• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » 2017 » Ноябрь

    Месячные архивы: Ноябрь 2017

    Алаш кезеңіндегі ұлттық идея және дін

    Қазіргі діни, саяси ахуалдың күрделі кезеңінде Алаш зиялылары ұстанған мемлекетшілдік, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптеу, дін бірлігі идеялары өзектілігін жойған жоқ Азаттықтың алтын бесігі болған Алматы шаһарының Ұлттық кітапханасында қалалық Дін істері басқармасы және «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алаш Орда»: ұлттық идея және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға ҰҒА академигі Хангелді Әбжанов, өнертану ғылымының докторы Шайзада Тоқтабаева, ...

    Толығырақ »

    Ақын Сараның портреті

    Бір кездері «Біржан-Сара» айтысы болған ба?» – деген сұрақтан басталған даудың соңы «ақын Сараның өзі өмірде болған тұлға ма, әлде қиялдан туған образ ба?» дегенге дейін жеткені мәлім. Айтыстың болған, болмағаны жайлы талас-тартыс әлі де соңғы шешімін айта қойды дей алмайсыз. Ал, Сараның өмірде болғаны жайлы күмәнге орын жоқ. Нақтырақ деректерге сүйенсек, Сара Тастанбекқызының туғанына 2018 жылы 140 жыл толады. ...

    Толығырақ »

    Өнерінде өткеннің ізі жатыр…

    Ұшар басын бұлт шалған Алатаудың баурайына ақшаңқан киіз үй тігілген. Айналасы алқызыл гүлге оранған қазақы үйдің маңына бұрымды қыз-келіншектер жиналып, сауық-сайран құрып отырғандай. Ал анау шеттегі ақ кимешекті қос бәйбіше салмақты әңгіменің тиегін ағытқанға ұқсайды. Бұл қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш суретші Айша Ғалымбаеваның «Киіз үй жанында» атты картинасындағы көрініс. Өмір бойы қолынан қылқаламы түспеген суретші Айша Ғалымбаева әртүрлі жанрларда ...

    Толығырақ »

    Абайды қайта тану хақында…

    Біз Абайды қаншалық танып жүрміз? Шынымен Абайды танып болдық па? Біз білетін Абай мен біз білмейтін Абайдың арасы қаншалық? Абай Семейдегі Ахмет Риза медіреседе оқыды. Ол оқу орны Шығыстану әлемінде қомақты еңбектер жазған Шахабауддин Бахауиддинұлы Маржанидің (1818-1889) бағытын ұстанды. Жәдишілер дін ислам ілімімен қатар математика, химия, жаратылыстану, қоғамтану, жағырафия т.б дүниелік білімдерді игере отырып, дінді ғылым дәрежесіне көтерді, сөйтіп Алланың ...

    Толығырақ »

    Музыка археологы

    Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтынын айтқан болатын. Міне, аталған сабақ та бүгінгі ұрпақтың қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығымен таныс болып, ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге ...

    Толығырақ »

    Жанкүшік – Алашорда съезінің делегаты

    Наурыз айының соңғы күндерінде Алматыға барған сапарымда Ұлттық кітапханадан біздің Қазалыдан Алашорда съездеріне қатысқан адамдар туралы дерек іздестіргенім бар. 1929 жылға дейін Қазалы уезд орталығы болған. Уезге Сексеуіл мен Түркістан аймағы түгел қарайтындықтан, көпшілігі таныс емес есімдер болып шықты. Мен өзіме таныс үш кісіні ғана аңғардым. Бірі – кезінде Қазақстанның ауыр өнеркәсіп наркомы болған қазалылық Меңдібұлла Күзембаев. Екіншісі – Алдасүгір ...

    Толығырақ »

    «Қазақтың қолөнері» квест сабағы

    №83 мектептің 5 сынып оқушыларына қазақтың ұлттық қолөнері туралы сабақ өткізілді. Сабақты ұйымдастырушы Гүлжанат Ахметқалиева оқушыларға қолөнер жайында түрлі мағлұмат беріп, шеберліктің қыр-сырымен таныстырды. Қазақтың ұлттық қолөнері халқымыздың ата – бабадан ұрпаққа жеткен шеберлігі, ұсталығы, ісмерлігі. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес ...

    Толығырақ »

    Кітап – білім бұлағы

     Кітап – байлық, қазына дейміз. Бұған ешқандай шүбә келтіруге болмайды.  Қазір заман басқа. Технология қарыштап даму үстінде. Компьютерлендіру кең қанат жайған. Ғаламтор қызықтарына кенеліп жатырмыз. Әлеуметтік желілер әлемді құрсап алған. Дегенмен, осындай өзгерістерге қарамастан кітаптың құны түсті деп айта алмаймыз. Ол қандай заманда да мәнін жоймауы тиіс. Кітап – ізгілікке, жақсылыққа бастайтын жол. Кітап арқылы сана-сезіміңді түзейсің. Жақсы-жаманды айырасың. Өмірді, ...

    Толығырақ »

    Музыка археологы

    Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың тұңғыш аспаптанушы ғалымы, музыкатанушы, этнограф Болат Сарыбаевтың 90 жылдығына арналған музейлік квест сабағы өтті. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтынын айтқан болатын. Міне, аталған сабақ та бүгінгі ұрпақтың ...

    Толығырақ »