарлық, тек қана өзін күйттеп, сырт жұртқа еліктеген жастарымыз¬дың көбейіп бара жатқаны ойлантады. Соның үлкен бір көрінісі – қазіргі біздің эстрада музыкасы. Бұлай дейтініміз, осы күні қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан әуенін, клас¬сикалық өнерін әлсіретіп, кеудесін, кіндігін ашып киінетін, етегі жырым-жырым әртістер сахнадан жиі көрінетін болды. Осы бір сахна көрінісі бүкіл қазақ жастарын еліктіріп барады. Осыны басқарып жүрген орта буын¬дағы аза¬маттардың өзі халықтың әдет-ғұрпын, дәс¬түрін, елдің көкейкесті ойын түсінбейді. Сон¬дық¬тан, әлі де жоғалып кетпеген ұлттық дәстүріміздегі жақсы мінез-құлықты, отбасының бірлігі мен ағайынның тұтастығы үшін қызмет ететін ақылгөй аналарды дәріптей отырып, қызға ана сүтімен, мектептен бастап тәрбие берілуі керек. Жасыратыны жоқ, өтпелі кезеңде, әйелдер тамақ табу үшін сауда жасауға шығып, отба¬сының бірлігі де, бала тәрбиесі де ананың ойы-нан да, көзінен де тыс қалды. Бұған уақыт, Қа¬зақ¬стандағы уақытша экономикалық дағдарыс кінәлі дейміз. Жоқ, екінші дүниежүзілік соғыс жылдары көрген аналардың қиыншылығы осының қасында қандай еді. Сол аналар Ұлы Отан соғысы кезінде-ақ жігерлі болды, намыс¬ты болды, аузындағы нанын жырып берді. Ал енді қазір біз жезөкшелік, тастанды бала, қыздардың осындай жағдайға жетуін кімнен көреміз? Осының бәрі біздің қоғамдағы идео¬логиялық жұмыстың олқылықтары. Бұл айтылғандардан қыз тәрбиесі, әйелдер арасындағы жұмыс жүрмей жатыр деген ұғым тумайды. Қазақтың қыздар педагогикалық институтында бойжеткендерді болашақ маман болуға тәрбиелеумен қатар, жақсы мінез-құлыққа, отбасылық өмірге үйретуде үлкен істер істеліп жатыр. Қазақтың ақылды, ойлы қызы Шәмша Беркімбаеваның институттағы осы саладағы істерге тікелей мұрындық болып араласып жүргенін байқаймыз. Қыздармен жұмыс онда кездейсоқ шаралармен шектел¬мей, белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізіледі. Онда студент қыздардың әдебиет-өнер, қоғам қайраткерлерімен, ардақты аналармен кездесуі жиі өтеді. Осының бір мысалы ретінде айтатын болсақ, ұлағатты ана Ділда Тасмағанбет келіні ұлттық дәстүр жайында өзінің өмірлік тәжірибесінен жастарға арнап әңгіме өткізді. Қадірлі ананың газет, журнал беттерінен жиі көрінетін мақалалары да жастарға ой салары даусыз. Жастарды адамгершілікке, балажанды¬лыққа баулитын, оларды жан-жақты білімді, мәдениетті болуға, кітап оқуға үйрететін, озық мәдениет үлгілерімен таныстыратын шаралар да институтта жиі өткізіледі. Осындай игі істердің тек бір институтта ғана жүргізілмей, барлық жастар жиналған ортада, оқу орын¬дарында бұқаралық сипат алғанын қалаймыз. Экономикалық қиындықтан өтіп, қазір өркениетті елдердің дәрежесіне қосылуға тырысудамыз, бірақ рухани жағынан біз әлі де өте жұтаңбыз, әдет-ғұрып, салт-сана, ұлттық психологиялық ойдың жетілуіне рухани байлығымыз жетпей жатыр. Тәрбие мәселесіне көп жағдайда көңіл бөлмей, уақыт жетпей, ақша табу керек дей жүріп, біз ұрпағымыздың рухани әлеміне көңіл бөлмеуге айналдық. Рухани байлық – ұлттың тірегі, мемлекеттің тірегі, елдің қалыптасуының тірегі. Қазақ қыздарын сонау атам заманнан қалыптасып келе жатқан дәстүрді бойына сіңіріп, ұлттық рухпен сусындатуымыз керек. Рухани сусындамаған жерде тұрақтылық, сезімталдық болмайды. Кей кезде біз отбасы бірлігін жиі айтамыз. Ажырасу, тастанды баланың көбеюінің барлығы да рухани жұтаңдықтан туады. Біздің қазақ халқында қай ана баласын тастап кеткен, қай ана баласын босағаға байлап кеткен? Ендеше, біз болашақ аналардың бойына рухани байлықты тәрбие арқылы сіңіруіміз керек. Қазақ қыздарының сымбаты, ақындар жырлаған “ботакөз”, “қиғаш қас”, “алма мойын”, “қыпша бел” — осының барлығы қыздарға берілетін рухани азық болуы керек. Қыздың сұлулығы арқылы, қыздың мүсінін дәріптеу арқылы, болашақ ұрпақтың бойында: “Сондай болсам екен-ау” – деген рухани ұрық себілуге тиіс. Қазақ топырағында, қазақ отбасында тәрбиеленген қыз өрескел мінез көрсетпей, болашақ ұрпақтың анасы болуға тырысады. Адам бойындағы бүкіл адамгершілік қасиет анадан тарайды, ана елге тоқтау айтады. Бүгінгі қыз ертеңгі ана. Биыл Президент жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлт¬тық комиссия бұрынғы жұмыстарын қо¬рытын¬ды¬лап, атын өзгертіп, құрамын толықтырды. Қазір ол Пре¬зидент жанын¬дағы Отбасы және гендер¬лік саясат жөніндегі ұлттық комиссия деп аталады. Бұл ұйымның (төрайымы белгілі қоғам қайраткері Айткүл Самақо¬ва) қоғамдағы әйел¬дердің рөлін көтеруде атқарып жү𬬬¬ген жұмысы ұлан-ғайыр. Кешегі бір өтпелі кезеңде, шаруа¬шы¬лық күйзеліске ұшыраған, аналар зейнет-ақысын уа¬қытында ала алмай, отбасын асырау салмағы әйелдерге түскен тұста, олар қазақ әйелдеріне демеу көрсетті. Ақыл-кеңесімен де, жекелеген отбасыларына нақты көмегімен де, әйелдерді іске тартып, тір¬ші¬лікке араластыруға жәрдемге келді. Әйелдерді қоғамдық істерге, кәсіпкерлікке баулуда, ел экономикасын көтеруге қатыс¬тыруда көп жұмыс атқарды, әлі де атқарып келеді. Ша¬ғын және орта бизнесті дамыту өркениетті елдерде экономикалық тұрақты¬лықтың кепілі болса, біз де соған қол жеткізе бастадық. Әзір¬¬ше, бұл салаларда әйелдер көп емес. Бі¬рақ өсіп келеді. Әсіресе білім, ғылым сала¬сын¬да жаңа талапқа сай тұжырымдар мен оқу¬лықтар жазу, білім беру жүйесін қалып¬тасыруда әйелдердің қосып жатқан үлесі мол. Ұлттық комиссия жыл сайын әр түрлі көрмелер (іскер әйелдер еңбегінің, білім дамуының, жаңа технологияны игерудің, өнер қайраткерлері шығармаларының) ұйым¬дастырып, конкурстар өткізуге қатысып, бизнеспен шұғылдануға ынталы адамдарды қолдауда. Қазір комиссия осы бағыттағы жұмыстарын жалғастырып, Елбасының болашақта Қазақстанды дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосу жөніндегі бағдарламасына сәйкес жүргізілетін жаңа шараларды белгілеуде. Соған орай оның міндет ауқымы да кеңейді. Былтырғы және биылғы Жолдауларында Елбасы әлеуметтік саланы көтеруге, қарт адамдардың зейнетақысын, тұрмысы нашар отбасыларға жәрдемақысын, мұғалімдер мен дәрігерлердің, қатардағы жұмысшылардың еңбекақысын, студенттердің стипендиясын көбейтуге көп көңіл бөлді. Осының бәрі – тәуелсіз еліміздің аяғынан тұра бастағанының белгісі. Жасыратыны жоқ, бұл жағынан біз көршілес елдердің бәрінен де ілгері тұрмыз. Тіпті кешегі өзіміз бағынып, өзіміз қызмет жасаған Ресей қазіргі жағдайда біраз мәселені шешу жағынан бізден сабақ алып жатыр. Осыған әйелдер қауымының қосқан үлесі де аз емес. Рас, әйелдер қауымында ылғи басшылық¬қа қарай ұмтылатын мінез бар. “Әкімшілікте, Үкіметте, Парламентте әйелдер аз” деп ай¬тып жатады. Мен оны желеу сөз деп ұғы¬намын. Білім беру саласында — 90%, денсау¬лық сақтау саласында 80%-ға жуық әйелдер қызмет жасайды. Бұл – үлкен күш. Ендеше, осы екі саладағы туындап отырған күрделі мәсе¬лелерді шешуге осы әйелдер жауапты емес пе? Әркім өз орнында, өз еңбегімен отанын нығайтуға қызмет етсе, соның өзі бақыт. Солардың ішінен “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” шығып, басшы қызметтерге ұсынылып жатуы да заңды. Оның үстіне әйелдердің мойнында отбасы бірлігін ұйым¬дастыру, бала тәрбиесі сияқты жауапты мін¬деттер тұр. Жақсылық пен жамандық отба¬сында берген тәрбиеден шығады. Жауапсыз еркек, безбүйрек әйел, маскүнем болып анадан туатын ешкім жоқ. Бәрі де адам бойында тәрбиемен байланысты дами¬ды. Бұл – ұрпақтың болашағын ойлау деген сөз. Бізде қазір жетім балалар көбейді. Балалар үйлері жетіспейді. Бұрын қазақта осындай үйлер болып па еді? Көрші Өзбекстанда ондай үйлер әлі де аз. Өзбек отбасылары жетім балаларды асырап алып, өз балаларына қосып, кішкентай кезінен еңбекке, табыс табуға үйретеді. Егемендік алуымызбен байланысты мемлекетіміздің белгілі қайраткерлері, көненің көзін көрген, елі жайлы ащы болса да шындықты айтып, ұлтының рухани идеологиясының көп мәселелерін қозғап жүрген азаматтар баршылық. Бірақ олардың қолдау таппай жүргені ешкімге жасырын емес. Депутаттардың кейбіреулері өзінің жеке басының тіршілігін тұрақтандыру үшін күресуден аса алмай келеді. Әйтпесе, тастанды балалардың шет елдерге асып, елді есірткі жайлап бара жатқаны, арақ есеңгі¬реткен жандар мәселесі неге жеткіліксіз көтеріледі. Кейде ұлттық идеология ерек¬шелігін, елдің тарихын, тағдырын түсінетін адамдардың аз да болса, барлығына шүкір¬шілік етесің. Ертең олар кеткен кезде, орнын жаңа қазақ басса, біздің ұлтымыздың тағдыры не күйге ұшырайды деген қор¬қыныш та бар. Қазақ жерінің радиациялық аймағында туған кембағал балалардың көптігі, олардың тағдыры жайында кім не ойлайды? Ұлт намысын арқалаған зиялы қауым, Парламент мүшелері, қалталы азаматтар осы балаларды асырап алып, отбасындағы өз балаларымен қоса тәрбиелеуді неге ойланбайды, осы арқылы халыққа неге үлгі-өнеге көрсетпеске. Жетім балаға жылы әкелік алақан, аналық мейірім керек қой. Ол да ел азаматы болып өседі. Біздің шетелге кетіп жатқан балалардың қарғысы кімнің мойнында. Иә, әйелдің ат үстінде көбірек жүруі, оған өзге бала түгілі, өз баласының тәрбиесіне көңіл бөлуге мұрша бермейді. Жесірін сыртқа жібермей, жетімін телміртпеген қазақ бұл күнде жоққа тән. Бақылаудың жоқтығынан балалар қаңғыбас, қыздары жезөкше болып жатыр. Туу азайды. Бұрын бала тууды жоспарламай, Алланың бергенін қабылдай беретін қазақ әйелдері бүгінде бір-екеуден артық сәби сүймейтін болды. Мемлекетіміздің іргетасының нығаюы, экономиканың тұрақтылығы, демографиялық мәселелердің шешілуі мен ұлттық идео¬логияны дамытуда аналардың қосатын үлесі ұлан-ғайыр. Авторы: Әлия БЕЙСЕНОВА, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Пікірлер саны: 3

  1. жарас 23-Желтоқсан, 2011, 12:48 дп

    тема жазылған рефератка кажетті материялдар алуга болады

  2. маржан 31-Қаңтар, 2012, 1:37 пп

    ДӘСТҮР МЕН ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ — ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗІ
    22-Тамыз, 2010 | 1 рет оқылған

    Қазақстан сияқты тәуелсіздігін жаңа алған жас елге идеология әбден керек және ең алдымен, ол мемлекеттің ұлттық сипатына, тәуелсіздігіне қызмет етуге тиіс. Ұлттық идеология дегеніміз — халықтың, бүкіл елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, санасын ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру ар¬қылы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ережесі, ол сол халықтың тілін, ділін, мемлекетін қалыптастыруға қызмет етеді. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байла¬нысты ерекшеліктері бо¬лады. Мысалы, Қазақ-станның ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ға¬сырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық, ерлік дәстүрді тудырған. Отанын сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне кірген. Ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай туған. Осыны болашақ ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлттық идеология қалыптастырған. Сондықтан да халқымызды азаматтыққа, батырлыққа, шешендікке, көрегендікке тәрбиелеу де ұлттық идеологияның міндеті. Біздің билеріміз, жырауларымыз жырлап, үлгі тұтқан әділеттілік те халықтың шынайы қасиеті. Қазақ – ұлттық дәстүр дегенге ерекше мән беретін халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз. Солардан қолдау тілеп жатамыз. “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген мақалды да жиі қол¬данамыз. Ал, осы дәстүр дегеніміздің өзі не? Меніңше, ол – халықтың ұзақ өмірінде қалыптасып, сұрыпталған жақсы қасиеттер¬дің тұтас бітімі, көзқарасы, түсінігі, шын¬дықты тану өрнегі. Дәстүрге халықтың әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді. Олар жинақтала келіп, ұлттық белгілерді анықтайды, ұлттық сипатты танытады. Әрине, өмір бір қалпында тұрмайды, жаңарып, жалғасып жатады. Соған байланысты ой-сана, ұғым-түсінік, талғам жаңарады. Жаңарып, өзгеріп жатқан қоғам, қоғамдық қатынастар дәстүрге белгілі дә¬режеде әсер етеді. Оны өзгертуге, әлемдік көз-қарастардың ырқына бағындыруға тыры¬сады. Әр халықтың бойында жаңаны қабыл¬дау қасиетімен бірге кертартпалық та болады. Осы кертартпалық, ең алдымен, дәстүрге қатысты. Біз жаңаны қабылдай тұрып, ескі әдетті, мінез-құлықты, яғни дәстүрді сақтауға тырысамыз. Ұлттың ұлттылығын сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін тұрақтандырып, ол үшін күресу қажеттігі де осыдан туады. Қазақ мемлекетінің ұлттық идеологиясы да, менің ойымша, халқымыздың осындай жолмен қалыптасқан әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтап дамытуға, осы жолда жаңа заман ұсынып отырған қажеттіктерді өз сараптауымыздан өткізе отырып, қабылдауға құрылуы керек. Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Ол да дәстүрге кіреді. Қазақ хал¬қы адам санының аздығына қарамастан, Еуразияның дәл орталығында ұлан-байтақ жерді иемденген. Осының негізінде отан¬шылдық, елін қорғау жолындағы ерлік істері жатыр. Кең даланы мекендеген халық жауласса – найза ұстайтын батыр, дауласса – сөзден жеңілмейтін шешен болған. Халықтың осы мінезін заманы, өмір сүрген ортасы туғызған, ол жақсы дәстүрге айналып жалғасқан. Сол кең байтақ даланы мекен¬деген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауыр¬малдық, қонақжайлылық қалыптасқан. Қал¬тасына бір құрт салмай, ұзақ жолға шығып, жолшыбай түскен ауыл адамдары оны танымаса да құдасындай күткен. Жердің кеңдігі мен шаруашылығын, кәсібін даралайтын ерекшеліктердің бәрі де ғасырлар бойы сұрыпталып дәстүрге кірген. Менің ойымша, осы дәстүрлер халықтың идеологиясының негізі болып табылады. Ендеше, қазақтың ғасырлар бойы жинақтаған осы жақсы дәстүрлерін сақтау керек. Оны жаңарта отырып, негізін бекіту қажет. Жасыратыны жоқ, ғасырлар бойы қазақ жерінде орыс тілінің үстем болуы, біздің ой-санамыздың соларға табынуы әлі де жал¬ғасын тауып келе жатыр. Бұл қазақ тілінің аясының тарылуына, дәстүр мен ұлттық тәрбиенің өзгерісіне әкеліп отыр. Қазіргі тәрбиенің барлығы да болашақ ұрпақты ұлттық салт-санаға, дәстүрге қиғаш жолдарды ұстануға құрылған. Сөйтіп, өркениетті елдердің жасығына еліктеп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпына қауіп төндіріп отырмыз. Кейбір саясаткер азаматтарымыз қазақтың әдет-ғұрпының мағынасына, мәнісіне бара бермей, ұлт тәрбиесінің негізін түсінбей, оны ғаламдық тәрбиеге үйлестіруді ойлайды. Бұл — қазақ халқының қалыптасқан ұлттық тәрбиесінің негізін әлсіретеді. Идеология қай қоғамда болсын, оны бекітуге қызмет етеді. Социалистік идеология кешегі коммунистік режимді қалай көтер¬генін, дүние жүзін тітіреткен алып импе¬рияның негізін бекіткенін жақсы білеміз. Сталин өлгеннен кейін Брежнев сияқты солақай басшылар өндіріс өркендесе, астық болса, идеология шешуші рөл атқармайды деп санап, мемлекетті әлсіретіп алды. Аяғы немен біткенін тағы да көрдік. Сондықтан жас мемлекетті идеологиялық жағынан да өркендету әбден қажет. Эконо¬мика болса, қалғандары өзі құралады деп қарау жетімсіз. Оның үстіне бізді қазір жаһан¬дық өзгерістер жан-жақтан қоршап жатыр. Бір жағынан, әлемдік дамудың шеңберінен шығып қалмау, екінші жағынан оның ұлттық сипатымызға жасап жатқан қысымынан өзімізді арашалау – екі жақты үлкен міндет. Жаһандану өзгерісіне бой алдыратындар ең алдымен, жастар. Олар ұлттық дәстүр дегенге онша мән бере бермейді. Сөйтіп, қазақы мінезден біртіндеп алыстап бара жатыр. Қазақ тілін мемлекеттік тіл есебінде орнықтыруға кедергі болып отырғандар да солар. Қазақтың ұлттық әдет-ғұрпын сақ-тамай, әдетімен есептеспей, сыртта не көрсе, соны қайталайтын да солар. Қазір жастардың көшеде, жол үстінде тұрып сүйісетінін жиі көреміз. Біздің заманымызда сүйіспек түгілі, жұрт көзінше қыз бен жігіттің онаша тұруы¬ның өзі ерсі болатын. Өзіміз көріп жүргендей, жастар сезімін жалаңаштап, “ғашықпын, өштім-өлдім”, деп жатады. Шын ғашықтар айғайлап жұртқа жар салатын ба еді? Абайдың “ғашықтың тілі — тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл” дейтіні қайда? Сезімді жасыра білу, ұстамдылық қазаққа тән мінез. Ғаламдық “тәрбие” жастарды осы дәстүрден айырып жатқаны тым өкінішті. Олар жат жұрттардың салтын қабылдап, “Валентин күні” дегенді тауып алып, көшеде жаппай сүйісіп жатқаны. Басқа елдің салтын қабылдауды лайықсыз көргендер “неге біз өзіміздің Баян сұлу күнін тағайындамаймыз” деп күпсінеді. Осының бізге керегі бар ма? “Ғашықтар күні” қазаққа керек пе? Сезіміңді жалаңаштап, жұрт алдына шығудың қажеті бар ма? Осының бәрі жастар арасында жүргізілуге тиісті идеологиялық жұмыстың міндеттеріне кіреді. Ұрпақ қамын ойлаған ата-бабаларымыз балаларын дәстүр сыйлауға, үлкендерге ілтипат жасауға, арын былғамай, өнегелі ортадан тәлім алуға үйреткен. Ұлды дала тіршілігіне, қызды үй ұстауға, ел бірлігін, ошақ бүтіндігін сақтауға баулыған. Қыз намысы дегеннің орны үлкен. Қыз бала отырған жерде абайлап сөйлеу, бейпіл сөз айтпау – оны әдептілікке тәрбиелеу емес пе?! Қыз намысын сақтап, оның адалдықпен жаңа босаға аттауын аналар қатты қадағалаған. Болашақ отбасының тұрақтылығы да қыз арының тазалығымен байланысты саналған. Бүкіл әдебиет, фольклор адал махаббатты, сезім тұрақтылығын бақытты болудың кілті санаған. Қыздың барған жерінен қайтып келуі жай ғана ұят емес, масқара деп есептелген. Сондықтан ата-ана қызын ұзатарда, барған жеріңе “тастай батып, судай сің” деп бата берген. Осындай үлкен тәрбиеден өтіп, ел анасы атанған. Домалақ ана, Қарашаш, кешегі Шоқанның әжесі Айғаным, ел билеген Томирис сұлулық пен әдеміліктің, адалдықтың үлгілері болып ел есінде сақталған. Осы арада белгілі қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтың отбасы туралы да айта кетсек. Сол үйдегі Бақыт апамыздың ерлі-зайыптының арасындағы сыйластықтың үлгісі, айналасы мен отбасының мықты тірегі, көне мен жаңа¬ны жалғастырушы міндетін өз бойына то¬ғыстырып, ұлын – ұяға, қызын қияға қонды¬рып бүкіл елге ана атанып отырғанын көреміз. Ел арасында осы үлгідегі аналар аз емес. Белгілі қоғам қайраткері Қаратай Тұрысов ағамыздың үйіндегі Әскеркүл жеңгеміздің де ұрпақ тәрбиесіне беретін үлесі мол. Талды¬қорған, Алматы облыстарында ұзақ жылдар қызмет атқарған Аймұхамед Мансұров деген ағамыз болды. Мен ол кісіні 1944 жылы Талдықорғанда көрші болып тұрған кезден білемін. Өзі де жайсаң азамат еді, екі облыстың көп аудандарын басқарды, елге де, өкіметке де жақты. Республика көлемінде беделді басшы бола білді. Соның еңбегіне, қызметінің абы¬рой¬лы болуына, балаларының тәрбиесі мен болашақтарына жол сілтей білген, көп бала өсірген Мәкең апайымыздың қазақ әйеліне тән мінез-құлқы кейінгі жас аналарға үлгі етіп ұсынуға әбден лайық. Иә, ер-азамат отбасында сыйлы болса, бала да содан үлгі алады. Қай жер¬де еркек сыйлы болса, сол жердің отбасы тү¬гел, баласы аман, қызы тәрбиелі, дұрыс отбасы қалыптасады. Қазақ халқының дамуында, қалыптасуында осы дәстүрлер идеологияның негізі болып табылады. Әсіресе осы ұлттық идеологияның барлығына тән жері — бала тәрбиесі, соның ішінде қыз тәрбиесі. Олар халықтың үлкен тәрбиелік мәні бар, жолы өрісті, бірі мен бірі жалғасып жататын идеологиясын құрайды. Тіршілік толып жатқан тараулардан тұрады. Солардың ішінде “Жаман қатын” деген ұғым да болған. “Атың жаман болса, сойып құты¬ларсың, қатының жаман болса қайтып құты¬ларсың” деген сөзді қазақтың тағдыры әйел¬дер¬мен байланысты екенін өмір тәжірибесінен алып айтқан. Ағайын арасын біріктіріп, ел намысын қорғап, балаларын соған бағыттап, ерімен тіл тауып одақтасқан әйел ешқашан жаман атанбайды. Осы дәстүр бізге әлі де керек. Елдігімізді, қазақтығымызды сақтау үшін қажет. Бүгінгі жастардың үйленбей жатып айырылысуы көбейгенін көргенде, қыздарды болашақ өмірге дайындау өз деңгейінде еместігінен осы дәстүрлеріміздің әлсіреп кеткенін танимыз. Қазақ дәстүрінде қыз балаға көбірек көңіл бөлген. Өйткені, қыз — өмір көркі, әсемдік, тір¬¬ші¬лік көзі. Халық ұғымы жақсы көріністер¬дің бәрін қызға теңеген. Қазақ халқында қалып¬тасқан қызға берілген анықтама, оларға қойыл¬ған талап-тілектер, қызды еркелету, қызды тәр¬биелеудің үлкен жолға қойылғанын көрсетеді. “Қыз елдің көркі” — дейді халқымыз. Ақын, жазушылар өмір бойы қыздарды жырлап, ару деп ардақтап, болашақ ана деп аялап үлкен құрметпен қараған. Нәзіктік, тапқырлық, ойлылық, сұлулық, адамгер¬шілік, қайырым¬ды¬лық сияқты жақсы мінездерді алдымен қыз бойына дарытуды көздеген. Қызды ардақтаған қазақ басқа шығыс халық¬тарындай, оның бетін бүркелемей, ер балалар¬мен тең ұстаған. Бойжеткенді әсемдіктің, әдеміліктің симво¬лы аққуға теңеп жырлаған ақындар қыздың бойындағы құпия сырды терең түсінген. Өзім қаншама шет елдерде: Англияда, Францияда, Италияда, Әзірбайжан мен Арменияда, Қырғызстанда, Өзбекстанда болып жүргенде қызға деген мұндай құрмет дәл біздегідей емес екенін байқадым. Кез келген жігіттің алдауына түспеу үшін, қыз ең алдымен намысты болу керек, өз намысын қорғай білуі керек. Қыз ба¬лବның махаббатының алдында бас имейтін адам жоқ. Сол кездегі қазақ халқының қыздар¬ға берген беделі қайда кетті? Жаңа қоғам құру¬да қазақ¬тың қалыптасқан идеологиясының кө¬не¬сін жаңартып, дамытып, болашақ ұрпақтың бойы¬на ұлттық идеология тәрбиесін сіңіру мін¬детіміз. Осы айталған мысалдар арқылы қыз баланың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру керек. Бүгінгі қыздардан да біз осы жақсы мінездің көріністерін іздейміз. Біздің өткен жолымызда қателіктер аз болған жоқ. Социализм ерлер мен әйелдерді теңестірді, әйелдердің оқуына, қоғамдық істерге араласуына жол ашты. Бәрі де дұрыс. Қоғамнан өз орнын тапқан, үйде де, түзде де сыйлы апа-сіңілілеріміз, құдайға шүкір, баршылық. Бірақ осыны пайдаланып, үйді ойламай, түзді ойлаумен жүріп, ошақ иесі рөлін әлсіретіп алған әйелдер де жеткілікті. Осындай әйелдердің қыздары да осы жолмен жүре бастады. Тәуелсіз ел болып, ұлттық қазына¬ларымызды жинастыра бастағанда, ұлттық дәстүрімізді аяқасты етуге жол беретін осындай мінездерге қарсы күрес ашу керек емес пе? Олар өзімен кетпей, ұрпаққа да әсерін тигізіп жатыр. Қыздардың болашақта отбасын құруға дайын еместігі, адалдығын сақтамай, жетім, тастанды балаларды көбейтіп жатқаны жа¬сырын емес. Иә, біздің ұлтымыздың дәстүріне жат жезөкшелік, тастанды бала, әке-шешесін сыйламау, дүниеқұмарлық, тек қана өзін күйттеп, сырт жұртқа еліктеген жастарымыз¬дың көбейіп бара жатқаны ойлантады. Соның үлкен бір көрінісі – қазіргі біздің эстрада музыкасы. Бұлай дейтініміз, осы күні қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан әуенін, клас¬сикалық өнерін әлсіретіп, кеудесін, кіндігін ашып киінетін, етегі жырым-жырым әртістер сахнадан жиі көрінетін болды. Осы бір сахна көрінісі бүкіл қазақ жастарын еліктіріп барады. Осыны басқарып жүрген орта буын¬дағы аза¬маттардың өзі халықтың әдет-ғұрпын, дәс¬түрін, елдің көкейкесті ойын түсінбейді. Сон¬дық¬тан, әлі де жоғалып кетпеген ұлттық дәстүріміздегі жақсы мінез-құлықты, отбасының бірлігі мен ағайынның тұтастығы үшін қызмет ететін ақылгөй аналарды дәріптей отырып, қызға ана сүтімен, мектептен бастап тәрбие берілуі керек. Жасыратыны жоқ, өтпелі кезеңде, әйелдер тамақ табу үшін сауда жасауға шығып, отба¬сының бірлігі де, бала тәрбиесі де ананың ойы-нан да, көзінен де тыс қалды. Бұған уақыт, Қа¬зақ¬стандағы уақытша экономикалық дағдарыс кінәлі дейміз. Жоқ, екінші дүниежүзілік соғыс жылдары көрген аналардың қиыншылығы осының қасында қандай еді. Сол аналар Ұлы Отан соғысы кезінде-ақ жігерлі болды, намыс¬ты болды, аузындағы нанын жырып берді. Ал енді қазір біз жезөкшелік, тастанды бала, қыздардың осындай жағдайға жетуін кімнен көреміз? Осының бәрі біздің қоғамдағы идео¬логиялық жұмыстың олқылықтары. Бұл айтылғандардан қыз тәрбиесі, әйелдер арасындағы жұмыс жүрмей жатыр деген ұғым тумайды. Қазақтың қыздар педагогикалық институтында бойжеткендерді болашақ маман болуға тәрбиелеумен қатар, жақсы мінез-құлыққа, отбасылық өмірге үйретуде үлкен істер істеліп жатыр. Қазақтың ақылды, ойлы қызы Шәмша Беркімбаеваның институттағы осы саладағы істерге тікелей мұрындық болып араласып жүргенін байқаймыз. Қыздармен жұмыс онда кездейсоқ шаралармен шектел¬мей, белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізіледі. Онда студент қыздардың әдебиет-өнер, қоғам қайраткерлерімен, ардақты аналармен кездесуі жиі өтеді. Осының бір мысалы ретінде айтатын болсақ, ұлағатты ана Ділда Тасмағанбет келіні ұлттық дәстүр жайында өзінің өмірлік тәжірибесінен жастарға арнап әңгіме өткізді. Қадірлі ананың газет, журнал беттерінен жиі көрінетін мақалалары да жастарға ой салары даусыз. Жастарды адамгершілікке, балажанды¬лыққа баулитын, оларды жан-жақты білімді, мәдениетті болуға, кітап оқуға үйрететін, озық мәдениет үлгілерімен таныстыратын шаралар да институтта жиі өткізіледі. Осындай игі істердің тек бір институтта ғана жүргізілмей, барлық жастар жиналған ортада, оқу орын¬дарында бұқаралық сипат алғанын қалаймыз. Экономикалық қиындықтан өтіп, қазір өркениетті елдердің дәрежесіне қосылуға тырысудамыз, бірақ рухани жағынан біз әлі де өте жұтаңбыз, әдет-ғұрып, салт-сана, ұлттық психологиялық ойдың жетілуіне рухани байлығымыз жетпей жатыр. Тәрбие мәселесіне көп жағдайда көңіл бөлмей, уақыт жетпей, ақша табу керек дей жүріп, біз ұрпағымыздың рухани әлеміне көңіл бөлмеуге айналдық. Рухани байлық – ұлттың тірегі, мемлекеттің тірегі, елдің қалыптасуының тірегі. Қазақ қыздарын сонау атам заманнан қалыптасып келе жатқан дәстүрді бойына сіңіріп, ұлттық рухпен сусындатуымыз керек. Рухани сусындамаған жерде тұрақтылық, сезімталдық болмайды. Кей кезде біз отбасы бірлігін жиі айтамыз. Ажырасу, тастанды баланың көбеюінің барлығы да рухани жұтаңдықтан туады. Біздің қазақ халқында қай ана баласын тастап кеткен, қай ана баласын босағаға байлап кеткен? Ендеше, біз болашақ аналардың бойына рухани байлықты тәрбие арқылы сіңіруіміз керек. Қазақ қыздарының сымбаты, ақындар жырлаған “ботакөз”, “қиғаш қас”, “алма мойын”, “қыпша бел” — осының барлығы қыздарға берілетін рухани азық болуы керек. Қыздың сұлулығы арқылы, қыздың мүсінін дәріптеу арқылы, болашақ ұрпақтың бойында: “Сондай болсам екен-ау” – деген рухани ұрық себілуге тиіс. Қазақ топырағында, қазақ отбасында тәрбиеленген қыз өрескел мінез көрсетпей, болашақ ұрпақтың анасы болуға тырысады. Адам бойындағы бүкіл адамгершілік қасиет анадан тарайды, ана елге тоқтау айтады. Бүгінгі қыз ертеңгі ана. Биыл Президент жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлт¬тық комиссия бұрынғы жұмыстарын қо¬рытын¬ды¬лап, атын өзгертіп, құрамын толықтырды. Қазір ол Пре¬зидент жанын¬дағы Отбасы және гендер¬лік саясат жөніндегі ұлттық комиссия деп аталады. Бұл ұйымның (төрайымы белгілі қоғам қайраткері Айткүл Самақо¬ва) қоғамдағы әйел¬дердің рөлін көтеруде атқарып жү𬬬¬ген жұмысы ұлан-ғайыр. Кешегі бір өтпелі кезеңде, шаруа¬шы¬лық күйзеліске ұшыраған, аналар зейнет-ақысын уа¬қытында ала алмай, отбасын асырау салмағы әйелдерге түскен тұста, олар қазақ әйелдеріне демеу көрсетті. Ақыл-кеңесімен де, жекелеген отбасыларына нақты көмегімен де, әйелдерді іске тартып, тір¬ші¬лікке араластыруға жәрдемге келді. Әйелдерді қоғамдық істерге, кәсіпкерлікке баулуда, ел экономикасын көтеруге қатыс¬тыруда көп жұмыс атқарды, әлі де атқарып келеді. Ша¬ғын және орта бизнесті дамыту өркениетті елдерде экономикалық тұрақты¬лықтың кепілі болса, біз де соған қол жеткізе бастадық. Әзір¬¬ше, бұл салаларда әйелдер көп емес. Бі¬рақ өсіп келеді. Әсіресе білім, ғылым сала¬сын¬да жаңа талапқа сай тұжырымдар мен оқу¬лықтар жазу, білім беру жүйесін қалып¬тасыруда әйелдердің қосып жатқан үлесі мол. Ұлттық комиссия жыл сайын әр түрлі көрмелер (іскер әйелдер еңбегінің, білім дамуының, жаңа технологияны игерудің, өнер қайраткерлері шығармаларының) ұйым¬дастырып, конкурстар өткізуге қатысып, бизнеспен шұғылдануға ынталы адамдарды қолдауда. Қазір комиссия осы бағыттағы жұмыстарын жалғастырып, Елбасының болашақта Қазақстанды дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосу жөніндегі бағдарламасына сәйкес жүргізілетін жаңа шараларды белгілеуде. Соған орай оның міндет ауқымы да кеңейді. Былтырғы және биылғы Жолдауларында Елбасы әлеуметтік саланы көтеруге, қарт адамдардың зейнетақысын, тұрмысы нашар отбасыларға жәрдемақысын, мұғалімдер мен дәрігерлердің, қатардағы жұмысшылардың еңбекақысын, студенттердің стипендиясын көбейтуге көп көңіл бөлді. Осының бәрі – тәуелсіз еліміздің аяғынан тұра бастағанының белгісі. Жасыратыны жоқ, бұл жағынан біз көршілес елдердің бәрінен де ілгері тұрмыз. Тіпті кешегі өзіміз бағынып, өзіміз қызмет жасаған Ресей қазіргі жағдайда біраз мәселені шешу жағынан бізден сабақ алып жатыр. Осыған әйелдер қауымының қосқан үлесі де аз емес. Рас, әйелдер қауымында ылғи басшылық¬қа қарай ұмтылатын мінез бар. “Әкімшілікте, Үкіметте, Парламентте әйелдер аз” деп ай¬тып жатады. Мен оны желеу сөз деп ұғы¬намын. Білім беру саласында — 90%, денсау¬лық сақтау саласында 80%-ға жуық әйелдер қызмет жасайды. Бұл – үлкен күш. Ендеше, осы екі саладағы туындап отырған күрделі мәсе¬лелерді шешуге осы әйелдер жауапты емес пе? Әркім өз орнында, өз еңбегімен отанын нығайтуға қызмет етсе, соның өзі бақыт. Солардың ішінен “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” шығып, басшы қызметтерге ұсынылып жатуы да заңды. Оның үстіне әйелдердің мойнында отбасы бірлігін ұйым¬дастыру, бала тәрбиесі сияқты жауапты мін¬деттер тұр. Жақсылық пен жамандық отба¬сында берген тәрбиеден шығады. Жауапсыз еркек, безбүйрек әйел, маскүнем болып анадан туатын ешкім жоқ. Бәрі де адам бойында тәрбиемен байланысты дами¬ды. Бұл – ұрпақтың болашағын ойлау деген сөз. Бізде қазір жетім балалар көбейді. Балалар үйлері жетіспейді. Бұрын қазақта осындай үйлер болып па еді? Көрші Өзбекстанда ондай үйлер әлі де аз. Өзбек отбасылары жетім балаларды асырап алып, өз балаларына қосып, кішкентай кезінен еңбекке, табыс табуға үйретеді. Егемендік алуымызбен байланысты мемлекетіміздің белгілі қайраткерлері, көненің көзін көрген, елі жайлы ащы болса да шындықты айтып, ұлтының рухани идеологиясының көп мәселелерін қозғап жүрген азаматтар баршылық. Бірақ олардың қолдау таппай жүргені ешкімге жасырын емес. Депутаттардың кейбіреулері өзінің жеке басының тіршілігін тұрақтандыру үшін күресуден аса алмай келеді. Әйтпесе, тастанды балалардың шет елдерге асып, елді есірткі жайлап бара жатқаны, арақ есеңгі¬реткен жандар мәселесі неге жеткіліксіз көтеріледі. Кейде ұлттық идеология ерек¬шелігін, елдің тарихын, тағдырын түсінетін адамдардың аз да болса, барлығына шүкір¬шілік етесің. Ертең олар кеткен кезде, орнын жаңа қазақ басса, біздің ұлтымыздың тағдыры не күйге ұшырайды деген қор¬қыныш та бар. Қазақ жерінің радиациялық аймағында туған кембағал балалардың көптігі, олардың тағдыры жайында кім не ойлайды? Ұлт намысын арқалаған зиялы қауым, Парламент мүшелері, қалталы азаматтар осы балаларды асырап алып, отбасындағы өз балаларымен қоса тәрбиелеуді неге ойланбайды, осы арқылы халыққа неге үлгі-өнеге көрсетпеске. Жетім балаға жылы әкелік алақан, аналық мейірім керек қой. Ол да ел азаматы болып өседі. Біздің шетелге кетіп жатқан балалардың қарғысы кімнің мойнында. Иә, әйелдің ат үстінде көбірек жүруі, оған өзге бала түгілі, өз баласының тәрбиесіне көңіл бөлуге мұрша бермейді. Жесірін сыртқа жібермей, жетімін телміртпеген қазақ бұл күнде жоққа тән. Бақылаудың жоқтығынан балалар қаңғыбас, қыздары жезөкше болып жатыр. Туу азайды. Бұрын бала тууды жоспарламай, Алланың бергенін қабылдай беретін қазақ әйелдері бүгінде бір-екеуден артық сәби сүймейтін болды. Мемлекетіміздің іргетасының нығаюы, экономиканың тұрақтылығы, демографиялық мәселелердің шешілуі мен ұлттық идео¬логияны дамытуда аналардың қосатын үлесі ұлан-ғайыр. Авторы: Әлия БЕЙСЕНОВА, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиг

  3. Замира 9-Ақпан, 2012, 12:58 дп

    Меніңше, өте орынды қозғалған тақырып. Көтерген мәселелер де еліміз үшін маңызды орын алады. Бірақ өкінішке орай айтылған сөзден нәтиже шығу өте қиын болатын секілді.

Пікір жазу