• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » 2017 » Август

    Месячные архивы: Август 2017

    Автокеруенге 44 миллион теңге қаржы қарастырылған

    Қазыбек би бабамыздың туғанына – 350 жыл толуына орай «Қаздауысты Қазыбек би жолымен: бабаларға тағзым!» атты халықаралық автокеруен жолға шыққаны мұқым елге белгілі. Автокеруеннің мақсаты – Қаздауысты Қазыбек бидің рухына тағзым ету, сапар кезінде қала және елді мекендерде мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, бидің өмірі мен мемлекеттік саяси қызметін халық арасында кеңінен насихаттау. Автокеруен Егіндібұлақ селосы – Қарқаралы қаласы – Ботақара кенті ...

    Толығырақ »

    Қыздарға әсемдік жарасады

    Қазақ әйелдері ежелден киімнің тәуірін киіп, әшекейдің асылын таққан. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдары сәндік үшін, бой түзеп, сән-салтанатпен жүруі үшін ғана қызмет етіп қоймай, сондай-ақ ізін қуған сіңлілері мен қыздарына мұра болып асыл қазынадай сақталған. Бұнымен қоса әшекей бұйымдарды тағудың да өзіндік тәрбиелік мәні мен маңызы бар. Қыз бала 4-5 жасынан бастап-ақ сәнмен бой түзеп, қолына бала білезіктер, құлағына сырға, ...

    Толығырақ »

    «Айша бибі» шипажайы: дертке – дауа, жанға – тыныс

    Сарыағаш курорттық аймағында ем алуды көптен бері армандаған жайымыз бар еді. Бұл ниетіміз «Айша бибі» шипажайының қасиетті Рамазан айының күндеріне сәйкес келіпті. Біз де көрмей-білмей тұрып-ақ шипажайдың «Айша бибі» деп аталуы ықыласымызды аударды. Кейінгі жылдары елімізде келіссе де, келіспесе де шетелдік атауларға үйірсектегіш, еліктегіш, өзіміздің төл дүниемізді місе тұтпай, жаттың бәрін керемет көретін дертке шалдықтық. Ал мына мекеменің атауы қазақша ...

    Толығырақ »

    Цирк сахнасында – «Ер Төстік»

    2017 жылдың 22 шілде мен 20 тамыз аралығында Қазақ мемлекеттік циркі ересектер мен балаларды «Ер Төстік» атты қазақтың халық ертегісінің желісінде қойылған жаңа бағдарламасына шақырады.   Жауыз күшке ізгілік қарсы тұрып, жақсылық салтанат құрады және Ер Төстіктің шынайы махаббаты жауыздықты тоқтатады. Ер Төстіктің оқиғалары цирк өнерінің тілімен сахналанған. Ертегі барысында батырдың жолында сан алуан сиқырлы да тылсым күшке ие, қара ...

    Толығырақ »

    Абай музейі: Әйгерімнің қобдишасы табылды

    Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі тағы да бір құнды жәдігермен толықты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап. Абай ауданының тумасы, зейнеткер А.Доланбеков Абайдың екінші әйелі Әйгерімнің қобдишасын музей қорына тапсырды. Қобдишаны кезінде Әйгерім Бәтет Әзімханқызына сыйлаған. Сыйлықтың иесі Бәтет – руы Жігітек, Бөжей ұрпағы. Айдар Кенжетілеуұлының айтуы бойынша, Бәтет Әзімханқызы Ырғызбай ауылына келін болып түседі. Бұрынғының салты бойынша, ағайын-туыс ...

    Толығырақ »

    Берелден табылған «Алтын адам» әйел болуы мүмкін

    Тағы бір Алтын адамның табылуы бүгінгі күннің басты жаңалығы болды. ҚР Ұлттық музейі «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барған болатын. Аталған сапар барысында Катонқарағай ауданындағы Берел қорымына жүргізіліп жатқан қазба жұмысына арнайы бас сұғып, олжа табылған оңтайлы сәтке куә болыпты. Қазынаны көзбен көрген Берік Әбдіғалиұлы бірден халықтан сүйінші сұрап, тың жаңалықпен «жар салып» бөлісуді ...

    Толығырақ »