Басты бет » 2017 » Қазан

Месячные архивы: Қазан 2017

«Адырна» қоры — байқау жеңімпазы

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қазақстанның ҮЕҰ АРО ұлттық жүйесінің» ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: азаматтық сектордың әлеуметтік бастамалары мен жобалары» атты үздік әлеуметтік жобалар байқауы өткен болатын. Бірнеше жеңімпаздармен бірге «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұсынған жобасы үздіктер санатынан көрініп, арнайы дипломмен және бағалы силықтармен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша үздік әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі және дөңгелек үстел, ҮЕҰ арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.     Нұрлан ...

Толығырақ »

Сыбызғы сыныбы жолға қойылды

«Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет қайраткері, өнертану ғылымдарының кандидаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Талғат Мұқышевтың «Сыбызғы үйрену мектебі» атты кітабы жарық көрді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті Домбыра кафедрасының профессоры, Қа­зақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері Біләл Ысқақовтың ай­туын­ша, бәсекеге қабілетті ма­ман­дар даярлау үшін, оқу жүйе­сі­не лайықты оқулықтар мен оқу құ­рал­дары ...

Толығырақ »

Қазақы қоңыр дауысымен қытайларды тәнті еткен қандасымыздың әні

Қытай Халық Республикасында жыл сайын өтіп тұратын «Аз ұлттардың дәстүрлі әндер байқауында» өзінің қазақы қоңыр дауысымен «Қайда екен?» әнін шырқаған Байболат Нұрболатұлы көрермендермен қоса қытай әділқазыларының да таңдайын қақтырып, қазақ әніне тамсандырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Әннің мәтінін қытайлық ақын қандасымыз Түселхан Әбеуұлы жазған, әуенін әнші Байболат Нұрболатұлы өзі шығарған екен. Бұл бейне-әнді facebook желісіне Amankeldi Baiken есімді желі қолданушысы жүктеген екен. ...

Толығырақ »

Ықылас музейінің қорына Ақан Серінің домбырасы табысталды

   Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің концерт залында «Ақан сері домбырасы музей сахнасында» атты дәстүрлі концерт өтті. Қазақ мәдениеті мен өнерінің «Алтын ғасыры» аталған кезең ХІХ ғасыр – аты қазаққа мәшһүр Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди, Естай сынды өнер майталмандарын дүниеге келтірді. Соның ішінде Арқа сал-серілік өнері дегенде есімдері бірінші болып аталатын – Ақан сері ...

Толығырақ »

Қазақтың тұрмыстық бұйымдары

2017 жылғы 19 қазанда Ұлттық музейдің Этнография залында Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақтың тұрмыстық бұйымдары» танымдық квест сабағы өтті. Сабаққа Астана қаласындағы №83 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушылары қатысып,тұрмыстық бұйымдар туралы жан-жақты ақпарат алды. Ата-бабаларымыздың тұрмысы мен дәстүрлі мәдениетіне, қазақ халқының сан ғасырлық тарихына куә болған қасиетті, киелі қара шаңырақ – киіз үй және оның ішкі-сыртқы жабдықтарымен танысып, арнайы ...

Толығырақ »

Маңғыстауда қазақтың үш биіне ескерткіш қойылды

Биыл Маңғыстау жеріндегі «Отпан» тарихи-мәдени кешеніне — 10 жыл. Осыған орай, облыс көлемінде мерекелік шаралар ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үш жүздің төбе билері» атты монумент кешені ашылып, ғылыми-практикалық конференция, қолөнер шеберлерінің республикалық көрме-жәрмеңкесі мен ұлттық ойындардың жарысы ұйымдастырылды. Елбасы мақаласында «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың ...

Толығырақ »

Қораға айналған мазар

Аңғарып зерделеген адамға бұл жерде көптеген кесенелер мен күмбездер болғанын білуге болады. Өкінішке қарай, сол тарихи ескерткіштер жайылымдағы жылқының қорасына айналған. Олардың арасында Болған ана мазары да тұр.  Бұл мазар және онда рухы мәңгі сая тапқан ана туралы нақты дерек те, аңыз да көп айтылған, жазылған. Орыс саяхатшысы Николай Рычковтың 1771 жылы жазуынша, одан кейін Шо­қан Уәлихановтың, Ақселеу Сейдім­беков­тің, Бақтияр ...

Толығырақ »

Қырғыз тарихшысы Б.Солтоноевтың Кенесары хан туралы жазбалары

Түгелдей дерлік, тарихшы-зертеушілер, өз еңбектерінде Қырғыз тарихшысы Белек Солтоноевтың (1878-1938) еңбектерін пайдаланып, сілтемелер жасайды. Осы белгігілі тұлғаның, Кенесары хан туралы жазбаларына тоқтала кетсек. Белек Солтоноев — Қырғыздың атақты тарихшы, әдебиетшісі. Қырғыз тарихына арнап жазған белгілі еңбегін араб әріпімен 1895 жылдан бастап, 1934 жылы (40 жылдай уақыт) аяқтаған екен. Өзі, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, атылып кеткен, 1955-жылы ақталған. Б.Солтоноев Еңбегі басында ...

Толығырақ »

Кейбір молдалар дәстүрге неге қарсы?

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Соның бір жарқын үлгісі — бүгінгі «Ел-шежіре» қоры ұйымдастырған бас мүфти Ержан Малғажыұлының «Дін мен дәстүр 2» кітабының тұсаукесері мен «Халық мұрасы» атты дәстүрлі музыкалық концерті. Дөңгелек үстелде әдебиеттанушы Даңдай Ысқақ, ақын Аманхан Әлімұлы, мәдениеттанушы Қали Сәлсенбай, дінтанушы Алау Әділбаев тәрізді зиялы қауым өкілдері жақсы пікірлерін ...

Толығырақ »